Құрметті оқырман, “Қазақша SMM”
марафонын тәмамдап, жаңа
білімнен сусындап, жаңа жеңістерге қол жеткізуіңізбен құттықтаймыз.
Бұл марафон сіз үшін тек он төрт күн
бойы орындалған тапсырмалар,
платформаға жүктелген есеп пен тағатсыздана күткен әр таң болып
қалмауы үшін, біз сізге осы кітапты арнадық. Иә,
бұл кітап сіздерге деген
ыстық ықыласымыздан, құрметіміз бен алғысымыздан туындады. Он
төрт күн бойы жиған біліміңізді тағы да
кейбір ақпаратпен толықтырып,
біз «Қазақша SMM» атты электронды кітаптың жарық көруін жөн көрдік.
Сіздің әлеуметтік желіге деген қызығушылығыңыз бен ол туралы
біліміңзді арттыра білдік деген ойдамыз. Дегенмен,
марафон бітті деп,
статистиканың төмендеуіне, контент-жоспардың
жазылмауына және
әдемі суреттердің түсірілмеуіне жол бермеңіз. Қажырлы еңбектің,
статистикаңыз бен оқырмандар санының көбеюі қандай ләззат
сыйлатыны есіңізде ғой? Ендеше, бұл кітапты
кез келген уақытта қолға
алып, ұмыт болған ақпаратты еске алуға, басқаша көз жүгіртуге, өзіңіз
үшін жаңалық ашуға және өз пайдаңызға қолдануға асық болыңыз.