Құрметті мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрайымы және мүшелері, кафедраның оқытушылары!



бет1/7
Дата09.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66778
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Айман баяндама


Құрметті мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрайымы және мүшелері, кафедраның оқытушылары!

Бүгін мен «Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану» тақырыбы аясындағы дипломдық жұмысымды қысқаша баяндауға рұхсат етіңіздер.

       Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім  кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Яғни адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі оның сөйлеу қабілеттілігі, ал сөйлеу қабілеттілігінің қалыптасуы мектеп жасына дейінгі балалардан бастау алады.

Қазіргі таңда, бала тілін неғұрлым ерте бастан дамыту арқылы олардың жеке басының қалыптасуына жағдай жасау оқу-тәрбие мәселесіндегі көкейтесті тақырыптарының бірі. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асатыны мәлім.

Осыған сәйкес, түзету ұйымдардағы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай білім алады. Соңғы жылдары жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту-түзету (коррекциялық) жұмыстары, сондай-ақ оларға арнайы мамандарды дайындау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Біздің елімізде сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселесі М.С.Грушевская, Қ.Қ.Өмірбекова, З.А.Мовкебаева, Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева сияқты дефектолог ғалымдардың және Г.М.Қасымова сияқты психолог, К.М.Метербаева сияқты педагог ғалымдардың зерттеулерінде орын алған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет