ШҚО әкімі Б.Сапарбаевтың баяндама тезистері
Құрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!
2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң серпін байқалады.
2013 жылда облыстың ішкі жалпы өңірлік өнімі 2012 жылғы деңгейге 6% өсіммен 2 трлн. теңге көлемінде болжанып отыр. Облыстың бір тұрғынына 9,2 мың АҚШ доллары келеді.
Өткен жылы орташа еңбекақы 6% өсті, инфляция деңгейі 4,5% төмендеді.
Металлургия өнеркәсібінде 101,9% табиғи көлем индексімен 453,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, машина жасауда өндіріс көлемі 1,4 есеге өсіп, 191,3 млрд. теңге құрады, табиғи көлем индексі - 142%.
Жеңіл өнеркәсіп, химия, фармацевтика өнеркәсіптері өнімдерінің өндірістері мен құрылыс материалдары өндірістерінің көлемдері артты.
Саланың тұрақты жұмысы іске асырылып жатқан Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», «Өнімділік 2020» және «Экспорттаушы 2020» және т.б. бағдарламалардың аясында мүмкін болып отыр.
Жалпы алғанда облыстың инвестициялық портфелінің құны 658,2 млрд. теңге құрайтын Индустрияландыру картасының 61 жобасын ұсынады, оның ішінде іске асырылғаны 37 инвестициялық жоба. 8 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.
Пайдалануға енгізілген 37 объектінің жиырма бірі 50 -ден 100%-ға дейінгі қуаттылыққа, екеуі 30-дан 50%-ға, он екісі 30%-ға дейін қуаттылықа шықты.
Шығарылған өнімдер өндірісінің көлемі 95 млрд.теңге құрады, бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі шамамен 1 млрд. теңге құрады.
Жыл бойында жергілікті тауар өндірушілер республикалық және өңірлік деңгейлерде өткен 25 көрмеге қатысты. Облыс кәсіпорындары бизнес орталардың 48 делегациясын қабылдады, оның ішінде Германиядан, Қытайдан, Ресейден, Оңтүстік Кореядан, Мысырдан, Чехиядан, Франциядан, Венгриядан және АҚШ –тан.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен жергілікті 90 млрд.теңгеден астам сомаға келісім-шарттар жасасты, бұл 2012 жылғы деңгейден 2 есе артық, жергілікті қамту 67% құрады.
3 жыл ішінде жеткізілген өнім көлемі 3,2 есеге артты, оның ішінде «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамынан жеткізілген өнім көлемі - 5 есе, «Кегок» акционерлік қоғамынан - 3,6 есе, «КАЗАТОМПРОМ» акционерлік қоғамынан - 3 есе, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамынан - 2,6 есе, «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамынан - 2,3 есе, «Самұрық - Энерго» акционерлік қоғамынан - 45 есеге артты.
«Инвестициялар. Инновациялар. Бизнес» атты өңірлік форум өткізілді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық белсенді кәсіпорындар саны 11% өседі деп күтілуде. Инновациялық өнімдер өндірісінің көлемі 15%-ға артпақ.
Өңірдің индустриалдық- инновациялық инфрақұрылымының белсенді іс-әрекеттегі элементтерінің бірі –тау кен-металлургия жабдықтарының Конструкторлық бюросы болып табылады. Кәсіпорын конструкторлық-технологиялық құжаттамалардың 58 түрін әзірлеп, 55 үлгі-нұсқалар мен бұйымдар дайындап шығарды.
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер мониторингі 230 млрд. теңгені құрайтын болады, оның ішінде жергілікті қамту 55% деңгейде қалыптасты немесе 2012 жылғы деңгейге 68% өсіммен 126 млрд. теңге құрады.
Облыста шағын және орта бизнес табысты дамуда, онда облыстың экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бір бөлігі қамтылған. 2013 жыл ішінде 11,5% өсіммен 536,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, жұмыстар орындалды және қызметтер көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдаудың бүгінгі таңдағы ең тиімді және сұранысқа ие, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында ең танымал түрі болып отыр.
Қазіргі уақытта Бағдарлама бойынша қолдау шараларымен 500-ден астам кәсіпкерлер қамтылған.
14,4 млрд.теңге сомаға несиелерді субсидиялау бойынша 204 келісім жасалды. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету бойынша 16,9 млрд.теңге сомаға несиелер бойынша 26 келісімге қол қойылды. 30 млн. теңгеге 9 грант берілді.
Сервистік қолдауға 20,4 млн. теңге бағытталды, өткен жылы 314 бизнес субъектісіне 2 мың сервистік қызмет көрсетілді.
Өткен жылы Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск қалаларында кәсіпкерлерді қолдау және оларға қызмет көрсетуге арналған 6 орталық құрылып, 7,6 мың қызмет көрсетілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 24,9% өсіммен 296,3 млрд.теңгеге жетті. Табиғи көлем индексі - 108,4%.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде құны 7,7 млрд. теңге құрайтын 95 инвестициялық жоба іске асырылды, 735 қосымша жұмыс орындары құрылды.
Бюджеттен мал шаруашылығын дамыту және қолдауға 5,7 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығына 4,9 млрд.теңге бөлінді.
Егіс алқаптары бір жыл ішінде 76,7 мың га немесе 6,3%-ға ұлғайды және 1294,3 мың га құрады. Оның ішінде, жемшөп және майлы дақылдардың егістік алқабы 63 мың га артты. Өнімділігі жоғары рапс сияқты дақылдар егістігі 22 %-ға артты.
371 мың га жерге ылғалүнемдеуші технология енгізілді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 6,6% -ға артық.
Астық түсімі шамамен 1 млн. тонна көлемде алынды, бұл 1,4 есеге артық, бір гектардан орташа өнімділік - 15,8 центнер құрайды.
Күнбағыстың майлы дәнінің өндірісі бір жыл ішінде 16,6%-ға өсті (308,8 мың тонна), шығымдылық - бір гектардан 8,1 центнер).
Картоптың жалпы түсімі 12,2%-ға, көкөністер - 3,3%-ға өсіп, сәйкесінше 442 мың тонна және 226,7 мың тонна құрады.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша еттің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру аясында 2013 жылы 6,4 мың бас ірі қара мал сатып алынды.
4,9 мың мал басына арналған 20 бордақылау алаңы құрылды. 1150 мал басы ұсталатын 4 сүт-тауар фермалары қайтадан жаңартылды.
Ірі қара мал басы саны 2%-ға өсті, ет өндіру 3,1%-ға (231,2 мың тонна), сүт- 2,4%-ға (757 мың тонна) артты.
Ұсақ мал басының өсуіне «Жайлау» бағдарламасының іске асырылуы ықпалын тигізді. 2009 жылдан бері аталған бағдарлама бойынша 552,9 млн. теңгеге 20,5 мың бас қой сатып алынды.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 жылғы деңгейге 13,1% өсіммен 301,1 млрд. теңге құрады.
Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты орта есеппен алғанда -23%, қарыз қаражат – 9,6%, шетелдік инвестициялар - 3%, меншік қаражаты – 64,4% құрайды.
291,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл 2012 жылғы деңгейден 19,4% жоғары.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының аясында 17 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде Өскемен қаласында -9, Семей қаласында -2, Риддерде -3 үй және Ұлан, Зайсан және Шемонаиха аудандарында бір бірден.
78 жеке тұрғын үй салынды және сатып алынды, оның ішінде Өскемен қаласында -36, Көкпекті ауданында -10, Катонқарағай ауданында -4, Тарбағатай – 10, Жарма ауданында - 6, Шемонаиха – 11, Ұлан ауданында -1 жеке тұрғын үй.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 2012 жылға 16,3% өсіммен 137,5 млрд. теңге құрады.
6,7 млрд. кВт сағ. электр энергиясы өндірілді, желіге жіберілгені 6,3 млрд. кВт сағ. Тұтыну 8,2 млрд. кВт сағ. құраған, яғни энергия тапшылығы 1,5 млрд. кВт сағ. құрады (2012 жылы тапшылық - 2,2 млрд. кВт сағ. құраған).
Энергия тапшылығын төмендетудің негізгі факторларының бірі – жаңа қуаттар енгізу, сонымен бірге іс-әрекеттегі қуаттарды жаңғырту болып табылады: Согра ЖЭО-ның турбогенераторын қайта жаңалау, Өскемен ЖЭО-ның салқындату тұйық жүйесін кеңейту, Өскемен СЭС-нің блогін жаңғырту жүргізілді. Шығындар сомасы 7,3 млрд. теңге құрайды.
Жаңғыртылмалы энергия ресурстарын қолданатын суэлектрстанцияларында электр қуатын өндіру үлесі жалпы өндіріс көлемінің 60% астамын құрайды.
Энергетика саласында Ертіс өзеніндегі «Бұлақ ГЭС-і құрылысы» және «Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы», шағын ГЭС, жел және күн электрстанциялары сияқты ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға дайындық жұмыстары жалғастырылуда.
2013-2014 жылдардың жылыту маусымына дайындалуға 12%-ға өсіммен 21,7 млрд. теңге бағытталды.
Семей қаласында қазіргі жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңарту және жаңғыртуға, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерін дайындауға 7,9 млрд. теңге бағытталды, бұл қысқа дайындалуға бөлінген жалпы қаржы көлемінің 36%.
Жылыту маусымының басталуына облыстың барлық жылу көздерінде қажетті отын қоры қамтамасыз етілді, 746 қазандық, 1222,5 км жылумен қамту желілері, 4181,2 км сумен қамтамасыз ету және су бұру желілері толық көлемде дайындалды.
Тұрғын үй иелерін қолдау үшін үшінші жыл тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту жобасы іске асырылуда.
2011-2013 жылдарғы кезеңде жөнделген тұрғын үй иелерінің қаражат қайтаруы орта есеппен алғанда 85% құрайды.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 39 жобаға 9,3 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 27 нысан пайдалануға берілді.
Облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етілу 84%, ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 64% құрады.
Жол жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 17,1 млрд. теңге құрады.
2013 жылы жергілікті маңызы бар 18,3 км жолға қайта жаңарту жүргізілді, 154,4 км жол күрделі және орташа жөндеумен қамтылды, Зырян және Күршім аудандарында 3 көпірге күрделі жөндеу жасалды, Өскемен қаласында жаяу көпір қайта жөндеуден өтті.
Қалбатау – Семей, Бахты –Таскескен, Өскемен –Зырян- Рахман қайнарлары автожолдарын жөндеу жалғастырылуда.
Қалааралық және халықаралық бағыттарға терминал және интернет арқылы төлем карточкасымен билетті электрондық сату жүйесі енгізілді. Бүгінгі күні әрбір төртінші жолаушы осы жүйемен билет сатып алуда.
Қалааралық бағыттарды қамтитын 27 автобусқа GPS жүйесі орнатылды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жеті теміржол вокзалын (Белағаш, Жарма, Коршуново, Ермаковка, Семей, Зырян және Серебрянка) күрделі жөндеуден өткізді.
«Астана-Семей» жол қатынасында жүйрік жолаушы пойызы іске қосылды, «Астана – Өскемен» және «Алматы – Өскемен» жол қатынастарында да жүйрік жолаушы пойызын іске қосу жоспарлануда.
Бір жылда облыс ішіндегі тұрақты авиабағыттарда 10,5 % өсіммен 11,5 мың жолаушы тасымалданды. Әлеуметтік маңызы бар «Өскемен - Зайсан», «Өскемен – Семей - Үржар» авиабағыттарына субцидия беруге облыс бюджетінен 146,5 млн. теңге немесе 2012 жылғыдан 5,8% артық қаражат бөлінді. «Өскемен-Риддер» және «Өскемен-Зырян» әлеуметтік маңызы бар темір жол бағыттарын субсидиялауға 271,6 млн. теңге бағытталды.
Қоршаған ортаны қорғау саласында экологиялық жағдайды тұрақтандыру және жақсарту жұмыстары жүргізілуде.
2013 жылы табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруға 6 миллиард теңге бөлінді. Курчатов, Зайсан қалаларында және Тарбағатай ауданында кәріз желілерін және тазалау құрылғыларын салу, Өскемен қаласында (Аблакетка кентінде) Ертіс өзені арқылы өтетін кәріз дюкерін қайта жаңарту жұмыстары орындалды. Өскемен қаласында тазалау құрылғылары, Аягөз қаласы, Үржар ауданының Үржар ауылы мен Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында қатты тұрмыстық қалдық қоймаларын салу жұмыстары орындалды.
Республикада бірінші болып құрылған өңірлік өндірістік экологиялық мониторинг автоматтандырылған ақпарат жүйесі (РАИСПЭМ) жұмыс істеуде, ол атмосфералық ауа сапасының жағдайын жедел түрде бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Облыс орталығының тұрғын аймағы аумағында анықталған үш радиактивтік ластау ошағы жойылды.
Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шаралар атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың жалпы көлемін бір миллион теңге жалпы өңірлік өнімге 200 кг-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді.
4,6 мың га жерде орманды қалпына келтіру жұмыстары орындалды. Облыстың елді мекендерінде 196 мың ағаш пен бұта отырғызылды, 126 мың шаршы метр жерге гүлзар салынды.
Елді мекендерді көркейту жөнінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде облыс бойынша 5,8 мың км көше мен жол, 906 гектар саябақ аумақтары, алаңдар, көппәтерлі тұрғын үйлердің 22,9 мың аула аумақтары тазаланды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін бөлінген 489 орын қанағаттанарлық жағдайға келтірілді, 447 рұқсатсыз жасалған қоқыс үйінділері жойылды. 250,5 мың ағаш көшеттері мен бұта отырғызылды, 52,5 мың шаршы метр жерге гүлзар салынды.
Облыстың су объектілерінде ластану индексі және сапа сыныбы көрсеткіштері бойынша жер үсті сулары сапасының тұрақтану барысы жалғасуда.
«Жасыл экономика – стратегиялық даму бағыты» Орман және Экология форумдары өткізілді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингіне кіретін қаржы институттарымен бірлесіп, «Жасыл» экономика, қайта қалпына келетін қуат көздері элементтері бар ресурс-энергия үнемдеуіш инфрақұрылымдық жобаларды ілгері жылжыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 6% артып, 405 мың адамды қамтумен 3,4 млрд. теңге құрады.
Алакөл көлінің жағалау аймақтарын дамыту аясында 160 төсек-орындық «Айгерім» және «Керуен» жаңа сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды. Бұқтырма су қоймасы аумағында халықаралық деңгейдегі 50 төсек-орынға арналған «Мелада» демалыс базасының құрылысы аяқталды, Аягөз ауданында «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» ескерткішіне инфрақұрылым тартылды. Сол жағалау сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай –қорығын (Этносаябақ), оның ішінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кешенін кеңейту жалғасуда.
Өңірлік даму шеңберінде облыстың тірек ауылдарын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жүргізілуде.
2013 жылы 10,1 млрд. теңгенің 873 жобасы іске асырылды, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамыту бойынша – 3,9 млрд. теңге, кәсіпкерлік – 1,1 млрд. теңге, инфрақұрылым мен көркейту – 3,1 млрд. теңге, әлеуметтік сала бойынша – 1,9 млрд. теңге.
2 тауарлы сүт фермасы, 4 жылыжай, 9 мал бордақылау алаңы, 5 мал сою цехі, 5 көкөніс қоймасы, 2 кондитер цехі, 3 сауда үйі, 3 жиһаз цехі, 5 қонай үйі, 10 ТҚС, 10 тігін цехі, 13 наубайхана іске қосылды.
4 балалар алаңы, 6 саябақ аймағы көркейтілді, 9 заңсыз жасалған қоқыс үйінділері жойылды, 8 көшеде жарық беру қалпына келтірілді, 30 көшеге жөндеу (ағымдағы, орташа, ішінара) жүргізіліп, көркейтілді, 6 спорт алаңы, 9 балалар алаңы орнатылды, 5 денсаулық сақтау, 8 мәдениет, 18 білім обьектілеріне жөндеу жүргізілді.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Риддер қаласында коммуналдық жылу жүйелері қайта жаңартылды және нөсер кәрізі салынды, Курчатов қаласында өнеркәсіп қалдықтары қоймасы салынды және бала бақшаның шатыры қайта жаңартылды.
Мынадай 9 обьектінің құрылысы мен қайта жаңартылуы басталды: Риддер қаласында 60 пәтерлік 3 тұрғын үй құрылысы, Үлбі өзені арқылы өтетін көпір, Серебрянск қаласының жылумен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңарту, Зырян қаласында қазандықта 2 турбогенератор орнату және қаланы техногендік қалдық су басудан қорғау.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы мен «Ертіс» ӘКК-нің қатысуы арқылы «Серебрянск органикалық емес өндірістер зауыты» ЖШС қызметін қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде.
Моноқалаларда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына 439,5 млн. теңге қаражат бағытталды.
2013 жылғы 25 сәуірде Курчатов қаласында Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Моноқалалар-даму жолында» атты Халықаралық форум болып өтті.
Форумға еліміздің барлық моноқалаларының әкімдері, сондай-ақ германияның Ляйнефельде моноқаласы мэрі және ресейдің моноқалалары Бийск, Дубна және ҚХР СУАР Тарбағатай өңірінің әкімшілік өкілдері сияқты шетелдік қонақтар жиналды. Қазақстандық тарапты Ляйнефельде моноқаласының даму тәжірибесі қызықтырды, қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде аталған қалаға облысымыздың моноқалаларының өкілдері тәжірибе жинақтау үшін жолданды.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 3,5 млрд. АҚШ долларын, сауда теңгерімі сальдосы оңды болып - 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады.
Бөлшек тауар айналымы көлемі 484,9 млрд. теңгені құрап, 9,8%-ға артты.
Тұтыну бағасы индексі 104,5% құрады, бұл алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайыздық тармаққа төмен.
Бағаның тұрғындарға арналған қызметтерге (107,4%), азық-түлік тауарлары тобына (102,9%) және азық-түлік емес тауарларына (103,7%) өсуі тіркелді.
Бағаның өсуін тұрақтандыру және оның өсуіне жол бермеу мақсатында атқару органдары қажетті шаралар қабылдады: төмен сауда үстемелерін (10%-дан артық емес) қолдану туралы 4704 меморандум жасалды, ірі саудан нүктелері жанында әлеуметтік бөлімдер жұмыс істейді («Колос»», «Волна», «Горизонт», «Самал», «Арзан», «Семей», «Адал», «Тамаша» және т.б.).
756 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 2,5 млрд. теңге соманың тауарлары сатылды.
Тұрақтандыру қоры 2013-2014 жылдардың маусымаралық кезеңінде килограмы 55 теңгеден тиянақтандырылған баға бойынша бөлшек бағамен сату үшін мөлшері 6500 тонна жеміс-көкөніс өнімін сатып алды.
Мемлекеттік бюджетке түсімдердің көлемі 14,8% өсіп, 183,6 млрд.теңгені құрады. Облыс бюджетіне 14,0 % өсіммен 70,2 млрд. теңге түсті.
Соңғы жылдар ішінде облыстың барлық өңірлерінде халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысының тұрақты өсуі байқалады. Халықтың табысы бір жылда 7,5% артып, 51 мыңнан аса теңгені құрады. Орташа айлық еңбекақы 6,4% өсіп, 90,2 мың теңгені құрады.
Банктердегі депозиттердің көлемі бойынша облыс бұрынғыдай Қазақстан өңірлері арасында алғашқы бестікте тұр. Тұрғындардың салымдары 11,5% өскен.
2013 жылы халықты әлеуметтік қолдауға 48% өсіммен 27,8 млрд. теңге бюджет қаражаты жұмсалды. Экономиканың әр түрлі салаларында 18,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4 тоқсанда 4,8% құрады.
Жыл ішінде түрлі әлеуметтік қолдау түрлерімен 126 мыңнан аса шығысқазақстандық қамтылған. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары 210 млн. теңге сомасына 56 мың аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмегін көрсетті.
Өңірдің экономикасын дамыту, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде облыс бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 31,5% артып, 9,1 мың адамды құрады, аз қамтылған азаматтардың саны 8% азайып, 25 мың адамды құрады.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету саласы кеңейтілуде, аталған қызмет түріне жұмсалған шығындар 8%-ға өсіп, 224,1 млн. теңгені құрады.
Үкіметтік емес ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жалғасуда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес сектор арқылы 191,1 млн. теңге бағытталған.
Мүгедектерге және ардагерлерге өтемақы қаражатын беруге және санаторлық-курорттық емдеуге облыстық бюджеттен 194,1 млн. теңге бағытталған, ол 2012 жылғы деңгейден 9% жоғары. Санаторлық-курорттық емдеумен 3917 ардагер мен мүгедек қамтылған.
Зимовьево психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің жатын корпусының 150 төсек-орынды жаңа ғимараты және Ұлан ауданы Бозанбай ауылында жалпы құны 1,4 млрд. теңге болатын 80 төсек-орынды психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі пайдалануға берілді.
Зырян ауданындағы бұрынғы Греховское кенішінің ғимаратын мүгедектерге арналған оңалту орталығына қайта жаңғырту жүргізілуде.
Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Бағдарламаны іске асыруға 15,6 млрд. теңге бағытталған.
204 жоба іске асырылды, 1300 жуық жұмыс орындары құрылды.
860 жобаға 6,6 млрд. теңге микронесие берілді, 2,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.
Оқыту және жұмысқа орналасуға ықпал жасау бойынша шаралармен 6,1 мың адам қамтылған, жұмыспен қамту деңгейі 90,6% құрады.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында тұрғын үй құрылысына 1,9 млрд. теңге бөлінген. 115 пәтерлі 2 тұрғын үй, 164 жеке тұрғын үй, 10 екі пәтерлі үй және 109 пәтерлі 3 жатақхана пайдалануға берілді.
Жұмыс берушілердің қатысуымен Шемонаиха ауданының Камышенка ауылында 11 жеке тұрғын үй, Катонқарағай ауданының Үлкен- Нарын ауылында 3 бөлмелі бір тұрғын үй, Жарма ауданында 6 үй (10 пәтер) салынды.
Денсаулық сақтау саласында Семей қаласында 300 төсек орындық көп бейінді аурухана, Өскемен қаласында онкология диспансерінің 22 төсек-орнына арналған емдеу корпусы және 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория салынды.
Семей қаласындағы Радиология орталығының 3-ші кезегінің, Өскемен қаласында облыстық қан орталығының, Семей қаласында жедел жәрдем станциясының, Глубокое ауданында аудандық аурухананың құрылысы жалғасуда. Семей қаласында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» қорының есебінен оңалту орталығының және 14 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарлануда.
30 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, перзентхана және бала, кардиохирургия, жедел жәрдем қызметтері, БМСК объектілерін материалдық-техникалық жарақтауға қаржыландыру артты. Облыстың емдеу мекемелерінде санитарлық автокөлік паркін жаңарту жалғасуда, мәселен, өткен жылда 27 бірлік сатып алынды, ағымдағы жылы 100 аса автомобиль сатып алу жоспарлануда.
Дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Аурушаңдықтың 48 түрі бойынша амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік көмекті 7,8 млрд. теңгеге 505,1 мың адам алды.
Облыстың 3 қаласында заманауи аппаратурамен жабдықталған шағын диагностика орталықтары жұмыс істеуін жалғастыруда, бұл облыстық диагностика орталығына келетін науқастардың ағынын 11% төмендетуге, осылайша ауыл тұрғындары үшін қызмет көрсету қолжетімдігін жақсартуға және аса маңызды зерттеу түрлері бойынша қала тұрғындарының кезектілігін төмендетуге мүмкіндік берді.
Облыстың 8 ауданында телемедицина орталықтары ұйымдастырылған. Бір жылда телеконсультациялар саны 40% өсті. Ағымдағы жылы интерактивті режимде 900-ден астам консультация жүргізу жоспарлануда.
Көлік медицинасы енгізілген, 6 жылжымалы мобильді кешен жұмыс істеуде, есепті кезеңде 152 шалғай ауылдарда 71 мың адам қаралған. 2013 жылдың соңында қосымша Жарма, Бесқарағай және Ұлан аудандары жолдарының апаттық-қауіпті учаскелерінде 3 трассалық медициналық-құтқару пункттері ашылған.
Өзін шұғыл медициналық көмек көрсетудегі ең жылдам жүйе ретінде танытқан санитарлық авиация одан әрі дами түсуде. 2013 жылы 343 ұшу және шығу жүргізілген, оның ішінде 138 тікұшақпен және 205 санитарлық автокөлікпен.
Ресей, Корея, Израильдің жетекші емханаларымен, халықаралық ұйымдарымен, Қазақстанның жетекші емханаларымен және ұлттық ғылыми орталықтарымен серіктестік дамуда. Жасалған меморандумдардың аясында өткен жылы 39 дәрігер жетекші медициналық мекемелерде оқытудан өтті, Оңтүстік Корея емханаларында екі балаға ота жасалды.
Онкология ауруларымен ауыратындардың 5-жылдық өмір сүруге қабілеттігі 50% құрады, қатерлі ісіктен өлім-жітім 3,6% төмендеді.
2012 жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштердің тұрақтылығы байқалады: ана өлімі - 32,6%, бала өлімі - 19%, туберкулезбен ауру 12,5% төмендеді.
Медицина мамандарын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жыл ішінде 217 дәрігер келген, бұл 2012 жылға қарағанда 34% артық. Сонымен бірге облыста дәрігер кадрларының тапшылығы сақталуда, 2014 жылдың басында 381 адам.
Облыста мектепке дейінгі біліммен жалпы қамту 1,7% өсумен 97,4% құрады.
Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 10 мектеп, 830 орынға арналған 4 балабақша пайдалануға берілді. 11 жеке балабақша ашылды, бұрын жекешелендірілген 3 балабақша ғимараты кері қайтарылды, 12 мектеп мектеп-балабақша кешендері етіп қайта құрылды, іс-әрекеттегі бақшаларда 13 қосымша топтар, шағын орталықтарында 23 қосымша топтар құрылды. Жалпы мектеп алды мекемелерде 3,7 мың қосымша орындар құрылды.
17 білім беру объектілерінде 483,2 млн. теңгеге күрделі жөндеу, 23 объектіде 276,8 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
104 пәндік және мультимедиалық кабинеттер сатып алынды, мектептердің жаңа үлгіде түрленген кабинеттермен жарақталуы 52,3%-ға жетті.
680 мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалды. 1-11 сынып оқушылары 83% сүтпен, 74% балмен қамтамасыз етілген, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары толық көлемде қамтылған. Ағымдағы жылы мектеп оқушыларын балмен қамтамасыз етуді 100% жеткізу жоспарланып отыр.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылуда.
Акцияның іске асырылуынан бастап 1795 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ірі, орта кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес субъектілерінен құралған 1883 қамқоршылық ұйымдарына бекітілген, олар балалардың есепшоттарына 143,8 млн. теңге аударған.
«Мейірім» акциясының аясында 2013 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 133 пәтер сатып алынған.
Соңғы нәтижеге, яғни жұмыспен қамту және кадрларды дайындау сапасын арттыруға бағытталған техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту жалғасуда.
Жалпы 2013 жыл ішінде техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының 8,5 мың түлегі жұмыспен қамтылды немесе олардың жалпы санынан 92,4%.
2013 жылы мәдениет ұйымдары 110 ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді.
Республиканың барлық облыстарының өкілдері қатысқан Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі әншілердің ІX республикалық конкурсы, «Алтай - Түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық Форумы, Алматы және Талдықорған қалаларында шығармашылық ұжымдардың гала-концерттері, Алматы және Астана қалаларында Шығыс Қазақстан облысының Күндері өткізілді.
«Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында 16 мәдени нысан 202 млн. теңге сомасына аппаратура және қойылым кастюмдерімен жарақтандырылды. Аталған акцияға Республикаға танымал ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
Спорт нысандары мен құрылыстарының саны облыста 182 бірлікке артты. Облыстың қала және аудандарында 4 спорт модульдері, спорт кешендері, стадион, 10 спортзал, теннис корттары, ат манежі, 3 ипподром, 45 хоккей қорабы, 104 футбол және мини футбол алаңдары пайдалануға берілді. Өскемен қаласында «Восток», Семей қаласында «Спартак», Аягөз, Күршім аудандарының стадиондарына жөндеу жүргізілді.
Қазақстан футболының 100 жылдығын мерекелеуге орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Шамамен 4 мың іс-шара (3996 бірлік) өткізілді, оның ішінде 9 халықаралық, 29 республикалық және 143 облыстық.
Спорттың әр түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрамасы құрамына кіретін спортшылар саны артып, 1000 аса спортшыны құрады (2012 жылы 947 адам), оның тоқсан төртіне 55,3 млн. теңге шәкіртақы төленді. Спортшы - шығысқазақстандықтардың Сочи қаласында қысқы Олимпиада ойындарына қатысуына дайындық жүріп жатыр.
Әлемдік дағдарыс жағдайында өңірлердің күштерін біріктіру және экономиканың өсу қарқынын сақтау мақсатында «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары ықпалдастығы аясындағы өңіраралық бірлестік» Республикалық форумы өтті.
Форум 4 облыстың жан-жақты іскерлік ынтымақтастығының бастапқы тілдесу «алаңы» болды, 2013-2015 жылдарға арналған әр түрлі салада өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.
Форум қорытындысы бойынша облыстың ірі және орта кәсіпорындары жалпы сомасы 16 млрд. теңгеге ірі компаниялар айналасында шағын және орта бизнес серіктестігі бағдарламасы бойынша 40 шақты ниет шарттарына қол қойды.
Республиканың басқа өңірлерімен, алыс және жақын шетелдермен бірлестікті ықпалдастыру аясында Абай ауданы Қарауыл ауылында бірінші рет «Шыңғыстау-2013» республикалық жәрмеңкесі өткізілді.
Жермеңкеге барлығы 3 мемлекеттің 11 өңірінен өкілдер қатысты. Жәрмеңкені өткізу уақытында 115 сатып алу-сату шарттары бекітілді. Сату кезінде 960 млн. теңгеге мал сатылды.
Облыста серіктестік үлгісінің бірі -бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі белсенді дамып келеді. 8,5 млрд. теңгеге 3661 меморандум бекітілді.
2013 жылы Өскемен қаласында медициналық орталық және Жекпе-жек сарайы пайдалануға енгізілді, Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі, жабық бассейндік кешені, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының, Риддер және Зырян қалаларында 2 хоккей модулінің, Жарма ауданы Қалбатау ауылында спорткешенінің Абай ауданы қарауыл аулындағы спорт модулінің құрылыстары, Аягөз ауданы Ақтоғай кентінде мектеп жапсаржайының құрылыстары жүргізіліп жатыр. Сауд Араб елінен инвестициялар есебінен Семейде балалар туберкулез ауруханасының құрылысы жүргізілуде.
Облыс қалалары мен аудандарының 65 субъектісі жыл сайынғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсқа қатысты.
Конкурс нәтижесі бойынша Жарма ауданынан «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында конкурстың қола жүлдегері атанды.
«Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің «Гран ПРИ» лауреаты – республикалық конкурстың бас жүлдесінің иегері болып жарияланды.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында жалпы 260 мың адамды қамтитын 4,6 мың іс-шара өткізілді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстары қосылған электрондық Жастар еңбек биржасы ашылды, 1700 адам еңбекке араласты.
64,3 млн теңгеге әлеуметтік инвестициялар тартылды. «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» бағдарламалары табысты іске асырылуда. Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары және «Жасыл Ел» жасақтарының қозғалыстары дамып келеді.
Әлеуметтік саладағы 393 жас мамандардың 87,9 млн. теңге көтермеақылары төленді. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорттың 182 маманына 418 млн.теңгеге бюджеттік несиелер берілді.
Облыста қылмыстың алдын алу және жедел жағдайларды тұрақтандыру бойынша іс-шаралар қабылданды.
Әкімшілік және жол полицияларын біріктіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Біріктірілген бөлімшелер «әмбебап полицей» қағидасы бойынша қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қауіпсіздігін күзету бойынша өз қызметтерін жүзеге асыруда. Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жасақтар комитеттері жанында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңестері құрылды («Сарбаздар», «Сақшы», Ерікті халық жасақтары).
10 мың тұрғынға қылмыс деңгейі 237 жағдайды құрады, қылмыстың ашылуы – 63,7%.
Мемлекеттік органдарда жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша бірқатар шаралар қарастырылған: мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесі, электрондық үкімет, мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізілген, көптеген мемлекеттік органдардың жұмыстары «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастырылған.
Облыс әкімдігі жанында жұмыс тобы құрылып, 246 рұқсат беру рәсімдерін қарады, оның ішінде 194 рәсім кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайды. Жұмыс қорытындысы бойынша 28 рәсімді хабарлау тәртібіне ауыстыру, 53 – бас тарту, 68-оңтайландыру туралы ұсыныстар әзірленді.
Мемлекеттік қызметшілерді және азаматтардың басқа санаттарын оқыту мақсатында облыста мемлекеттік тілді оқыту бойынша 11 орталық жұмыс істейді.
Тілдерді оқыту орталықтары жанында ақысыз «Тілашар» курстары ұйымдастырылған. 39 топта 449 этнос өкілдері өз ана тілдерін оқып жатыр. «Қазақша сөйлеп үйренеміз» атты қашықтықтан оқыту сайты құрылды. Мемлекеттік тіл саласын жаппай дәріптеу мақсатында 100 аса іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 74,1% құрады.
2013 жылы өткізілген іс-шаралар кешені өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал етті.
Облыста туындаған азаматтық қоғам институттарымен сындарлы өзара қарым-қатынас жүйесі өз тиімділігін көрсетті. Барлық деңгейде консультативтік-кеңесші органдар, Қоғамдық кеңестер әрекет етеді, мұнда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, бағдарламаларды іске асыру, кәсіпорандарда еңбек қатынастары, босатылған жұмысшыларды еңбекке араластыру жөнінде шаралар қабылдау, еңбек ақы бойынша қарыздарды өтеудің өзекті және проблемалы мәселелері қаралады. Өткен жылы Қоғамдық кеңестің 37, Саяси клубтың 5 отырысы өтті.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарды бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға кеңінен тарту, маңызды мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауларды жүргізу мемлекеттік органның күнделікті тәжірибесіне айналған.
Ақпараттық орталық арқылы облыстың дамуы, мемлекеттік саясаттың міндеттерін іске асыру мәселелерін кеңінен жариялау қамтамасыз етілген. Қала және аудандар әкімдері, облыстық басқармалар басшыларының 56 баспасөз-конференциялары мен брифингтері ұйымдастырылды.
2013 жыл ішінде облыс әкімі облыстың қала және аудандарына 115 жұмыс сапарымен шықты. Сапар барысында 241 елді мекенді аралап, 747 әлеуметтік-мәдени және тұрғын-үй коммуналдық нысандардың жұмыстарымен танысып, облыстың 40000 астам тұрғыны қатысқан 186 кездесулер өткізді.
Облыс әкімінің есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша 10 мәселе бақылауға алынды. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға 6 мәселе толық орындалды. Бұл облыстық Мәдениет үйін және «Беловодье» фестивалі аясында іс-шараларды қаржыландыруды арттыру, Семей қаласында «Спартак» стадионын қайта жаңарту, Курчатов қаласының жедел жәрдем бекетін көлікпен қамтамасыз ету, Бесқарағай ауданы Башқұл ауылында орта мектептің құрылысына құжаттамалар дайындау. 4 мәселе жұмыс бақылауына ауыстырылды.
Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары аясында облыс алдында 2014 жылға келесі міндеттер қойылды:
Бизнесті дамыту өнеркәсібінде:
үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын және «Өнімділік 2020», «Экспорттаушы 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» салалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру; Индустриаландыру картасы жобаларының кем дегенде 50% жобалық қуат жүктемесіне шығуын қамтамасыз ету;
Индустриаландыру картасына қосу үшін жоғары технологиялық жобаларды іздестіруді жандандыру;
ядролық энергетиканы дамыту;
өнеркәсіпте инвестицияның өсуін 5%-ға; шикізатттық емес экспорт көлемін 5% -ға; өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 109% -ға қамтамасыз ету;
тамақ және өңдеуші кәсіпорындар өнімдері көлемін 2013 жыл деңгейіне 2,4%-ға арттыру;
шағын және орта бизнес үлесін ішкі өңірлік өнім құрылымында 18%-ға дейін арттыру; бизнесте қамтылғандар санын халықтың экономикалық белсенді құрамынан 33% -ға дейін жеткізу;
шекаралас сауда пункттерін дамыту;
кәсіпкерлік қызмет жүргізуде әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Агроөнеркәсіп кешенінде:
- озық технологиялар бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алқабын 5% арттыру:
- ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 16% жоғарылату;
- суарылатын жерлерде ылғал сақтайтын технологияларды қолдану; тамшылап және жаңбырлы суаруды қолдануды арттыру;
- «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруды жалғастыру. 1 мың басқа арналған 4 бордақылау алаңын пайдалануға енгізу;
- заманауи, жоғары технологиялар қолданылатын тауар фермаларын енгізуді жалғастыру, сүт-тауар фермаларында сүт өндірісін 5 мың тоннаға ұлғайтуды қамтамасыз ету;
- инфляция деңгейін 6% аспайтын шекте ұстап тұру;
-ауыл шаруашылық өнімдерін делдалдарсыз сатуды арттыру.
Туризм саласында:
- Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың шебер-жоспары шеңберінде негізгі туристік кластерлерді іске асыруды бастау;
- имидждік іс-шаралар, слеттер мен фестивальдар өткізуді жалғастыру;
- медициналық туризмді дамыту;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта және құрылыста:
- тұрғындардың орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қолжетімділік деңгейін 85% дейін ұлғайту;
- су мен жылуды есепке алу құралдарын орнатуды жалғастыру және 2014 жылы халықтың суды есепке алу құралдарымен қамтамасыздығын 86% дейін жеткізу;
-энергияның жаңғыртылмалы және баламалы көздерін жобалау және салу бойынша жұмыстарды жалғастыру;
- әлеуметтік нысандар құрылысының барысына бақылауды күшейту;
- мердігер ұйымдардың қабылданған шарт міндеттемелерін орындауға жауапкершілігін жоғарылату;
- тұрғын үй енгізуді 11,4% өсіруді қамтамасыз ету, бұл ретте өңірге даму институттарын тарту («Самұрық-жылжымайтын мүлік», «КИК» және т.б.);
Табиғат қорғау іс-шаралары шеңберінде:
- облыс қалаларында экологиялық мониторинг жүйесін енгізу және кеңейтуді жалғастыру;
- атмосфера ауасын, жер және су ресурстарын қорғауға бағытталған табиғат пайдаланушы-кәсіпорындармен жұмысты күшейту;
- Өскемен қаласында радиоактивті орындарды жоюды жалғастыру;
- сынапқұрамдас қалдықтарды демеркуризациялау учаскелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-«жасыл» экономикаға көшу Тұжырымдамасын іске асыруды қамтамасыз ету;
Өңірлерді дамыту бойынша шаралар қабылдау:
- моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру;
-«Ғылым қалашығы туралы» заңнаманы қабылдау;
- агломерация ретінде Өскемен қаласын дамыту;
- тірек ауылдарды, аудан орталықтарын және ауылдық, кенттік округтердің орталық усадьбаларын және үлгілі елді мекендерді 2014-2018 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспарларын әзірлеу және одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету;
- Республика өңірлерімен және жақын шетелмен өңіраралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастыру;
- «Шағын ЕХРО -2014» әзірлеу және өткізу;
Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету шеңберінде:
- қалалық және ауылдық жерлердегі инфрақұрылымда кедергісіз орта құруды; мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбекке орналастыру;
- аз қамтылған тұрғындарды қолдау және азаматтардың асырауда болушылық көңіл күйін азайтуды қамтамасыз ету үшін «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру;
Денсаулық сақтау саласында:
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту;
- ана мен сәби өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болуды төмендету;
- онкологиялық аурулар мен туберкулездің бастапқы диагностикасы мен алдын-алуға бағытталған іс-шаралар өткізу;
- медициналық кадрлар тапшылығын азайту;
- жас мамандарға арналған жатақханалардың құрылысы.
Білім беруде:
- білім беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесін енгізуді;
- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуды жалғастыру, дуалды білім беру жүйесін енгізу, іс-әрекеттегі оқу орындарында ғылым қалашықтары үшін кадрлар даярлау;
- білім беру ұйымдарын оңтайландыру, мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту, уақытша болу шағын-орталықтарын толық күнге ауыстыруды;
- инклюзивті білім беруді дамытуды;
- 12 жылдық оқытуға көшу үшін шарттар құру мәселелерін шешуді;
- білім беру мекемелерін 100% білікті кадрлармен қамтамасыз етуді;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқорлық, патронатқа алу мәселелері жөнінде тұрғындармен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
- апатты жағдайдағы мектептер санын азайту;
- барлық мектеп оқушыларын 100 % балмен, аз қамтылған отбасыларын шыққан 1-4 сынып оқушыларын сүтпен қамтамасыз ету;
Мәдениет және спорт саласында :
- тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және дамытуға;
- мәдени және спорттық мекемелер желісін жаңарту және кеңейтуге;
- Өскемен қаласында қазақ драма театрының құрылысын, Күршім ауданы Күршім ауылында, Абай ауданы Саржал ауылында, Ұлан ауданы Тарғын ауылында мәдениет үйлерінің құрылыстарын аяқтауға;
- халықаралық, республикалық және облыстық чемпионаттар мен түрлі деңгейдегі бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізуге;
- тұрғындарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды облыстың мәдени-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларына тартуға;
- «Ақылды қала» (жастар экологиялық қалашығы) жобасын іске асыруға күш бағыттау;
Ішкі саясат саласында:
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын ілгері жылжыту;
- қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингісі;
- жұмыс істейтін ҮЕҰ, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, бизнес ассоциациалардың әлеуетін мемлекеттік саясатты іске асыруда, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда қолдануды;
- мемлекеттік БАҚ жаңғыртуды қамтамасыз ету.
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік шеңберінде:
- кәсіпорындар мен оқу орындарында ерікті дружиналар, «Сарбаздар», КСК жанында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңестер, полицияға жәрдем көрсету отрядтарын құру;
-көңіл көтеру орындарын, сауда орталықтарын және дүкендерді бейнекамералармен жабдықтау, нысандарды техникалық нығайту, локальді сигнал және дабыл қағу кнопкаларымен жабдықтау, «ақылды жол айырықтарын» ұйымдастыру;
- жол-көше желісін және жол инфрақұрылымын, көшені жарықтандыруды дамытуды қамтамасыз ету.
2014 жылы қойылған міндеттерді орындау экономиканың нақты өсімін:
- жалпы өңірлік өнімнің 6%-ға;
- өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 5,0%-ға;
- ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісі көлемінің 5,3%-ға;
- құрылыс жұмыстарының көлемінің 10%-ға;
- көлік қызметтерінің көлемінің 10%-ға;
- бөлшек тауарайналымы көлемінің 8%-ға;
- байланыс қызметтері көлемінің 5%-ға қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |