Жұмыспен қамту:
Біздің алдымызда тұрған мақсаттардың бірі – халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру мен жұмыссыздықтың алдын алу.
2016 жылы 12 рет ауқымды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 1 мың 307 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 1 мың 175 жұмыс орындары, оның ішінде 530 тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 48 адамға 116 млн. 700 мың теңге несие берілді.
Әр азаматқа көлемі 6 млн.теңгеге дейін берілетін шағын несие бойынша республикалық бюджеттен 115 млн. теңге бөлініп, қаламызда 26 азамат шағын несиеге қол жеткізді.
104 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жыл басында белгіленген көрсеткіш 4,8 пайыз болса, жыл қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады.
2016 жылы «Тәуелсіздік шапағаты» қайырымдылық айлығы аясында 2 мың 750 тұрмысы төмен отбасына 34 млн.теңгенің қайырымдылық көмектері көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |