Ақсуат ауылдық округіндегі 6 көшені жөндеуге 87 млн. теңге, Тасбөгет кентіндегі 2 көшені күрделі жөндеуге 96 млн. теңге бөлінді.
Жергілікті жерде жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жүйелендіруде Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесі (қалалық бюджеттен 20 млн. 649 мың теңге) құрылды.
Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын үй кварталында, «Бәйтерек» мөлтек ауданында салынатын 600 орындық мектептердің, 280 орындық 2 балабақша құрылысының жоба сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 52 млн. 582 мың теңге бөлінді.
Қаламыздағы 160 пәтерлік және 50 пәтерлік арендалық тұрғын үй құрылысының жоба сметалық құжаттарын дайындауға, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға 37 млн. теңге қаралды.
Қала тұрғындарын жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті жер телімдерімен қамтамасыз етуге, қалалық бюджеттен бөлінген 49 млн. 776 мың теңгеге «Бәйтерек» мөлтек ауданынан 820 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде.
Ардақты ағайын!
Біздің бұл кездесуіміз тек санға сүйенген есептен ғана тұрмайды. Әр санның артында мыңдаған адамның еңбегі, қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсаты тұр.
Жыл көлемінде атқарылған әрбір істің әділ сыншысы, адал ниетті қолдаушысы болып, осындай кездесулерге жиналуларыңыздың өзі Сіздердің қаланың дамуына, өмір сапасының жақсаруына мүдделі екендеріңізді білдіреді.
Қызылорда - келешегі кемел үлкен шаһар. Бұл бізге зор мақтанышпен қатар үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Бұған сәйкес, біздің ауқымды жобаларымыз бен жүйелі жоспарларымыз да жеткілікті. Айналып келгенде Қызылорданың бүгіні де, болашағы да өз қолымызда.
Қазақтың бір туар ардақты тұлғасы, халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың: «Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды», - деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, бір жылдық белесімізді бағалап, көп жылдық келешегімізге бағытталған ауқымды тірліктерді бірге жүзеге асыруға, Қызылорданың бүгінін биік, келешегін кемел ету жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырамын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Баяндама аяқталды, ендігі кезекті сұрақтарға берейік.
Ұсыныс-пікір айтам деушілер болса, ортаға арнайы микрофондар қойылған.
Сауалдарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.
Достарыңызбен бөлісу: |