Аудан әкімі С.Мақашовтың Қармақшы ауданының
2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттер
туралы» есепті баяндамасы
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Өткен 2017 жыл еліміз үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда біршама жұмыстар атқарылды.
Жасалған жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, өтініш-тілектері мен көтерген мәселелерін шешу мақсатында жүргізілді және бірқатар мәселелер шешімін тапты.
Аудан халқының өткен жылғы есепті кездесуде айтылған ұсыныс пікірлеріңіз бойынша 31 іс-шаралар белгіленді. Бүгінгі күнге, оның 19-ы өз шешімін тапса, 9-ы қосымша бақылауға алынып, 3-не түсіндірме берілді. Бақылауға алынған мәселелердің негізгі бөлігі құрылысты және жөндеуді қажет ететін жұмыстар. Олар бойынша тиісті жоғары тұрған органдарға ұсыныстар берілді және кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.
Елбасының саясатын жүзеге асыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуға жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, соңғы үш жылда аудан экономикасының өсу динамикасы қалыптасып келеді. 2015 жылы аудан бюджеті 8 млрд 154 млн, 2016 жылы 9 млрд 958 млн. 2017 жылы аудан бюджеті 10 млрд 343 млн теңгені құрап отыр. Тиісінше жергілікті салық түсімдері: 2015 жылы – 1 млрд 25 млн. 2016 жылы – 1 млрд 164 млн. теңгені құраса, 2017 жылы – 1 млрд 318 млн. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда салық түсімдері 36,6 пайызға өсті.
2018 жылдың 1 қаңтарына кірістер болжамы 10313,6 млн. теңге орнына 10345,9 млн. теңгеге атқарылып, 100,3 пайызды құрады.
2018 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің шығындар жоспары 10313,6 млн.теңге болса, 10297,2 млн.теңгеге атқарылды немесе 99,8 пайызды құрады.
Cоңғы үш жылда негізгі салаларда ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қалыптасты.
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 млрд 482 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 80,1 пайызды құрады.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Атап айтқанда, несие алушыларға бизнес-жоспарлар әзірленіп, кәсіпкерлерге консалтингтік және басқа да көмектер көрсетілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан кәсіпкерлерінің несиеге қолжетімділігі артты.
2017 жылы қаржы ұйымдары тарапынан 330 жобаға 1093,5 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді.
Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 233,5 млн. теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылды.
1) жеке кәсіпкер Мұстафаева Алтынкүлдің «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы. Несие көлемі 5,0 млн теңге. Ақай ауылы;
2) «Мир 2001» ЖШС-нің «Монша құрылысын салу» жобасы. Несие көлемі 40,0 млн теңге. Ақай ауылы;
3) жеке кәсіпкер Күзембаев Болаттың «Сауда дүкенін сатып алу» жобасы. Несие көлемі 7,0 млн теңге. Төретам кенті;
4) жеке кәсіпкер Абдрахманов Галымның «Жиһаз цехының айналым қаражатын толықтыру» жобасы. Несие көлемі 12,0 млн теңге.Төретам кенті;
5) жеке кәсіпкер Шраева Алтынкүлдің «Тойхана құрылысын салу» жобасы. Несие көлемі 40,0 млн теңге.Ақай ауылы.
6) жеке кәсіпкер Серікбаева Динаның «Наубайхананы жаңғырту» жобасы. Несие көлемі 6,0 млн теңге. Жосалы кенті;
7) жеке кәсіпкер Даңлыбаев Дастанның «Техника сатып алу» жобасы, сұратылған несие көлемі 7,0 млн теңге. Жосалы кенті;
8) жеке кәсіпкер Қосуақов Аманның «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы, мақұлданған несие көлемі 5,0 млн теңге. Төретам кенті;
9) Мир-2001 ЖШС «Жанар жағар май бойынша айналым қаражатын толықтыру» жобасы, мақұлданған несие көлемі 42,0 млн теңге. Торетам кенті;
10) Мир-2001 ЖШС «Темір бетон зауытын қайта қаржыландыру» жобасы, мақұлданған несие көлемі 14,5 млн теңге.
11) жеке кәсіпкер Бакирова Айгулдің «Айналым капиталын толықтыру» жобасы. Несие көлемі 10,0 млн.теңге. Төретам кенті;
12) жеке кәсіпкер Балғабаева Рабиғаның «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы. Несие көлемі 15,0 млн теңге. Жосалы кенті;
13) жеке кәсіпкер Ұзақбай Жайхан Қыпшақбайқызы «Айналым қаражатын толықтыру» жобасы. Несие көлемі 25,0 млн теңге. Байқоңыр қаласы;
14) жеке кәсіпкер Тілегенова Маралдың «Сән салоны құрылысын аяқтау» жобасы. Несие көлемі 5,0 млн теңге. Жосалы кенті;
15) «Қызылорда Газ» ЖШС «Қайта қаржыландыру және жылжымалы мүлік сатып алу» жобасы. Несие көлемі 60,0 млн теңге. Жосалы кенті.
Бағдарламаның жобаларды ұйымдастыру және іске асыру мақсатындағы мемлекеттік гранттар беру компоненты бойынша ағымдағы жылы 2 конкурсқа аудан бойынша 54 жоба қатысып, 16 жоба 10,8 млн теңгенің қайтарымсыз грантына қол жеткізді.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы өндіріс және қызмет көрсету саласындағы 7 жоба 30,5 млн теңгеге қаржыландырылды.
Ақай ауылында «МеаПрим» ЖШС-нің күріш дәнінен жасалатын тағам түрлерін өндіру» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 8,0 млн.теңгеге қаржыландырылып, қыркүйек айынан бастап қытырлақ күріш таяқшаларын шығаруда. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Даму Өңірлер» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктерден 5 жоба 84,5 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 133,7 млн. теңгеге 53 жоба жүзеге асырылды.
2017 жылдың қараша айында жеке қаражат есебінен жеке кәсіпкер Рагибова Гукчак ІІІ-Интернационал ауылының тұсынан «С» санатты қызмет көрсету орталығын іске қосып, тұрақты жұмыспен 18 адамды қамтыды. Жобаның жалпы құны 350 млн теңге.
Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. 2017 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4135 болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,0 пайызға артты (2016 жылы 3312 кәсіпкерлік субъекті).
Олардан түскен салықтың көлемі 274,0 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 12,0 пайызға көбейді.
(2016 жылы 244,6 млн.теңге).
Өнеркәсіп кәсіпорындарында 2017 жылдың 11 айында 2 млрд. 281 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен (2016 ж 11 айы - 2 млдр 276,4 млн. теңге) салыстырғанда 100,2 пайызды құрады. (өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру 96,7 пайызды (1779,5 млн.теңге) құрады)
Өндірістің өңдеу саласын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін «Қармақшы-Құс» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауытын ашу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны – 1 млрд. 900 млн.теңге.
Аталған жобаға 2018 жылға «Байқоңыр» ӘКК АҚ 558,6 млн.теңге бөлді. Құс фабрикасының құрылыс жұмыстарын жыл аяғына бітіру жоспарланып отыр.
2017 жылы «Құс фабрикасы құрылысы объектісін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету» бойынша жоба-сметалық құжаттарын дайындауға облыстық бюджеттен 20,1 млн.теңге бөлініп ЖСҚ әзірленді, Жоба құны – 838,0 млн.теңге. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржыландыруға аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылды, кеңестің қорытындысымен қаржыландырылады.
Сондай-ақ, өндіріске қолайлы жағдай туғызу мақсатында Жосалы кентіндегі индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту жұмыстары толығымен жүргізілді. Қазіргі таңда кәсіпорындар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған аймақта жер учаскелерін аукциондық әдіспен 4 кәсіпорын алды. Оның ішінде «МиР-2001» ЖШС-нің «Құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасын іске қосу бойынша жұмыстарын аяқталды. Биылғы жылы темір бетон зауытын іске қосу жоспарлануда.
2) «Рахманберді» жеке кәсіпкерлігінің «Жиһаз жасау цехы» (Төлепов Тұрсын) жобасы, аукцион арқылы жеңіп алынған жер көлемі 0,5 га;
3) «Қ.Бердібаев» жеке кәсіпкерлігінің «Темір қалдықтарын қорыту» (Бердібаев Қайрат) жобасы, аукцион арқылы жеңіп алынған жер көлемі 0,6 га;
4) «Раннар» ЖШС-нің «Ұн сақтау қоймасын салу» жобасына (басшысы-Сүйеншалиев Асхат), аукцион арқылы жеңіп алынған жер көлемі 0,5 га.
Өздеріңіз білетіндей, біздің аудан ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Бұл сала мемлекеттің қолдауымен қарқынды дамуда. 2017 жылы шаруашылықтарға 709,7 млн.теңге көлемінде субсидия (егін шаруашылығына 655,8 млн.теңге, мал шаруашылығына 53,9 млн.теңге) есептеліп берілді.
2017 жылы 23702 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары орналастырылса, 14209 гектар жерге ауылшаруашылығы саласының негізгі өнімі болып табылатын күріш дақылы отырғызылды. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2017 гектарға (күріш көлемі 184 гектарға, мал азығы дақылдарының көлемі 507 гектарға, жаңа жоңышқа 557 гектарға, бақша 18 гектарға, көкөніс 26 гектарға, және мақсары дақылы 638 гектарға) көбейді.
Аудан диқандарының ала жаздай еткен еңбегі ақталып, күріштің әр гектарынан орта есеппен 59,5 центнерден өнім алынды. Қамбаға 84543 тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Осы жұмыстардың нәтиежесінде ауданымыз 2017 жылдың қорытындысымен облыс бойынша «Озат аудан» номинациясын иеленді. Сонымен қатар, «Актөбе и К» ЖШС-гі жалпы 1875,0 га күріштің әр гектарынан 76,5 центнерден өнім алып, облыстың бойынша ең «Үздік шаруашылық» атанды.
Сондай ақ, жаздық бидайдан 2424 центнер, мақсарыдан 1960 тонна, картоптан 9512 тонна, бақша дақылдарынан 11220 тонна өнім жиналса, 60000 тонна мал азығы дайындалды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі қаңтар-қараша айларында 9 млрд 635,9 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады.
Дәстүрлі күріш дақылынан басқа да картоп, көкөніс, бақша және майлы дақылдарды өндірістік негізде өсіруді, сонымен қатар жүгері, арпа және мал азықтық дақылдар көлемін көбейтуді қолға алуымыз қажет. Ол өз кезегінде аудан халқын азық-түлікпен жыл бойы қамтамасыз етуге және мал шаруашылығына қажетті сапалы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік береді. Құс фабрикасының жеміне қажетті дақылдарды (соя, жүгері, арпа, бидай) орналастыру ойлау.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында Ақтөбе ауылында «Ақтөбе и К» ЖШС-нің құны 210,0 млн теңге болатын Оңтүстік Кореялық қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш өңдеу зауыты іске қосылды (қаржыландыру «ҚазАгроҚаржы АҚ арқылы). Оған қосымша жоба құны 80 млн теңге болатын сиымдылығы 10 мың тонна астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді.
Күріш дақылының экспорттық әлеуетін арттыру және әртараптандыру мақсатында «Ақтөбе и К» шаруашылығы былтыр, тәжірибиелік негізде биыл 70 гектар жерге күріштің Ирандық «Тором Хошеми» сортын егіп, жақсы өнім алды (Бағасы біздің күріштің 9-10 есеге дейін қымбат.). Бұл сорт Иран мемлекетінде үлкен сұранысқа ие екендігін атап өткім келеді.
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының Иран Ислам Республикасына іс-сапары аясында ауылшаруашылығы өнімдерін Иран мемлекетіне шығару бойынша бірнеше келісімдерге қол жеткізілді. Осының аясында біздің аудан осы ирандық сортты 800 га ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз.
Мал шаруашылығында өткен 2017 жылы статистикалық есептерге сәйкес өткен жылмен салыстырғанда мал басының барлық түрінен өсім қалыптасты.
Жылқы 8110 бас болып- 1469 басқа көбейді, түйе 2973 болып – 185 басқа көбейді, қой 29884 бас болып - 867 басқа көбейді, МІҚ 24615 бас болып -934 басқа көбейді, ешкі 16054 бас болып-249 басқа көбейді.
Бұған мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары шеңберінде атқарылған жұмыстар септігін тигізді. 2017 жылы мал шаруашылығын қолдауға 53,9 млн.теңге субсидия бөлінді.
2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы және «Қорқыт елі» кредиттік серіктестігі арқылы 5 шаруа қажалығы 42,1 млн. теңге несие алып, 233 бас сиыр, 10 бас бұқа сатып алды.
2017 жылы ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы барлық ауыл шаруашылық кооперативтеріне 600,5 млн.теңге несие беріліп, 3206 бас мүйізді ірі қара сатып алынды. Оның ішінде: сүт бағытында – 804 бас, ет бағытында – 2402 бас.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге аудан бойынша 14 кооператив құрылып, оның алғашқы жетеуінің құрамына ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 234 азамат мүше болып кіріп, «Ауылшаруашлығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 601,0 млн теңге несиелерін алып, ет, сүт бағытындағы 3206 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды. Әрқайсысы өздерінің отбасылық бордақылау алаңдарында жұмыстарына кірісіп кетті. Қазіргі таңда, 1 рефрижатор, 2 сүт қабылдау пункті сатып алынып, оған қосымша, 1 рефрижаторға және модульді мал сою пунктіне тапсырыстар берілді. Таяу күнде қондырғылар жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Бұл әрине өз кезегінде отбасын жұмыспен қамтып, күнкөріс көзіне айналуымен қатар, олардың қоғамның толыққанды мүшесіне, яғни өзінің әлеуметтік төлемдерінен басқа, салық төлеушісі болатынына және салық базасының ұлғайюына үлестерін қосады деген үміттеміз.
(келер жылы ең төменгі айналыммен есептегеннің өзінде жылына әрқайсысы 76,0 мың теңгеден, осы кәсіпкерлердің өзі орта есеппен – 20,0 млн теңгедей)
Мал шаруашылығын дамытуға, шабындық жерлер мен жайылымдарды ұлғайтуға және балық шаруашылығын дамытуға 2017 жылы облыстық бюджеттен 281 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-Көлдей» көлдерін сумен қамтамасыз ету және экологиялық жағдайын жақсарту жобасы іске асырылды. Нәтижесінде, «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-Көлдей» каналдары тазаланып, сағаларына екі көзді су тоспалары салынды. Сонымен қатар, жоба аясында Қуандария өзегінің Қарақ учаскесінің тұсынан 2 жерден 5 көзді су тоспасы салынып, пайдалануға берілді.
Көлдердің жалпы көлемі 350 га,
Су көлемінің сыйымдылығы 15-20 млн. м3,
Көлдерден балық өндіру 0,2-0,3 мың. тн,
Табиғи шабындық дайындау 4500 га мал азығындық дақылдар 400-500 га ұлғаяды.
Бұл жұмыстардың нәтижесінде, Қуаңдария, Көмекбаев ауылдық округтертегі мал шаруашылығын дамытуға жайылымдық жерлер ұлғайып, мал азығын дайындауға шабындық жерлер көбейе түседі. Және де балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізетін болады.
Сондай ақ, Қараөзек арнасына «Қожантай» су реттегіш тоспасының құрылыс жұмыстарына 2017 жылы 18,7 млн.теңге бөлініп, (облыстық бюджеттен 11,9 млн.теңге, аудандық бюджеттен 6,8 млн.теңге қаржы қаралып), құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде: Мал басын, мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға оң ықпалын тигізеді. Экологиялық ахуалдың жақсаруына, суландырылатын аймақтың ұлғайюына және балық шаруашылығының дамуына себебі зор. Сонымен қатар, Сырдария өзенінен тасыған суларды көлдер жүйесінде ұстап қалуға мүмкіндік туғызады.
Өткен жылы мал ауруларының алдын алу бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілді.
2017 жылы мемлекет тарапынан жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, аса қауіпті мал ауруларына қарсы екпелер және тексеру жұмыстары атқарылуда. Бұл шараларды атқаруға бюджеттен 75,1 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде: эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға 65,2 млн.теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге 1,9 млн.теңге, энзоотиялық ауруларға қарсы егуге 4,3 млн.теңге, ауру жануарларды санитарлық сою мен жою жұмыстарына 0,9 млн.теңге, иесіз ит, мысықтарды жоюға 2,8 млн.теңге бөлінген.
Эпизоотиялық, энзоотиялық ауруларға қарсы егу жұмыстары жоспарға сәйкес толық орындалды. Жалпы алғанда ауданда эпизотиялық ахуал тұрақты. Зерттеулер қорытындысымен анықталған аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның 15 қолайсыз елді мекенінде көктемгі-күзгі залалсыздандыру жұмыстарына 4154,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен атқарылды.
Ауданда ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында да жоспарлы жұмыстар атқарылды. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға берілген 1037,0 га болатын 4 жер учаскесі нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауына байланысты мемлекетке қайтарылды.
2017 жылы барлығы 7 аукцион өткізіліп, 76 жер учаскесі сатылып, (жер учаскелерін жалға беруге 458 келісім-шарт, мемлекеттік жер учаскесін сатылып, жеке меншікке сатып алуға байланысты 50 келісім-шарт жасалды. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты 69 өтініш қанағаттандырылды), нәтижесінде жергілікті бюджеттен 36, 6 млн теңге түсірілді.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 60 маманға 9,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 56 маманға тұрғын үй сатып алуға 186,0 млн. теңге несие берілді.
2017 жылы инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жосалы кентінің Тәуелсіздік ықшам ауданына инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, 1400 жер учаскесі ашылды. 2006 жылдан бері кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімдері беріле бастады.
Дегенмен, осы дайындалған жер участкелеріне жеке азаматтар тарапынан тұрғын үй салу өте баяу жүргізілуде.
Сонымен бірге, Ақай ауылының жаңадан қоныстанған аймағын инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарына (9 көшесіне қиыршық тас жол салу, электр желісін жүргізу, 3 КТПН орнату). 2017 жылы 158,8 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3,2 млрд. болып, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 есеге өсті. 2018 жылы 9,5 млрд.
Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысына 476,7 млн. теңге бөлініп, пайдалануға берілді. Нәтижесінде аудандағы апаттық жағдайдағы мектептер толығымен жойылды.
Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысына 798,9 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға берілетін болады.
2017 жылы Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» және №5 «Айгөлек») құрылысына 497,8 млн.теңге бөлініп, пайдалануға берілді.
Сондай ақ, Иіркөл елді мекенінде «Самал» және Төребай би ауылындағы «Аққөгершін» балабақшаларының құрылысына 100,0 млн.теңге, 265,1 млн.теңге биыл қаралып, бірінші жартыжылдықта құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Жалпы құны 1 млрд. 292 млн.теңге болатын Жосалы кентіндегі жыл бойы жұмыс жасайтын балалар демалыс лагерінің құрылысы 2017 жылы басталды, ағымдағы жылдың аяғына бітіруді жоспарлап отырмыз.
Алдағы уақытта құрылысы жүргізілетін нысандардың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2017 жылы 58,6 млн теңге жұмсалды.
-Төретам кентіндегі №85, Тұрмағамбет ауылындағы №29, Ақжар елді мекеніндегі №28, Жосалы кентіндегі №27 және №105 мектеп ғимаратының жылумен жабдықтау жүйлерін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 13,7 млн теңге қаралып, жсқ әзірленді.
-«Ақай елді мекеніндегі тұрғын үйлерге ауыз су желілерін жеткізу құрылысы» объектісінің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 6,2 млн.теңге қаралып, жсқ әзірленді.
-«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы» объектісінің жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 38,7 млн теңге бөлініп, жсқ әзірленді.
Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында Жосалы кентінің Мүсірбаев көшесі №5, Амангелді көшесі №55 және Сегізов көшесі №1 тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына 10,3 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде. 2017 жылы аудандық бюджеттен аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына 30,6 млн.теңге қаржы қаралып, «Самара–Шымкент –Ақтөбе» автомобиль жолының 1,0 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, елді мекендердің автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 151,3 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды.
- Көмекбаев аулының Балқы базар көшесінің 0,8 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5,0 млн.теңге;
- Қуандария ауылындағы Қуандария көшесінің 0,8 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7,7 млн.теңге;
- Алдашбай-Ахун ауылындағы Шегебаев көшесінің 0,9 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6,3 млн.теңге;
- Дауылкөл ауылындағы Т.Ізтілеуов көшесінің 0,8 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5,6 млн.теңге;
- Ақжар ауылындағы М.Мәметова көшесінің 0,85 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6,0 млн.теңге;
- Ақтөбе ауылындағы Сералиев көшесіне 1,4 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 27,7 млн.теңге;
- Иіркөл ауылындағы Қазақстан көшесінің 1,0 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 7,0 млн.теңге.
2018 жылы «Батыс-Европа Батыс-Қытай» автодәлізінен Жаңажол, Иіркөл, Төребай би ауылдық округтеріне және Төретам кентіне кірме жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 937,2 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылы атқарылатын болады.
- «Самара- Шымкент- Иіркөл» автомобиль жолына 5,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 162,9 млн.теңге;
- «Самара-Шымкент-Жаңажол» автомобиль жолына 6,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 213,6 млн.теңге;
- «Самара-Шымкент-Төретам» автомобиль жолына 2,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 71,9 млн.теңге;
- «Самара-Шымкент-Төребай би» автомобиль жолына 23,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу- 488,8 млн.теңге.
- «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6,5 млн теңгеге ЖСҚ әзірленді, қажетті қаржы (608,0 млн.теңге) бойынша облысқабюджеттік өтінім жолданды.
Қызылтам ауылына кіре беріс 4,6 км жолына ЖСҚ әзірлеуге 7,5 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.
2018 жылы аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 32,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Елді мекен жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен 2018 жылға 169,3 млн. теңге бөлінді.
Жолаушылар тасымалы бойынша. Қазіргі таңда аудан орталығы мен ауылдық округтер арасына жолаушылар тасымалдау қызметімен 10 жеке кәсіпкер айналысады.
Жосалы кентінде «Достық» автобекеті арқылы кентішілік №1 маршрут бағыт бойынша 6 шағын автобустармен жолаушылар тасымалдануда.
2017 жылы Төретам кентінде жеке кәсіпкер Бекмұрат Жаханов өз қаражаты есебінен жаңадан автобекет құрылысын салды, Жобаның жалпы құны 37 млн.теңге.
(Ғимарат ішінде диспетчерлік пункт, асхана, дәріхана, ана мен бала бөлмесі, балаларға арналған ойын бөлмесі және ғимараттың 2,3-ші қабатында қонақ үй орналастыру жоспарлануда)
Елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары бойынша да біршама жұмыстарына 2017 жылы барлық кент және ауылдық округтеріне аудандық бюджеттен абаттандыруға 145,5 млн.теңге, санитарияға 17,8 млн.теңге, жарықтандыруға 37,0 млн.теңге бөлінді.
Оның ішінде: «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде Жосалы кентін абаттандыруға 69,9 млн.теңге қаралып, темір жол вокзалы алдындағы аумақты, Абай көшесін, Жосалы кентіне кіре берістен Көшербаев көшесіне дейін жарықтандыру, үш бетті жарнама тақтасын орнату, «Қобыз» ескерткішінің ағымдағы жөндеу жұмыстары және кент көшелеріне қоршау жұмыстары жүргізіліп, Мүсірбаев көшесінің аяғына қосымша автотұрақ ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында Ақтөбе ауылының орталық алаңы салынып, пайдалануға берілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша.
Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына, денінің саулығына тікелей әсер ететін нәрсе, әрине сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Облыс әкімінің қолдауымен аудан орталығы Жосалы кентіндегі соңғы жылдары қалыптасқан, жаз айларындағы ауыз судың су сақтау қоймаларының жеткіліксіздігінен туындаған проблемалық мәселелер 2017 жылы түбегейлі шешімін тапты.
«Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша барлығы 1383 үйге ауыз су құбыры кіргізілді.
«Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» жобасы бойынша жаңадан насос станциясына 5000 м3 резервуар орнатылып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
Жыл көлемінде «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд 8 млн.теңгеге 7 елді мекенде 8 жоба іске асырылды.
- Көмекбаев елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 68,6 млн.теңге;
- Қуаңдария елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 34,2 млн.теңге;
- Алдашбай Ахун елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 46,0 млн.теңге;
- Қармақшы елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 63,6 млн.теңге;
- Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 444,5 млн.теңге (4 кезек);
- Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғыртуға - 234,4 млн.теңге;
- Дүр Оңғар елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 102,2 млн.теңге;
- Иіркөл елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 34,6 млн.теңге.
Нәтижесінде, аудандағы 29 елді мекеннің 18-інде толық орталықтандырылған сапалы жер асты суымен үзіліссіз, тәулік бойы қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Бұл елді мекендерде аудан халқының 99,5 пайызы тұрады. Ал қалған 11 елді мекенде не бары 246 адам ғана тұрады (олар шағын разъездер, малшы ауылдар). Бұл еліміздің Тәуелсіздігінің және Елбасымыздың қолдауының нәтижесі деп білеміз. (әрине Жосалы кентіндегі «Мөлтек» ауданда проблема бар)
Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру жобасының басталуы. Бұл дегеніміз аудан экономикасының одан әрі дамуына болашаққа үлкен сеніммен қарауға жетелейді. Биыл Республикадан бөлінген 555,6 млн, теңгеге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының 14,5 шақырымы мен АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы басталып, биылға 892,0 млн.теңге қаралып, мамыр айында құрылыс жұмыстары аяқталатын болады. Жалпы құны 3,7 млрд.теңге болатын Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы Республиканың 3 жылдық бюджет жобасында қаралған. Жосалы кентінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізу күні алыс еместігін жеткізгім келеді.
Байқоңыр қаласы, Төретам мен Ақай елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайы, облыс әкімінің бақылауынан түскен емес. Соңғы жылдардағы Ресей мен Қазақстан үкіметаралық комиссияларының күн тәртібіне Байқоңыр, Төретам, Ақай тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының жақсаруына бағытталған бірнеше ұсыныстар шешімін тауып келеді. Байқоңыр қаласына газдың берілуі соның нәтижесі. Жыл аяғында алғашқы мөлтек аудан тұрғындарына көгілдір отын берілген болатын.
Байқоңыр қаласындағы ауданға қарасты 5 мектеп пен 1 балабақшамыздың жылу жүйелері де дербес модульді бу қазандықтары арқылы газға көшірілді. Нәтижесінде, бюджет қаражаты үнемделетін болады.
Қалада облыстық медицина орталығы филиалының жаңа ғимараты пайдалануға беріліп, қазақстандық емдеу орны Байқоңыр, Ақай, Төретам тұрғындарына қызмет көрсетуде, биыл ақпан айында емхана ашылып, жұмысы басталатын болады. Өткен жылы жұмыспен қамту орталығы ашылды.
Қаланың инженерлік-инфрақұрылымын қалпына келтіруге байланысты техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы бөлінді. Қазақстанның тұрғын үй салу бағдарламалары негізінде, Тәуелсіздік жылдарынан бері бірінші рет Байқоңыр қаласынан көп қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысын бастадық. Бұл тұрғын үйлер Байқоңыр қаласындағы Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайларының жақсаруына әсерін тигізері сөзсіз.
Байқоңыр ғарыш айлағына жалға берілген жерлердің құрамынан шығарылып, Төретам кентіне іргелес жатқан 11600 га жер Қызылорда облысына қайтарылды. Бұл өз кезегінде, осы елді мекен тұрғындарының ауылшаруашылығы және қызмет көрсету кәсіпкерлігі саласын дамытуға, жерге деген сұраныстарын қанағаттандырып, олардың кәсібінің дамуына, жұмыс орындарының ашылуына әсер етеді.
Соңғы Ресей-Қазақстан үкіметаралық келісімдердің нәтижелері Байқоңырдың екінші тынысының ашылып, сол өңір тұрғындарының болашаққа деген сенімдерін молайтты.
Байқоныр қаласы мен Ақай ауылдық шекарасында Сырдария өзені арқылы көпір өткелін салу құрылысының құны 3,2 млрд.теңгені құрады. Биыл республикалық бюджеттен 897,4 млн.теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталып, келер 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2017 жылы Төретам кентінің денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 100,0 млн.теңге қаржы бөлінген (Жалпы сметалық құны: 335,0 млн.теңге). Қалған 235,0 млн.теңге қаржысы ағымдағы жылы бөлініп, құрылыс толық аяқталатын болады.
Өздеріңіз көріп отырғандай, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы негізінен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.
Соңғы 3 жылда жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы – 5,3 пайыз, 2016 жылы – 5,2 пайыз, 2017 жылдың қорытындысымен 5,1 пайызды құрайды деп жоспарлап отырмыз.
2017 жылдың 12 айында 878 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. (оның ішінде: жұмысқа жарамды мүгедек - 29 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар - 10, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 246 адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).
Ауданда 12 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. 2017 жылы аудан бойынша 800 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, ағымдағы жылдың 12 айында 1099 жаңа жұмыс орындары ашылды, (немесе жоспар 137,3 пайызға орындалды).
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысуға жыл басынан жалпы саны 3624 адам хабарласты. Аталған бағдарламаның 3 бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылды.
Бағдарламаның І - бағыты бойынша 2017 жылға қайта даярлау курсына 394 адам оқуға жолданды. (қаржысы 48,9 млн.теңге)
Бағдарламаның ІІ - бағыты бойынша 107 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, 53 жоба несиелендіріліп (оның ішінде: барлығы 15,0 млн.теңгеге мүмкіндігі шектеулі азаматтың 6 жобасы несиелендірілген), 53 жаңа жұмыс орыны ашылды.
Бағдарламаның ІІІ-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2017 жылға 55 адамға 15 млн.132 мың теңге бөлініп, 28 кәсіпкерлік субьектілеріне 151 адам жұмысқа жолданды (оның ішінде 1 адам мүмкіндігі шектеулі).
Жастар тәжірибесіне республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 37,2 млн.теңгеге жыл басынан 163 жас маман 73 мекемеге жолданып, оның 24-і тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішінде 1 адам мүмкіндігі шектеулі).
2017 жылы қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 24,8 млн.теңге қаржы қаралып, 400 жұмыссыз азамат жұмыс жасады (оның ішінде 5 адам мүмкіндігі шектеулі)
Білім беруді дамыту мемлекетіміздің басты бағыты.
Биылғы оқу жылында білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
(оның ішінде: 28 жалпы орта мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 32 балабақша, 4 шағын орталық)
Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13972 оқушы білім алуда.
2016-2017 оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 624 түлектің 491-і (79,17%) Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа 82,0 баллды құрап, ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты.
Облыс көлемінде ең жоғарғы 136 балл жинаған Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәуренді аса мақтанышпен атаймыз.
2016-2017 оқу жылының қорытындысымен 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды.
624 мектеп бітірушіден 615 оқушы жоғарғы, арнаулы оқу орындарында грант және ақылы негізде білім алуда
(ЖОО грант -273, ЖОО ақылы – 180, АОО грант – 100, АОО ақылы – 62).
Қалған 9 оқушының 4-і жұмысқа орналасса, 1-і әскер қатарында, 2-і жұмыссыз, 2-і ата-ана қамқорлығындағы науқас балалар.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 550 мұғалім қайта даярлаудан өтті. (Қаржысы 41,5 млн.теңге).
Биылғы 2017-2018 жылы 11 сыныпты 651 оқушы бітіргелі тұр. ҰБТ-ге дайындық жүргізілуде
(2017 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтамасыз етілген 604 оқушыға 2,9 млн.теңге көлемінде көмек берілді).
2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 98,8 млн.теңге қаралып, қажетті құрал жабдықтар мен пәндік кабинеттерді жабдықтауға жұмсалды.
Оның ішінде 6 мектепке физика пәндік кабинетімен қамтамасыз етуге 42,5 млн.теңге, 6 мектепке химия пәндік кабинетімен қамтамасыз етуге 39,1 млн.теңге, 3 мектепке биология пәндік кабинетімен қамтамасыз етуге 17,1 млн.теңге бөлінді.
Ауданымызда 32 балабақша жұмыс жасайды 3-6 жас аралығындағы балалар бала бақшамен 100 пайыз қамтылған.
Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылар 27 пайызға жетті. (14881)
Сонымен қатар өздеріңізге белгілі мамыр айында Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батыры Т.Көмекбаевтың жүлдесіне арналған самбо күресінен халықаралық 22 мемориалы өткізілді.
Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 15-алтын, 22-күміс, 21-қола медальды иеленсе, Азия чемпионатында 1-қола және Әлем Кубогында 1-алтын медальді иеленді.
Жерлесіміз Ғалымжан Абдрахманов қазақша күрестен 2 дүркін Әлем чемпионы атанса, Елбасының жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев чемпион атанып, аймақ абыройын асқақтатты.
Денсаулық саласы бойынша: Есепті кезеңде тұрғындардың аурушаңдық деңгейі төмендеді. Жалпы өлім-жітім 5,2 ден 4,5 пайызға, нәрестелер өлімі 12,9 дан 8,7 пайызға, туберкулезбен ауру деңгейі 51,9 дан 42,6 пайызға төмендеді. Соңғы үш жылда ана өлімі тіркелген жоқ. Нәтижесінде орташа өмір сүру ұзақтығы 70,5 жастан 71,3 жасқа ұлғайды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру» жобасына 247,3 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы облыстық бюджеттен 13,1 млн.теңге бөлініп Жосалы ауылдық округінен медициналық пункт үшін ғимарат сатып алынды.
«Сыр елі-жыр елі» дегенде, тұтастай Тұран мәдениетін, бүкіл түркі халықтарының өнері мен әдебиетін және көне сарын дәстүрін, Қорқыт бабамыздан қалған мәдени мұраларымызға мұрагерлік ететін Қармақшы топырағының жыраулары болып табылатындығын айта кету қажет. Осы байлығымызды сақтап, одан әрі дамытуда, мәдениет объектілерінің құрылысын жүргізу, оның материалды-техникалық базасын нығайту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Аудандық мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.
Аудан бойынша мәдениет саласында жыл басынан бері 1121 мәдени шара өткізілді. Жалпы 2017 жылы материалдық техникалық-базасын нығайтуға және мәдени шараларға 35,3 млн.теңге бөлінді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты құрылған "Киелі жерлердің географиясы" жобасын жүзеге асыру барысында Қармақшы ауданы бойынша Қазақстанның киелі жерлері тізіміне Ежелгі «Шірік-Рабат» «Бәбіш мола» қалашықтары, «Қорқыт Ата» кешені, «Марал ишан» мазары және «Қалқай ишан» кесенесі енгізілді.
2017 жылы «Шірік-Рабат» (6 240,0 м.т.) және «Сортөбе» (5 000,0 м.т.) қалашықтарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы Елордамыз Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілгені баршамызға белгілі. Осы халықаралық көрме аясында өткен жылдың маусым-қазан айы (4 ай) аралығында «Қорқыт ата» мемориалды кешені жанынан «Этноауыл» орналастырылды. Этноауылда туристтерге арналып қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен хабар беретін түрлі шаралар ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылды. Этноауылды 13 500 адам тамашаласа, оның 3 500-і шетелдік туристтер болды.
Жыл аяғында Елбасы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары барысында ұлы қобызшы «Қорқыт Атаға» арналған сәулет кешенінде болып, жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» мүсінді көріп, музейде «Қорқыт Атаның» өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Қармақшы Жастары», «Қорқыт елі-Қармақшы» және «Төретам Жастары» қоғамдық бірлестіктері жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастарды қоғамда болып жатқан қоғамдық процестерге тарту, дарынды жастарды қолдау, аймақтық жастар саясатын қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарып келеді.
Сонымен қатар, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жеке штат бірліктерін ұстауға, коммуналдық шығындарына және материалдық техникалық базамен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 10,2 млн. теңге қаржы бөлініп, дербес ғимарат берілді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2017 жылы 4 млн 902 мың теңге қаралып, «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 жоба жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде (мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету, көз мүгедектерінің, Ауғанстан және аймақтық соғыс мүгедектерінің мүддесін қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, ардагерлер мүддесін қорғау, жастар бастамаларын дамыту және басқа да бағыттарда) 16 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды.
2017 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен барлығы 2,8 млн.теңге бөлінді.
2017 жылы аудан көлемінде жалпы саны 285 қылмыс тіркелді, оның ішінде ауыр және ерекше ауыр қылмыстың саны – 25. Тіркелген қылмыстың 63,8 пайызы ұрлық. Тіркелген қылмыс саны өткен жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейде қалыптасты.
Анықтама үшін:
р/с
|
Қылмыстың атауы
|
2016 жылы
|
2017 жылы
|
Айырмасы, +, -
|
1
|
Барлық тіркелген қылмыстар бойынша
|
283
|
285
|
+2
|
2
|
Ауыр қылмыс саны
|
22
|
25
|
+3
|
3
|
Кісі өлімі
|
1
|
1
|
0
|
4
|
Ауыр дене жарақаты
|
1
|
1
|
0
|
5
|
Зорлау
|
1
|
0
|
-1
|
6
|
Бөтен біреудің мүлкін ұрлау
|
167
|
182
|
+15
|
7
|
Тонау
|
4
|
5
|
+1
|
8
|
Қарақшылық
|
1
|
0
|
0
|
9
|
Бұзақылық
|
15
|
15
|
0
|
10
|
Алаяқтық
|
11
|
3
|
-8
|
11
|
Есірткі
|
20
|
16
|
-4
|
12
|
Бұрын қылмыс жасағандар
|
63
|
75
|
+12
|
13
|
Кәмелетке толмағандар арасында
|
2
|
3
|
+1
|
14
|
Масан күйде қылмыс жасағандар
|
49
|
41
|
-8
|
15
|
Топтасып қылмыс жасағандар
|
35
|
34
|
-1
|
16
|
Қоғамдық орындарда қылмыс жасағандар
|
42
|
41
|
-1
|
Жалпы қылмысты азайту мақсатында жоғарыда аталған жұмыстармен қатар, қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында да жұмыстар жүргізілді.
Профилактикалық жұмыстарға мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары, ерікті жасақшылар, сақшы сарбаздар тартылды.
Полиция инспекторлары жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, Жосалы кентінде 2 (екі), Төретам кентінде 1 (бір), Ақай ауылдық округінен 1 (бір) учаскелік полиция пункттерін сатып алуға облыстық бюджеттен 36,0 млн.теңге қаржы бөлініп, 4 учаскелік полиция пункттері ашылды.
Бұл жұмыстармен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар назардан тыс қалған емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жауаптылығын арттыру және болдырмау мақсатында өзім төрағалық ететін комиссия жұмыс жасайды. Осы бағыттағы жұмыстарға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы белсене қатысып келеді.
Ай сайын «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіліп, аудан тұрғындарының өтініштерін, ұсыныс-тілектері тыңдалды. Сондай-ақ, әр айдың бірінші онкүндігінде аудандық құқық қорғау органдарының басшыларымен қабылдау өткізіліп, заңдылықтың сақталуы, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қылмыстың алдын алу мәселелері бірлесе талқыланып отырды.
Сонымен қатар, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, партия өкілдері барлық ауылдарды аралап, халықпен кездесулер өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек әкімдіктің не құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл індетке қоғам болып күресуіміз қажет. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстарға барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерін жұмылдыратын боламыз.
Аудандағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің өз дәрежесінде халыққа қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жоғары кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру басты міндетіміз.
Сондықтан кадрларды іріктеу, даярлау, олардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді және ауданда мемлекеттік қызметкерлердің кадрлар резервін жасақтау жұмыстары қолға алынды.
Аудандағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны бүгінгі күнге 170 бірлікті құрап отыр. 2017 жылы 42 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырса, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған 14 қызметкер қайта даярлау курстарынан өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мәселесі де назардан тыс қалған емес. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтірмеуі, орындаушылық тәртіптің сақталу мәселесі аудан әкімінің мәжілістерінде қаралып, талқыланып отыр.
2017 жылы барлық мемлекеттік қызметшілер аттестаттаудан өтіп, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға ұсынылды.
Қадірлі қауым!
Бүгін Сіздердің алдарыңызда ауданда атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсат-міндеттерімізді баяндап өттім.
Елбасымыз жақында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан арнаған болатын. туындайтын міндеттер тұр.
«Алдыңда не күтіп тұр, соны ойла. Игі мақсатқа тура жүрген жетеді» деген ұлы ғұлама Фирдоусидің ұлағатты қағидасына сүйенетін болсақ, Елбасы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңында-ақ еліміздің ұзақ жылдарға арналған даму перспективасын болжап, ондағы басым бағыттарды айқындап берген болатын.
«Қазақстан – 2030» Стратегиясы еліміздің қалыптасу кезеңіндегі дамуын көрсетсе, «Қазақстан-2050» Стратегиясы әлемдік аренада әбден танылып, тұғыры нық қалыптасқан мемлекеттің ұзақ жылдарға арналған жаңа саяси бағытын айқындап берді. Елбасының халқымызды мәңгілік мұраттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» идеясы – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы.Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық дамуы айқындалатын осынау басты құжаттардың басым бағыттарының кезең-кезеңімен, уақыттан оза іске асқанын өмірдің өзі дәлелдеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын биылғы жолдауының тақырыбының өзі айтып тұрғандай, оның мазмұнында бүкіл әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқан кезеңіндегі еліміздің әлеуеті мен оның мүмкіндіктерін қалай пайдалана алатынымызды сөз ете отырып, жаңа кезеңге бейімделу үшін қандай қарекет жасайтынымызды да нақтылайды. Себебі, жаһандағы технологиялық қарқынды өзгерістер баршамыздың өмір салтымызды, ұрпақтарымыздың болашағын жылдам өзгертеді және сол өзгерістерге қарай бейімделуімізді талап етеді.
Мұны Елбасы кешегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана – сезіміміз бен дүниетанымымызғы әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», - деген болатын.
Елбасы Н.Ә Назарбаев өз жолдауында өркениеттен қалмай, көшбасшы елдер қатарынан көріну үшін алда орындалатын негізгі он міндетті ұсынды. Басым бөлігі индустрияландыру мен технологияға негізделген
Біз осы міндеттерді іс жүзінде іске асыруға жүйелі жұмыстар жасауға тиіспіз.
Енді көкейде жүрген пікір-сұрақтарыңыз болса тыңдап, тиісті жауабын беруге әзірмін.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |