Құрметті мұғалім!


Бөлімше 5.2 Математикалық тіл



бет19/19
Дата08.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#123349
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ҚБ Математика 2кл каз

Бөлімше 5.2 Математикалық тіл




Оқу мақсаты 2.5.2.4 Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері
атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану


Бағалау критерийі Білім алушы

        • Компоненттері бойынша көбейту/ бөлу амалдарына өрнектер жазады және оқиды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.


48 бен 6-ның бөліндісі




9 бен 7 -нің көбейтіндісі




Бірінші көбейткіші – 4, көбейтіндінің мәні 32-ге тең. Екінші көбейткіші
нешеге тең?




Бөлінгіші - 56, бөліндінің мәні – 7. Бөлгіш нешеге
тең?




Бөлгіш 7-ге, ал бөліндінің мәні 4-ке тең. Бөлінгіш
нешеге тең?







    • Өрнектерді әр түрлі тәсілмен оқы.



Дескриптор Білім алушы

  • компоненттері бойынша көбейтінділер жазады;

  • компоненттері бойынша бөлінділер жазады;

  • көбейтуге берілген өрнектерді түрлі тәсілдермен оқиды;

  • бөлуге берілген өрнектерді түрлі тәсілдермен оқиды.

67

4-тоқсан





4 А бөлім: «Тиімді есептеу тәсілдері»

Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау

Оқу мақсаты




2.1.2.3 Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қосудың/көбейтудің қасиеттерін ажыратады

  • Есептеу барысында қосу мен көбейтудің қасиеттерін (орын ауыстырымдылық, терімділік) тиімді қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген өрнектердің мәні бірдей деп айтуға бола ма? Неліктен?

5 +(2+4)

(5+2)+4

5+(4+2)

(5+4)+2

  • Берілген өрнектерді есептеу барысында қосудың қандай қасиеттері қолданылды?

  • Өрнектерді тиімді тәсілмен есепте.



9 + 71= 36 + 25 + 4 = 3 х 60 =



Дескриптор



Білім алушы

  • берілген өрнектердің негізінде қосудың қасиеттерін атайды;

  • қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып есептейді;

  • қосудың терімділік қасиетін қолданып, есептейді;

  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолданып, есептейді.

Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер

Оқу мақсаты




2.2.1.5 Екі амалдан артық жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жақшалы/жақшасыз түрде берілген бірнеше амалды санды өрнектерді салыстырады

  • Жақшалы/жақшасыз түрде берілген бірнеше амалды әріпті өрнектерді салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өрнектерді берілген жоспарға сүйеніп салыстыр.



  • Әр өрнектің мәнін жеке есепте.

  • Шыққан нәтижелерін өрнектің жоғарғы жағына жаз.

  • Өрнектердің арасына тиісті таңбаны қой.









Дескриптор



Білім алушы

  • екі амалдан артық жақшалы санды өрнектерді салыстырады;

  • екі амалдан артық жақшасыз санды өрнектерді салыстырады;

  • екі амалдан артық жақшалы әріпті өрнектерді салыстырады;

  • екі амалдан артық жақшасыз әріпті өрнектерді салыстырады.

Бөлімше 2.1 Санды және әріпті өрнектер

Оқу мақсаты







2.2.1.6 Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Амалдарды орындау тәртібін анықтайды

  • Бірнеше амалды жақшалы/жақшасыз өрнектердің мәнін табады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Амалдарды орындау тәртібін нөмірлеп көрсет.

– * ( + ) :


* + :



  • Өрнектердің мәнін тап.

43 – (20-7) +15
32 + 9 * 2 – 16
2*9 – 18:3

Дескриптор

Білім алушы

  • бірнеше амалды жақшалы өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтайды;

  • бірнеше амалды жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтайды;

  • бірнеше амалды жақшалы өрнектердің мәнін табады;

  • бірнеше амалды жақшасыз өрнектердің мәнін табады.



4 В бөлім: «Есептерді шешу тәсілдері»




Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 2.5.1.4 Санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік
салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару


Бағалау критерийі Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма.


а) Есепті шығар.

Мектепке 6 қорап тоғызқұмалақ ойынын және 18 қорап дойбы ойынын сатып алды. Мектепке дойбыға қарағанда неше есе кем тоғызқұмалақ ойыны сатып алынды?


б) Сызбаны толықтыра отырып, берілген есепке кері есеп құрастыр және шығар.


Шешуі: Жауабы:


Дескриптор Білім алушы
- есептің қысқаша шартын жазады/ сызбасын сызады;

  • есепті шешу амалын таңдайды және шешуін санды өрнек түрінде жазады;

  • өрнектің мәнін табады және шама атауын жазады;

  • есептің жауабын жазады.

  • берілген есепке кері есеп құрастырады;

  • кері есептің шартын сандық мәліметтермен толықтырады;

  • есептің шешуін өрнек түрінде жазады және мәнін табады;

  • есептің жауабын жазады.

Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель

Оқу мақсаты




2.5.1.5** Тура және жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты) бір-бірінен ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • «Бірнеше есе артық/кем» қатынастарымен берілген тура және жанама есептерді ажыратады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Есептің мәтініндегі айырмашылықты тауып, астын сыз. Есептердің түрін анықтап, атауымен байланыстырып сыз.

Бірінші көшеге 24 үй, ал Бірінші көшеге 24 үй екінші көшеге одан 3 есе салынды, бұл екінші көшеге


кем үй салынды. Екінші қарағанда 3 есе артық. Екінші
көшеге неше үй салынды? көшеге неше үй салынды?


Жанама есеп Тура есеп

  • Есептерді шығар.

1. Шешуі: 2. Шешуі:



  • Есептердің шешуін салыстыр және түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы

  • есептердің мәтініндегі айырмашылықты анықтайды;

  • тура және жанама есептерді ажыратады;

  • тура есептің шешуін өрнек түрінде жазады;

  • жанама есептің шешуін өрнек түрінде жазады;

  • есептердің шешуін салыстырады және түсіндіреді.



Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель




Оқу мақсаты 2.5.1.8 Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай
есептердің шешуін санды өрнектер түрінде; құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару


Бағалау критерийі Білім алушы

    • Барлық амалдарға берілген құрама есептерді шығарады

    • Құрама есептердің шешуін жекелеген амалдар және санды өрнек түрінде жазып көрсетеді



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Есепті оқы.

Еңбек сабағына арнап 17 дана жасыл түсті және 5 дана сары түсті қағаз сатып алынды. Аппликация жасау үшін 8 дана қағаз жұмсалды. Неше дана қағаз қалды?





  • Берілген деректер бойынша кестені толықтыр.




Сатып алынды

Жұмсалды

Қалды













  • Есепті берілген жоспар бойынша шығар.




  1. Мектепке барлығы неше дана қағаз әкелінді?

  2. Мектепте неше дана қағаз қалды?


  • Есептің шешуін бір өрнек түрінде жазып көрсет.



Жауабы: дана қағаз қалды.
Дескриптор Білім алушы

    • кестені тиісті деректермен толықтырады;

    • есептің шешуін жекелеген амалдар түрінде жазады;

    • есептеулерді дұрыс жүргізеді;

    • есептің шешуін санды өрнек түрінде жазып көрсетеді;

    • есептің жауабын жазады.

4 С бөлім: «Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан»

Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Оқу мақсаты




2.3.1.3 Көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттар қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды: Р=(а+b)×2, Р= а ×4,
Р = a+b+c қорытындылау, құру және қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Геометриялық фигуралардың/қоршаған ортадағы заттардың ұзындықтарын өлшейді

  • Формула бойынша геометриялық фигуралардың периметрін табады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Тапсырма

  • Геометриялық фигуралардың периметрін табу формулаларын жаз.







  • Шаршының қабырғаларының ұзындығын өлше. Формула бойынша шаршының периметрін есептеп шығар.



Дескриптор



Білім алушы

  • геометриялық фигуралардың периметрін табу формулаларын жазады;

  • шаршының қабырғаларының ұзындығын өлшейді;

  • шаршының периметрін формула бойынша есептеп шығарады.




Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Оқу мақсаты




2.3.1.4 Фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі мен белгілі қабырғалары арқылы табу

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Периметрі бойынша фигураның белгісіз қабырғасының ұзындығын табады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген фигуралардың периметрі 47 см-ге тең. Әр фигураның белгісіз қабырғасының ұзындығын анықта.





Дескриптор

Білім алушы

  • үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын анықтайды;

  • төртбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын анықтайды.




Бөлімше 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Оқу мақсаты




2.3.1.5 Берілген периметрі бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Белгілі периметрі бойынша жазық фигуралар

салады

  • Фигураның пішініндегі өзгерістердің периметрмен байланысын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Периметрі 16 см болатын шаршы сыз.






  • Шаршының қабырғаларының ұзындығын 2 есе арттыр. Екінші шаршының периметрін тап.

  • Екі шаршының периметрлерін салыстыр. Периметрдің өзгеру себебін түсіндір.

Дескриптор

Білім алушы

  • берілген периметрі бойынша шаршының қабырғасының ұзындығын анықтайды;

  • белгілі ұзындыққа сәйкес шаршы салады;

  • екінші шаршының қабырғаларының ұзындығын есептеп шығарады;

  • екінші шаршының периметрін анықтайды;

  • шаршылардың периметрін салыстыра отырып, өзгеру себебін түсіндіреді.

Бөлімше 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу




Оқу мақсаты 2.3.2.3 Жазық фигуралардың модельдерін бөлу және
олардан композиция құрастыру


Бағалау критерийі Білім алушы

      • Жазық фигураларды бөліктерге бөліп, композиция құрастырады



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Суреттерге мұқият қара. Бұл ойын «танграмм» деп аталады. Ойынның мақсаты жазық фигураны бірнеше бөліктерге бөліп, бөліктерден әр түрлі фигуралар құрастыру болып табылады.


Мысалы:




Тапсырма




Берілген тіктөртбұрышты 1 шаршы және 4 үшбұрышқа бөл. Бөліктерден кез келген фигура (мысалы, үй, балық т.б) құрастыр.
Дескриптор Білім алушы

  • берілген тіктөртбұрышты сәйкес бөліктерге бөледі;

  • бөліктерден композиция құрастырады.

Бөлімше 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

Оқу мақсаты




2.3.2.4 Бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу), анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бағыты мен қозғалысын анықтай отырып, нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген нұсқаулық бойынша әрекет жасай отырып, Қонжықтың саябағының жобасын сал. Сызғыш пен түсті қарындаштарды пайдалан.



Нұсқаулық:

  1. Берілген сызбаның сол жақ төменгі нүктесінен бастап оң жаққа қарай 11 см кесінді сыз.

  2. Оң жақтағы жоғарғы және төменгі нүктелерді қосатын кесінді жүргіз. Қандай фигура пайда болды?

  3. Шыққан фигураның қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінділер жүргіз. Қиылысқан жеріне қызыл түсті қарындашпен нүкте қой және оны Қ әрпімен белгіле. Бұл Қонжықтың үйі дегенді білдіреді.

  4. Сол жақ жоғарғы бұрышқа көк түспен Үкінің үйін белгіле.

  5. Оң жақ төменгі бұрышқа жасыл түспен Торайдың үйін белгіле.

  6. Қонжықтың үйінен солға қарай қоңыр түспен Есектің үйін белгіле.

Дескриптор

Білім алушы

  • кеңістіктің бағыттарын ажыратады;

  • нұсқаулық бойынша әрекет жасай отырып, нүктелерді дұрыс белгілейді.

Бөлімше 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

Оқу мақсаты




2.3.3.1 Сызықта белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сызық бойындағы нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу бағытын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма.
Суретке мұқият қара. Сызық бойындағы нүктелердің орнын анықта.

Берілген тірек сөздерді пайдаланып, нүктелердің орналасуындағы бір-біріне қатыстылықты сипаттап айт.
Тірек сөздер: сол жағында, оң жағында, ортасында, арасында, оңға қарай, солға қарай.
Үлгі: В нүктесі А нүктесінің оң жағында орналасқан.



Дескриптор



Білім алушы

  • сызық бойындағы әр нүктенің орнын сипаттап айтады;

  • тірек сөздерді дұрыс қолданады.

Бөлімше 4.2 Пікірлер




Оқу мақсаты 2.4.2.2 Сандық есептерді, әртүрлі сандардан тұратын басқатырғыштарды, ауыстырып құюға және өлшеуге берілген логикалық есептерді зерттеу және шығару


Бағалау критерийі Білім алушы

    • Логикалық есептерді шығарады және түсіндіреді



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма


Берілген есептерді шығар және шешімін практикалық тұрғыда көрсетіп, түсіндір.



  • Ыдыста лимон, алма және алмұрт бар. Оларды үш жемістен неше тәсілмен алуға болады?





  • Шелекке 11 литр, ал банкаға 3 л су құюға болады. Шелек пен банканы пайдаланып, 4 л суды қалай құйып алуға болады?

Дескриптор Білім алушы

    • комбинаторикалық есептің шешуін анықтайды;

    • ауыстырып құюға берілген есепті шығарады;

    • есептердің шешуін практикалық тұрғыда көрсете отырып, түсіндіреді.

Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель




Оқу мақсаты 2.5.1.2** Есептерді шығару барысында ұзындығы, ені,
периметр шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану


Бағалау критерийі Білім алушы

      • Фигураның ұзындығы, ені, периметрі арасындағы байланысты пайдаланып есептейді



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма.


Есептің қысқаша жазбасын толықтыр және шығар.
Тіктөртбұрыш пішіндес хауыздың периметрі 20 м, ал ұзындығы 6 м болса, оның ені неше метр болады?
P = м
а = м
b = м
Шешуі:
Жауабы: хауыздың ені м.
Дескриптор Білім алушы

  • қысқаша жазбаны сандық деректермен толықтырады;

  • тіктөртбұрыштың периметрін табу формуласын түрлендіреді;

  • есептің шешуін өрнек түрінде жазады;

  • тіктөртбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын табады есептің жауабын жазады.

Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель

Оқу мақсаты




2.5.1.5** Ұзындықты, енін, периметрді табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тіктөртбұрыштың қабырғалары мен периметрін табуға берілген есептерді шығарады

  • Кері есеп құрастырады және шығарады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Есепті шығар.

Құм салынған ойын алаңының периметрі 28 м ағаш тақтайшамен қоршалды. Егер қоршаудың ені 5 м болса, оның ұзындығы неше метр болады?






  • Сурет бойынша берілген есепке кері есеп құрастырып, сызбаны сандық деректермен толықтыр. Есепті шығар.


Шешуі:


Жауабы:





Дескриптор



Білім алушы

  • периметрі бойынша фигураның ұзындығын анықтайды;

  • кері есеп құрастырады және сызбаны толықтырады;

  • есептің шешуін санды өрнектер түрінде жазады және атауын көрсетеді;

  • есептің жауабын дұрыс жазады.

Бөлімше 5.2 Математикалық тіл

Оқу мақсаты




2.5.2.3 Нүктелерді, кесінділерді, сәулелерді, түзулерді латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Геометриялық фигураларды белгілеуде латын алфавитінің бас әріптерін қолданады

  • Геометриялық фигураларды таңбалануы бойынша оқиды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  • Геометриялық фигураларды әріптермен белгілеп көрсет.





  • Фигураларды таңбалануы бойынша оқы.



Дескриптор



Білім алушы

  • геометриялық фигураларды латын алфавитінің әріптерімен белгілейді;

  • фигураларды таңбалануы бойынша дұрыс оқиды.

Теруге 19.07.2017. берілді. Басуға 20.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т. 9,8. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574


«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.kz.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет