Ардақты ағайын!
Өткенге көз жүгіртпей, болашақты бағамдау мүмкін емес.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тұрмыс тұралап, әлеуетіміз әлсіреген тұста «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұстанымы нық Елбасы жанына топтаса отырып, ел болып жоғары жетістіктерге қол жеткіздік.
Оның айқын айғағын Тәуелсіздік алған 25 жылда, бір ғана біздің өңірдің жетістігінен-ақ аңғаруға болады.
Елбасының кезекті Жолдауы Қазақстанның дамуына жаңа мүмкіндіктер мен еліміздің жарқын болашағына бағытталған ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсімнің орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |