Құрметті машықтанушылар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында «соvid-19»



бет1/5
Дата15.05.2020
өлшемі0,51 Mb.
#68720
  1   2   3   4   5
Байланысты:
804 549 5211



Құрметті машықтанушылар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында «СОVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 01.04.2020 ж. №123 бұйрығының 19-тармағына сәйкес колледж білім алушыларының өндірістік тәжірибе жинақтау жұмыстары қашықтықтан білім беру жүйесі арқылы өткізіледі.

Педагогикалық практиканы қашықтықтан өткізу төмендегі бағыттар негізінде жүргізіледі:

- әдіскер-оқытушы білім алушыларды сыныптарға бөледі;

- интернет желісіне қосылған E-COLLEGE жүйесі арқылы тәжірибе жинақтау бағдарламасы бойынша орындалуы тиісті тапсырмаларды күнделікті жүктейді, орындалуын қадағалайды, кері байланыс жасап отырады;

- машықтанушылардың «Балапан» телеарнасы арқылы көрсетіліп, интернет ресурстарында сақталатын әр сыныптың (білім алушының біліктілігіне сай) сабақтарын көруін, талдауын ұйымдастырады;

- машықтанушыларды бекітілген сыныбы бойынша ҚМЖ-ны дұрыс құруға, ҚМЖ-ға жүйелі талдау жасауға машықтандырады;

- әдіскер-оқытушы қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың ерекшеліктерін: сабақ мақсатын оқу мақсатына сай дұрыс анықтау, сабақ мақсатын саралау, деңгейлеп-саралап оқыту, қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, т.б. маңызды мәселелерді видеосабақтарға талдау жасауды тиімді ұйымдастыру арқылы түсіндіреді;

- машықтанушы тәжірибе жинақтаудың соңғы апталарында екі панорамалық немесе ықшам сабақты (екі-үш оқушы ретіндегі қатысушымен) дайындап, үй жағдайындағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, видеоға түсіріп,

E-COLLEGE жүйесі арқылы оқытушы-әдіскерге жібереді (Бұл машықтанушының сынақ жұмысы ретінде бағаланады).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет