Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
Оқу мақсаты
|
|
2.3.1.1 Бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір-бірінен ажырату және атау/ тік төртбұрыш, шаршы, тік бұрышты үшбұрыштың мәнді белгілерін анықтау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Бұрыштарды түрлеріне қарай ажыратады және атайды
Негізгі белгілеріне қарай тіктөртбұрышты, шаршыны, тік бұрышты үшбұрышты ажыратады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Бұрыштардың атауын жаз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
доғал бұрышты таниды және атауын жазады;
сүйір бұрышты таниды және атауын жазады;
тік бұрышты таниды және атауын жазады;
|
2-тапсырма
Сипаттамасы бойынша фигураның атауын жаз.
Бұл фигураның төрт тік бұрышы бар, бірақ шаршы емес.
Бұл фигураның бір тік бұрышы және екі сүйір бұрыштары бар.
Бұл фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
сипаттамасы бойынша тік төртбұрышты анықтайды және атауын жазады;
сипаттамасы бойынша үшбұрышты анықтайды және атауын жазады;
сипаттамасы бойынша шаршыны анықтайды және атауын жазады.
|