Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл – адами капиталы.
Қаламызда жыл сайын денсаулық сақтау нысандарының саны көбеюде.
Аймақ басшысының қолдауымен Тасбөгет кентінде 6 млрд. 900 млн. теңгеге 200 орындық облыстық балалар ауруханасы, Талсуат ауылдық округінде 300 орындық жүйке аурулары интернаты пайдалануға берілді.
Абай ауылында, республикалық бюджеттен бөлінген 88 млн. теңгеге дәрігерлік амбулаторияның ғимараты салынды.
Денсаулық сақтау саласына көрсетілген осындай қолдаулардың нәтижесінде 2015 жылмен салыстырғанда ана өлімі 88,4 пайызға, бала өлімі 5,9 пайызға төмендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |