Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша барлығы 24,5 шақырым болатын 80 көшеге қалалық бюджеттен 82,9 млн. теңге бөлінді;
Орташа жол жөндеу жұмыстары бойынша 68,5 шақырымды құрайтын 91 көшеге республикалық және жергілікті бюджеттерден барлығы 1694,0 млн. теңге бөлінді;
Қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын 2 көшеге облыстық бюджеттен 301,7 млн. теңге бөлінді;
Көше құрылысы бойынша жалпы ұзындығы 6,0 шақырымды құрайтын 1 көшеге облыстық бюджеттен 2088,4 млн. теңге қаржы бөлінді;
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 20 млн. теңге бөлініп, Ақсуат, Талсуат, Қызылжарма ауылдық округтерінде 7 көше жөнделді, Ақжарма, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Қызылөзек ауылдық округтерінде 4 көше жарықтандырылды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 88 млн. теңгеге Сұлтан Бейбарыс көшесінен Әбілхайырхан көшесіне дейінгі аралықта, Сырдария өзенінің бойынан ұзындығы 7 шақырымды құрайтын «Тәуелсіздік» даңғылы ашылды.
Мұнда, барлық стандарттарға сәйкес жарық бағаналары, аялдамалар, 7 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы мен арнайы веложолақ қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |