"Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясыжыл басынан бері екі рет ұйымдастырылып, қайырымды азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1 мың 500 отбасына көмек берілді.
Бұл игілікті шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.
*******
Бүгінде, қала бойынша жер кезегінде тұрған азаматтардың саны 50 мыңнан асты.
Осы өзекті мәселені шешу мақсатында, аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен «Бәйтерек» мөлтек ауданынан 6 мың 600 азаматқа жер телімдері табысталды.
«Бәйтерек» тұрғын ауданында ауыз су, газ, жол, жарық мәселелері толық шешімін тапқан.
Бұл жұмыстарға Ұлттық қордан, облыстық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінді.
Республика бойынша мұндай ірі көлемде толық инженерлік-инфрақұрылымымен тұрғын үй үшін жер телімдерін табыстап отырған бірден бір аймақ – бұл біздің өңір!
*******
Мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді.
Былтырғы оқу жылында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тасбөгет кентінде 300 орындық жаңа мектеп, қала орталығынан 280 бүлдіршінге арналған балабақша пайдалануға берілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 6 мектеп, 1 балабақша, «Сырдария» тынығу лагері күрделі жөндеуден өтті.
Қала мектептері жаңа оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
Білім саласына бөлінген қаржы көлемі 2015 жылы - 13 млрд. 361 млн. теңге болса, 2016 жылы - 17 млрд. 998 млн. теңгені құрап, қала бюджетінің үштен бір бөлігі білім саласын дамытуға бағытталды.
2016 жылы қаламызда мектепті 1 мың 894 оқушы бітіріп, 1 мың 427 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 31 оқушы «Алтын белгі», 73 түлек «Үздік аттестат» иелері атанды.
9 оқушы халықаралық ғылыми жоба жүлдегері атанып, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспай грант иегері болды.
Өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Қызылорда облысы үздік бестіктен көрінді.
Мектепке дейінгі тәрбие беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Қала бойынша 26 мемлекеттік, 206 жеке балабақшалар мен 32 мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс жасайды.
Қаламыздағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндеріміздің балабақшамен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |