Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
Кез келген кӛркем туынды тектен-тек жазылмайды.
Шығарманың
ӛзіндік жазылу тарихы, түрлі себебі болады. Мәлік Отарбаевтың «Шамнан
ұшқан шағала» әңгімесінің де ӛзіндік жазылу тарихы бар. Оны автор былай
баяндайды:
«Мен бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде еңбек
еттім. Сонда босқындардың жағдайын зерттеп, Сириядан келгендер
паналаған лагерьлерде болдым. Сол кезде кішкентай қыз қасыма келіп,
пиджагымды тартып, көмек сұрады. Маған түсініксіз тілде сөйледі.
Басынан сипап, барынша мейірімімді төккім келді. Лагерьден шыға сала осы
әңгімені жазуға ұйғардым. Шыны керек, қаршадай ғана қыз арқылы әлемдік
трагедия болған Сириядағы жағдайды көпшілікке жеткізгім келді».
Мәлік Отарбаевтың «Шамнан ұшқан шағала»
әңгімесінде негізінен
тағдыр тәлкегіне түскен босқындар жайы сӛз болады. Туынды кестелі сӛзбен
ӛрнектеле отырып, шымыр жазылған. Қазақ әдебиетінде аз жазылып,
сирек
кӛтерілетін тақырыптағы шығарма тек қазақстандық басылымдарда ғана
емес, түркиялық, әзірбайжандық басылымдарда жарияланған.
Бұл автордың
жазушылық шеберлігінің, шығармада кӛтерген мәселесінің тек қазақ қоғамы
мен мемлекеті үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін ӛзектілігінің дәлелі.
Кӛркем шығарма тек бір тақырып пен идеяны қамтымайды. Шын
мәнінде туындының негізгі тақырыбы мен идеясының тӛңірегінде кӛптеген
ой мен мән топтасып жатады. Мәселен,
автор Тӛлеген образы арқылы
шығармада
мейірімділік, жақсылық жасауға құштарлық сынды адам
бойындағы ізгі қасиеттерді насихаттайды.