Құрметті мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрайымы және мүшелері, кафедраның оқытушылары!


Нұрмашева Мадина сөйлеу тілінің даму көрсеткіші



бет7/7
Дата09.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66778
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Айман баяндама
АЛГ 1
8.Нұрмашева Мадина сөйлеу тілінің даму көрсеткіші:


9.Олжатай Қайрат сөйлеу тілінің даму көрсеткіші:


5-кесте

Балалардың сөйлеу тілін диагностикалаудың нәтижесі эксперименттік зерттеуге дейін және кейін



Баланың аты-жөні

Қалыптастырушы эксперимент (ұпай)

Бақылау эксперименті(ұпай)

Даму (%)

  1. 1

Әбілжан Айдос

62

78,5

26,6

  1. 2

Молдағалиева Арай

54

79

46,3

  1. 3

Адамбек Арман

62,5

85,5

36,8

  1. 4

Қыстаубаева Сәуле

73

94,5

29,5

  1. 5

Орынтай Айша

40,5

71

75,3

  1. 6

Серікбай Даниял

79

106,5

34,8

  1. 7

Орманов Берік

37

50

35,1

  1. 8

Нұрмашева Мадина

62

86

38,7

  1. 9

Олжатай Қайрат

74

87

17,6


Қалыптастырушы эксперимент нәтижесіне байланысты бақылау эксперименттінің нәтижесі бойынша зерттелуіші балалардың жалпы даму

2-сурет. Бақылау эксперимент нәтижесі бойынша эксперименталды топтың сөйлеу тілі дамуының жалпы

Сонымен қатар балалардың жоғарыда талған мінез-құлқы мен эмоционалды ерік сферасындағы кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі жоғарылады. Топтың лексикалық қоры айтарлық өсті. Антоним таңдау, мағынасы жағынан ұқсас сөздерді ажырату жақсарды. Жалпылау деңгейі қалыпқа жақындады.

Тірек сөздердің көмегімен сөйлем құруға арналған тапсырмаларды орташа деңгейде орындалды. Балалар барлық қателерін байқап, көбісін өздері түзеді, ал қалғандары көмекті қолданды.

Сөздің грамматикалық қатары да өзгеріске ұшырады. Сөзді көпше түрге айналдыруға арналған тапсырмаларды балалар өз беттерінше орындаған. Сөзді септеу, жіктеу қиындық тудырады.

Ал сөзжасам дағдылары жасынан төмен деңгейде қалыптасты. Ал жануардың балаларын, зат есімді кішірейтіп - еркелетіп атауға арналған тапсырмаларды балалар жақсы орындады. Балалардың екеуі қосымша сұрақты қажет етті.

Сюжеттік-рольдік ойындарды өткізу балалардың дыбыстау жағына әсерін тигізген жоқ. Себебі бұл балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты болатын. Сөздің буындық құрылымы аздап бұзылған бұл сөйлемді айту кезінде байқалады. Сөздің буындық құрылымының бұрмалануы, сөздерді алмастыру байқалады.

Балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейі айтарлықтай өсті, алайда екі балалның даму көрсеткіші сол күйінде қалды.

6-кесте

Анықтау және бақылау экспериментінің салыстырмалы көрсеткіштері





Баланың аты-жөні

Балл айырмасы

Даму %

1.

Әбілжан Айдос

12

19,4

2.

Молдағалиева Арай

25

54,4

3.

Адамбек Арман

30

30

4.

Қыстаубаева Сәуле

31,5

31,5

5.

Орынтай Айша

11

17,7

6.

Серікбай Даниял

5,8

5,8

7.

Орманов Берік

6

9,7

8.

Нұрмашева Мадина

34,8

34,8

9.

Олжатай Қайрат

21

44,7

Анықтау мен бақылау экспериментіндегі алынған көрсеткіштер арасындағы нәтиже 27,6 % құрады.

Сонымен қатар жалпы тіл дамымаушылығы бар ІІІ деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетін дамытуға арналған сюжеттік-рольдік ойындарды қолданудың тиімділігін анықтауға мүмкіндік туды.

Анықтау экспериментін өткізу барысында балалардың тұлғалық ерекшеліктерін, олардың білім мен дағдыны меңгеру ерекшелігін ескеру керек екендігі анықталды. Сондықтан да баладағы жақсы көрсеткіштерді (зейін, есте сақтау, ойлау) қолдану керек. Бұл баланың сабақты меңгеруіне жақсы көмектеседі. Материалды жеткізудің ең тиімді жолдарын таңдау керек, онда көрнекілік тактильді сезімдерді қосу, мүмкіндігінше дәм сезу анализаторларын қосу керек. Түзету жұмысында мұндай мүмкіндіктерді сюжеттік-рольдік ойындар бере алады.

Эксперименттік жұмыстың алдында әртүрлі мамандар өңдеген әдістемелік нұсқауларды қарап шығу міндеті тұрады. Сонымен қатар балалармен диагностикалау жұмысын жүргізуге арналған әдістемелердің де маңызы зор. Осы тақырып бойынша логопедиялық жұмысқа деген жүйелік көзқарас қана логопедтің кәсіби қортынды жасауына негіз береді. Зерттеу нәтижелеріне сандық - сапалық талдау жасау бір ғана баланың емес, оған қоса барлық топ балаларының көрсеткішетрін анықтауға мүмкіндік береді.

Мұнда жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекет ерекшеліктерін ескеру керек, танымдық белсенділікті тудыратын әр түрлі әдістерді қолданған жөн. Оларға: сюжеттік-рольдік ойындар, жаттығу, көрнекі материал (суреттер, ойыншықтар) жатады.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардыбастапқы диагностикалау нәтижелерін талдай отырып, олардың байланыстырып сөйлеу әрекетінің қалыптыдан төмен екендігі байқалады. Кейбір тапсырмаларды орындау балалрда қиындық тудырған, сөзжасам дағдыларды жеткілікті деңгейде қалыптаспаған, алайда артикуляциялық аппаратында ешқандай ақаулық болмаған. Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде ызың, ысқырық,сенсорлы дыбыстарды атауға болады.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгіІІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу әрекетінің даму мәселесі бойынша белгілі бір теориялық және практикалық ақпараттарды ала отырып, сонымен бірге анықтау эксперментінің нәтижесі мен сюжеттік-рольдік ойындардың әдістемесіне негізделе отырып, біз өзіміз құраған сюжеттік-рольдік ойындар жүйесін зерттеу жұмысында қолдануға болатынына көз жеткіздік.

Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы кезеңінде зерттеу тақырыбыма байланысты мектепалды даярлық топтармен жұмыс істейтін болғандықтан, сол жас ерекшелігіне қарай балалардың мақсат – мүдделерімен, байланыстырып сөйлеу дағдыларды дамытатын сюжеттік - рөлдік ойындар мен сабақтар жүргізілді. Бұл сюжеттік - рөлдік ойындар мен сабақтар «Эксперименталды» тобына жүргізілді. Сонымен «Эксперименталды» тобында байланыстырып сөйлеуін дамыту мақсатында сюжеттік - рөлдік ойындар мен сабақ үлгісі жасалынды.

«Емхана. Аурухана» сюжетті - рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын сюжетіне байланысты бірнеше топшаларға бөліну, ойындабайланыстырып сөйлеуін қалыптастыру. Ойында қоршаған ортадан алған білімдерін, әлеуметтік медицинаның маңызын көрсете білу.

Медициналық жұмыскерлердің жұмысына деген құрмет көрсетуге, қоршаған ортада өз-өзін ұстай білу ережелерін және байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

Дүкен


Мақсаты: Балаларды р-л, с-ш дыбыстарын ажыратуға үйрету.

Ойындық материал

Көлденеңінен 3 бөлікке бөлінген үлкен қағаз берілген. Әр бөлік шаршыға бөлінген, шаршыларда киімдер мен ыдыс-аяқтар бейнеленген. Бастапқы 2 бөлікте-киімдер болса, үшіншісінде-ыдыстар. Барлық заттардың атауында с, ш, р, л дыбыстары кездеседі.

Сөйлемде 2 дыбыс бар, яғни с-р немесе р-ш, екі вариантта берілген. ( екі жемпір, екі қант салғыш және т.б) болады. Суреттер астында торшалар салынған (ойынға қатысушылар сол торшаға ақша салады).

1.Ақшалар-қағаздан жасалған қима қағаздар. Оларда с, ш, р, л әріптері бейнеленген. Әрбір әріп 6 экземплярдан ( данадан) болуы тиіс. С тиынына - сүзбе, сағыз, сызғыш, сөмке, сәбіз, ал Ш тиынына - шар, қарындаш, сызғыш, Р тиынына - радио, компьютер, көзілдірік және т.б сатып алады.

Ойын барысы: Ойынға 4 бала қатысады. (кезек-кезекпен жүріс жасай ойнайды). Тәрбиеші әр балаға 6 қима қағаздан таратып береді. Әр қима қағазда әріптер бейнеленген. Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді. Мысал ретінде «Мен сатушы боламын, ал сендар сатып алушысыңдар. Өз ақшаларына дүкеннен 6 зат сатып ала аласыңдар. С ақшасына тек с дыбысы бар заттар, ал Р ақшасына тек р дыбысы бар заттар алуға болады. Тиындарды сендерге керек нөмерлі торшаға салыңдар. Егер дұрыс төлесеңдер, мен сендерге затты сатамын». Бірінші кім ақшасын дұрыс тез жұмсаса со ұтыскер атанады.



Күтілетін нәтиже:

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын сюжетіне байланысты бірнеше топшаларға бөліну, ойында байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

Мамандық түрлері жайлы ұғынады. Сюжетті-рөлдік ойындарын ойнауды түсінеді. Суретпен жұмыс жасау қолданады.

«Құрылыс» сюжетті - рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларды рөлдерге бөліп, сол рөл бойынша әрекет жасауға үйрету, көрнекілікті, құрылыс материалдарын, құрастыруды сюжетке сай қолданып байланыстырып сөйлеуін қалыптаструға әрекет жасау. Ойында қоғамдық өмірден алған білімін көрсете біліп, шығармашылық ойлау мен тілін дамыту.

7-кесте

Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың қалыптастыру



Жағдаят

Көрнекіліктер

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс – әрекеті

Құрылыс объектісін таңдау; құрылыс материалдарын таңдап, құрылыс алаңына жеткізу; құрылыс дизайны; объектіні тапсыру.

Құрылыс жоспары; әр – түрлі құрылыс материалдары; құрал – жабдықтар; жұмыс киімі; құрылыс техникасы; материалдар үлгілері; дизайн бойынша журналдар.

Құрылыс басшысыр өлінде жұмысты ұйымдастырып, жұмыскерлерді қадағалайды, дау – жанжалды жояды. Керекті құрылыс материалдарына тапсырыс береді. Тапсырыс беруші, дизайнер мен кездесіп прорабқа тапсырма береді.

Тапсырыс берушілер құрылыс фирмасына құрылысқа тапсырыс береді, құрылыс жасалатын жергілікті жерді жариялайды, тапсырыс алып, алғысын білдіреді. Дизайнер журнал бойынша құрылыс үшін объектіні таңдауына ұсыныс жасайды, тапсырыс берушімен құрылыс жоспарын талқылайды. Сюжет бойынша прораб құрылыс материалын таңдап, құрылысшылар да жеткілікті материалын болуын қамтамасыз етіп құрылысты басқарады. Жүк тасушылар жүкті жеткізіп, жұмысшылар қарастырады оларға машиналар көмектеседі.

1.Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем әдебиетті оқып беру. Ә.Мұқанов «Құрылысшы» өлеңі

Зәулім мектеп алаңы,

Көркем үйліқаланы,

Балалардың бақшасын

Құрылысшылар салады.

Мәрмәр тастыдіңгекті,

Театрды көрнекті

Әсем ою, өрнекті

Құрылысшылар салады.

2.Өнімді іс-әрекет:

«Құрылысшылар» альбомын дайындау

Өткелді, көлік жолын құрылыс материалынан құру

3.Балалармен әңгімелесу:

-Құрылысшы мамандары: тасшы, қалаушы, краншы, сырлаушы, жүргізуші. Немен айналысады, қандай көлікті пайдаланады;

-Кім үйді қалайды, қандай құрылысшы мамандарын білесің?

4.Дидактикалық ойындар:

-«Гараж тұрғызайық»

-«Ферма»

-«Жас дизайнер»

5.Ата -аналарменжұмыс:

-Құрылыс фирмасының жұмысшыларының еңбектері жайында көрнекіліктер таңдау.





Күтілетін нәтиже:

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың құрылысшылар туралы ойын сюжетіне байланысты бірнеше топшаларға бөліну, ойында байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

Мамандық түрлері жайлы ұғынады. Сюжетті-рөлдік ойындарын ойнауды түсінеді. Суретпен жұмыс жасау қолданады.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардыңбайланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытудағы сюжеттік ойын нәтижесі:

- Байланыстырып сөйлеуін дамытады;

- Сөйлемді толық айтуды үйренеді;

-Мәдени – қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді;

- Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді;

- Ұялшақтықтан арылады;

- Қабілеттерін көрсете алады;

- Шыдамдылығы артады;

- Еркін сөзді дұрыс айтып, сөйлей алады;

- Сөйлемді толық айтуды үйренеді;

- Бастаған істі аяқтауды үйренеді;

- Ретсіз жылауды, қосымша дыбыс шығаруды доғарады.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту үшін әртүрлі тақырып бойынша балалардың белсенді және енжар сөздік қорын толықтыруға бағытталған ойындар қолданылады.

Әрбір балаға әдістемелік нұсқаулар бойынша сюжеттік-рольдік ойындар арқылы сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған жеке бағдарлама құрылды. Бұл әрбір жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі баламен ол меңгермеген, өтіліп кеткен тақырыптарға қайта оралуға мүмкіндік берді. Жақсы нәтиежеге қол жеткізу үшін логопедиялық жұмысты отбасында жеке жұмыспен байланыстыру керек, яғни балабақша мен отбасының бірігіп жұмыс істеуі қажет. Отбасында сюжеттік-рольдік ойынды жүргізу ата-аналардан ерекше дайындықты талап етпейді.

Эксперимент жұмысының нәтиежелері сюжеттік-рольдік ойындардың жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі ІІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу әрекетін дамытатын құрал екендігін дәледейді. Ойындар сабақта, әртүрлі әрекет түрлерінде, тәрбиешілер мен ата-аналардың қолдануына ыңғайлы.

Эмоционалды қатынас жасауда ересек пен бала ойларын емес сезімдерін білдіреді. Біртіндеп ересек адамдармен баланың қарым-қатынастары толығады, заттардың ауқымы кеңейеді.

Осылайша, логопедтің жұмысы ойын тәсілдері мен амалдарын қолдануға мұқтаж. Атақты ғалымдар лексика, грамматика, фонетиканың дамуындағы бұзылыстарын жоюға арналаған. Көптеген ойындық тәсілдерді өңдеген. Жалпы тіл дамымаушылығындегі лексикалық - грамматикалық бұзылыстар ең негізгісі болғандықтан, оны жою көп уақытты қажет етеді. Осылайша, логопедиялық жұмыстың түрлі кезеңдерінде сюжеттік-рольдік ойындарды, ойын тәсілдерін қолданудың теориялық және тәжірбиелік маңызы зор.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың лексикалық-грамматикалық бұзылыстарын жоюға арналған көптеген мамандардың жұмыстарын талдау және эксперименттік зерттеу жұмысы мәселенің өзектігін дәлелдеді.

Біздің эксперименттік жұмысымыз біз құрған сюжеттік-рольдік ойынның нәтиежелілігін анықтауға бағытталған болатын.

Эксперименттік жұмыс Шымкент қаласындағы №28 «Гаухар» функциялары ауыр және жеңіл бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бөбекжай балабақшасының мектеп алды даярлық тобында жүргізілді. Эксперименттік жұмыс 5 - 6 жастағы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар қатысты. Зерттеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша әртүрлі авторлардың әдістемелік нұсқаулары қарастырылды. Екіншіде, жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларды алғашқы диагностикалау жүргізді. Осының негізінде сюжеттік-рольдік ойындардың жүйесі құрылды. Анықтау кезеңінде жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеу әрекетінің түрлі деңгейлерін көрсетті.

Эксперименттік жұмыс ойын тәсілдерін жалпы тіл дамуының бұзылысы жоюға қолдануда ең тиімді жол екендігін көрсетті.

Сонымен, егер жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі ІІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу әрекетін дамыту бойынша жұмысты құруда сюжеттік-рольдік ойынды қолданса, онда бұл балалардың сөйлеу әрекетінің даму процесі сәтті өтетіні туралы болжам дәлелденді.

Осылайша, логопедиялық сабақ барысында тиімді ойын тәсілдерін қолдану, барлық сабақта ойынды қолдану жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі ІІІ деңгейдегі балалардың тапсырмаға деген қызығушылығын, жандануын тудырады, оқуға деген мотивациясын жоғарлатты, ойлау әрекетін белсендендіреді. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптаструда сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалануда оң нәтиже беретініне сенімдімін.

ҚОРЫТЫНДЫ


Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетінің дамуы туралы мәселе - бұл ғылыми-әдіснамалық мәселе, оған психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде көп көңіл бөлінген. Жалпы тіл дамымаушылығы бар балалрдың сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін зерттей келе, сөйлеу тілін дамытуға бағытталған арнайы түзету сабақтарын өткізудің керектігін меңзейді.

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу тілінің даму мәселесіне арналған отандық және шетелдік мамандардың жұмыстарын талдау, қазіргі таңда осы балалардың сөйлеу әрекетін дамыту, оның дыбыстық, сөздік қоры, грамматикалық қатарын толықтыру көптеген мамандарды ойландырғанын көрсетті.

Дыбысайту кемшіліктері, сөздік қордың шектеулілігі, сөйлеу ырғағының өзгеруі осының барлығы әртүрлі деңгейде мектеп жасына дейінгі жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру мақсатында сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану әрекетіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Ойынның маңызы соншалықты тіпті ол ойын тәсілдерін логопедиялық жұмыста қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру мақсатында сюжеттік-рөлдік ойындарды түрлі әдістердің ішінде алдыңғы орынға қояды. Сабақ барысында ойынды немесе ойынның жеке бөліктерін қолдану арқылы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалармен түзету жұмысында пайда болған қиындықтарды жеңуге болады. Себебі логопедтің міндеті жалпы тіл дамуының бұзылысы бар баланың тіл дамымаушылығын жою. Осы бағытта балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру мақсатында сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану маңызы зор, себебі материалдарында жалпы тіл дамуының бұзылысы бар бала ересек адамның талабын орындап қана қоймай, сонымен қатар белсенді әрекет етеді. Мұнда логопедтің жалпы тіл дамуының бұзылысы бар баланың сөйлеу тіліне ата-аналарын қосу жұмысы да маңызды. Эмоционалды қатынас жасауда ересек пен бала ойларын емес сезімдерін білдіреді. Біртіндеп ересек адамдармен баланың қарым-қатынастары толығады, заттардың ауқымы кеңейеді.

Осылайша, логопедтің жұмысы ойын тәсілдері мен амалдарын қолдануға мұқтаж. Атақты ғалымдар лексика, грамматика, фонетиканың жалпы тіл дамуының бұзылыстарын жоюға арналаған. Көптеген ойындық тәсілдерді өңдеген. Жалпы тіл дамуының бұзылыстарындағы лексикалық - грамматикалық бұзылыстар ең негізгісі болғандықтан, оны жою көп уақытты қажет етеді. Осылайша, логопедиялық жұмыстың түрлі кезеңдерінде сюжеттік-рольдік ойындарды, ойын тәсілдерін қолданудың теориялық және тәжірбиелік маңызы зор.

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың лексикалық-грамматикалық бұзылыстарын жоюға арналған көптеген мамандардың жұмыстарын талдау және эксперименттік зерттеу жұмысы мәселенің өзектігін дәлелдеді.

Біздің эксперименттік жұмысымыз біз құрған балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру мақсатында сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтиежелілігін анықтауға бағытталған болатын.

Эксперименттік жұмыс Шымкент қаласындағы №28 «Гаухар» функциялары ауыр және жеңіл бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бөбекжай балабақшасының мектеп алды даярлық тобы таңдалып, жүргізілді. Эксперименттік жұмыс 5-6 жастағы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар қатысты. Зерттеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша әртүрлі авторлардың әдістемелік нұсқаулары қарастырылды. Екіншіде, жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балаларды алғашқы диагностикалау жүргізді. Осының негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру мақсатында сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану ойындардың жүйесі құрылды. Анықтау кезеңінде жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар сөйлеу әрекетінің түрлі деңгейлерін көрсетті.

Эксперименттік жұмыс ойын тәсілдерін сөйлеу тілінің бұзылыстарын жоюға қолдануда ең тиімді жол екендігін көрсетті.

Сонымен, егер мектеп жасына дейінгі жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу әрекетін дамыту бойынша жұмысты құруда балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру мақсатында сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдаланғанда сөйлеу әрекетінің даму процесі сәтті өтетіні туралы болжам дәлелденді.



Тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Қысқартасың ғой! Бірақ сабақтарды айту керексің! Осындай сабақ өттім деп 4 сабақты айтып өтесің.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет