Құрметті студент!
2016 жылы «Білім - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.
Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.
1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:
1. Педагогика
2. Биологияны оқыту әдістемесі
3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
4. Биологияға кіріспе
Тестілеу уақыты - 180 минут.
Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.
Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.
Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға
қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.
Педагогика
|
1. Педагогиканың бөлімдері:
A) Педагогиканың жалпы негіздері
B) Оқыту және тәрбие теориясы
C) Балалар ұжымының теориясы
D) Дүниетаным негіздері
E) Білім беру жүйесін басқару
F) Педагогикалық үдерістің негіздері
|
2. Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi:
A) орталық нерв жүйесінің қасиеттері
B) дене қасиеттері
C) даралығы
D) саналылығы
E) жауапкершiлiгi
F) дене бітімі
G) инстинктері
|
3. Педагогика саласында балалардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар:
A) Сластенин В.А., Кузьмина Н.В
B) Дистервег А., Сластенин В.А
C) Толстой Л.Н., Хмель Н.Д
D) Толстой Л.Н., Сластенин В.А
E) Ушинский К.Д., Толстой Л.Н
F) Хмель Н.Д., Ушинский К.Д
|
4. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер:
A) теориялық
B) психологиялық
C) практикалық
D) техникалық
E) технологиялық
F) әдістемелік
|
5. Тұтас педагогикалық процесті зерттеген ғалымдар:
A) В.В. Краевский
B) Т.Парсонс
C) Р.Мертон
D) А.Ф. Каптерев
E) С.Қалиев
F) Н.Д. Хмель
G) Ю.К. Бабанский
H) К.Ж. Кожахметова
|
6. Эстетикалық тәрбие міндеттерінің бірі:
A) еңбек қабілеттілігін арттыру
B) ағзаны шынықтыру
C) эстетикалық білімдер беру
D) ғылыми дүниетаным қалыптастыру
E) мемлекетке деген құрмет сезімін қалыптастыру
F) ой қабілеттерін дамыту
G) эстетикалық талғамды және сезімді дамыту
|
7. Тәрбиенің мақсаты:
A) ата-ана міндеттері
B) амалдар жүйесі
C) тәрбиеленуші шешетін міндеттер
D) тәрбиеленушілерді жағымды іс-әрекетке өзгертуге бағыттылық
E) мектептің мақсаты
|
8. Дүниетаным - бұл:
A) Қоғамның жағдайына деген көзқарастар жүйесі
B) Мектептің жағдайына деген көзқарастар жүйесі
C) Мектеп ұжымының алатын орнына деген көзқарастар жүйесі
D) Адамның өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі
E) Адамның алатын орнына деген көзқарастар жүйесі
F) Ақиқатты дүниеге деген көзқарастар жүйесі
|
9. Педагогтың жоспар құра білуі, ұйымдастыра білуі – бұл:
A) Дұрыс сөйлей білу
B) Нәтижені болжай білу
C) Оқу жоспарын
D) Бағыттауды
E) Қарым-қатынасты басқара білу
|
10. Ынталандыру әдістеріне жатады:
A) Этикалық әңгіме
B) Психологиялық әңгіме
C) Мадақтау
D) Жазалау
E) Жарыс
|
11. А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму принциптері:
A) Гуманизм, альтуризм
B) Тәртіпті қатаң сақтау, кез келген қателікті қатаң жазалау
C) Жұптық іс-әрекет
D) Жариялылық, жауапты бағынушылық
E) Перспективті бірізділік
|
12. Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу әдістері:
A) Индукция және дедукция
B) Тәжірибені қарастыру
C) Жеке дара және топтық әңгімелесу
D) Бақылау
E) Жұптық іс-әрекет
F) Байқау
G) Контент талдау
|
13. Тәрбиеде ата-аналардың жіберетін негізгі қателіктері:
A) Лайықты тәртіпті қалыптастырмау
B) Жұмыс бастылық
C) Насихат, жазғыру, ұрсу
D) Мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы
E) Мінез-құлық ерекшеліктері
F) Тәжірибесіздік
|
14. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрылысы ол:
A) Оқытудың өтілетін материалдары күрделеніп оқытылады
B) Мазмұны қиындық дәрежесі жағынан алдыңғыдан жеңіл болады
C) Өтілетін материалдар ашылып көрсетіледі және түсіндіріліп, талданады
D) Оқу материалы қол жетерлік деңгейде болады
E) Оқыту материалының мазмұны қайталанып отырады
|
15. Білім беру стандарты:
A) Оқуыту деңгейін айқындайды
B) Бағдарламалардың сапасын анықтайтын құжат
C) Оқу жоспарларын қолданады
D) Білім беру нормаларын анықтайды
E) Міндетті білім берудің негізгі құжаты
F) Білім беру сапасын анықтайды
G) Білім беру саласын қамтиды
H) Міндетті оқыту компоненттерін анықтайды
|
16. Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ түрі:
A) Жаңа білімді меңгеру
B) Диктант сабағы
C) Біліктілікті қалыптастыру
D) Оқу саяхаттары
E) Өткен материалды қайталау, пысықтау
|
17. Білім беру жүйесін стандарттау қажет:
A) Баламалы оқулықтардың қосылуы үшін
B) Нәтижелілік деңгейін арттыру үшін
C) Тәжірибе меңгерудің ғылыми мінездемесі
D) Тың оқу жоспарларының енгізілуі үшін
E) Білім сапасын арттыру үшін
F) Жаңалықтар енгізу үшін
G) Философиялық негізін қалыптастыру үшін
|
18. Ұжымдық- танымдық іс-әрекеттің мынадай белгісі бар:
A) Іс-әрекет барысында анықталған материалдар бойынша тұжырым жасау
B) Іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелсіздіктін пайда болуы
C) Іс-әрекеттер барысында оқушыға жағдай жасау және оларды басқару
D) Ұжымдық іс-әрекет барысында, әрбір оқуышы өзіндік білімін көрсете алуы
E) Жалпы іс-әрекеттің жоспары болуы
F) Жалпы мақсаттарды жүзеге асыру
|
19. Білім, білік және дағдыны қалыптастыру үдерісі қажет етеді:
A) Бағыттауды
B) Жүйелеуді
C) Тұлға болмысын
D) Оқу-танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесін анықтауды
E) Бақылауды
F) Оқу жоспарын
G) Басқаруды
|
20. Қалыптастырушы тұғырдағы тәртіп үлгісі:
A) Қайталау
B) Білімді бекіту
C) Бағалау
D) Есте сақтау
E) Түсіндіру
F) Үлгі көрсету
|
21. Ақпараттық технология:
A) Кез келген мәліметтер жиынтығы
B) Адам іс-әрекеті арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа түрлі тәсілдермен жеткізілетін қажетті мағлұматтар жиынтығы
C) Ақпаратты өңдеумен байланысты процестер
D) Нақты құралдарды, әдістер мен тәсілдерді пайдалану
E) Нақты мағлұматтар жиынтығы
|
22. Білім беру мемлекеттік стандарттары:
A) білім беру мекемелерін жетілдіруге қатысады
B) оқыту әдістерін таңдауға ықпал етеді
C) білім беруді реттеуді қамтиды
D) педагогикалық технологияларды іріктеуге қатысады
E) білім беруді және оны басқаруды ізгілендіруді қамтамасыз етеді
F) білім беру кеңістігін сақтауды қамтамасыз етеді
G) азаматтардың толыққанды, сапалы білім алуын қамтамасыз етеді
|
23. Мектеп жетекшілері білуге міндетті:
A) Мектептің құжат санын
B) Мектепте оқушылардың білімін бағалау формаларын
C) Оқу жоспарының құрылымын
D) Мектептің ақпараттық жабдықталуын
E) Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібін
F) Оқу жүйесінің құрылымы мен мазмұнын
G) Мектептің материалдық жағдайын
|
24. Педагогикалық үдерістегі диагностиканың мәні:
A) Педагогтардың жетістіктерін бағалау әдісі
B) Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі
C) Педагогикалық деректерге басшылық
D) Маман шеберлігінің деңгейін анықтау
E) Педагогикалық ақпарат түрлеріне сипаттама
F) Дидактикалық процестің бағыт-бағдарын, ілгерілі не кері қозғалысын анықтау
G) Мұғалімді басқару ұстанымы
|
25. Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға әсер етеді:
A) білім саласындағы мемлекеттік саясат, заңдық актілер мен құжаттар
B) ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай
C) оқыту принциптері
D) пәндік әдістемелік бірлестіктердің өзара бәсекелестігі
E) мұғалімдердің мәртебесін көтеру
F) жергілікті әкімшілік талаптары
Педагогика
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Биологияны оқыту әдістемесі
|
1. Биологияны оқыту әдістемесі жалпы және арнайы әдістемелермен байланысы:
A) Табиғаттану, ботаника,физиология
B) Дүниетану, алгебра , лексика
C) Адам гигиенасы, жалпы биология
D) Тәнтану, география
E) Математика, алгебра, геометрия
F) Экология, химия, астрономия
|
2. Әдістеме:
A) Биологиялық ілім
B) Педагогикалық ғылым
C) Политехникалық білімді қалыптастырмайды
D) Оқыту және тәрбиелеу мақсатында құрылады
E) Тіл білімдерін оқытуға көзделген
|
3. Биологиялық ғылымдардың жекешеленген әдістеме түрлері:
A) Орфография, физиология
B) Экология, философия
C) Табиғаттану, гигиена
D) Математика, физика
E) Ботаника, анатомия
F) Зоология, физиология
|
4. Биология кабинетінде міндетті түрде болуы шарт:
A) Оқушылардың танымдық үдерісі кезіндегі тәрбиелеу әдістерінің анықтамасы
B) Су құбыры
C) Кеңсе заттары
D) Тақта
E) Биологиялық ұғымдар тізімі
F) Биологиялық әдебиеттер, анықтамалар
G) Телевизор
|
5. Мектептің оқу-тәжірибе алаңының жеміс-жидек бөлімі өсімдіктері
(С :
A) Көпжылдық дақылдар
B) Жидектік дақылдар
C) Бұршақ тұқымдастар
D) Алма ағаштары
E) Майлы өсімдіктер
F) Астық тұқымдастар
|
6. Биология кабинетін ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімі арқылы өтетін идеялар:
A) Эволюция, генетика
B) Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемінің көптүрлілігі
C) Биологиялық ұғымдарды дамыту
D) Оқушылардың танымдық үрдісі кезіндегі тәрбиелеу әдістерін анықтау
E) Экология және табиғатты қорғау
F) Систематика, морфология, анатомия
|
7. Биологияны оқытуда бірін-бірі өзара толықтырып отыратын оқытудың материалдық базасы:
A) Н. М. Верзилин (1903 – 1984)
B) Оқу – тәжірибе алаңы
C) Оқушылардың танымдық үрдісі кезіндегі тәрбиелеу әдістерін анықтау
D) Тірі табиғат мүйісі
E) Биологиялық ұғымдарды дамыту
|
8. Биология кабинетіндегі көрнекі құралдар жүйесі:
A) Анықтаушы эксперимент
B) Табиғи нысандар суреттері (кестелер, суретттер, сызбанұсқалар)
C) Генетикалық әдіс
D) Цитологиялық әдіс
E) Систематикалық әдіс
|
9. Дидактика зерттейді:
A) Оқу үрдісін ынталандыру, бақылау жолдарын
B) Жануар жасушасының құрылысын
C) Оқыту заңдылықтарын, принциптерін, міндеттерін, білім беру мазмұнын
D) Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын
E) Цитоплазманың құрамын
F) Оқытудың, оқудың әдістері мен формаларын
|
10. Жалпы биологияны оқыту әдістемесіне жатпайтындар:
A) Мақсатқа жету
B) Оқыту жүйесі және пәнаралық байланыстар
C) Биологиялық түсініктердің дамуы
D) Материалдық базаны ұйымдастыру
E) Тәрбие жүйесі
F) Биология пәнінің мазмұндық құрылымы
|
11. Ботаниканы алғаш оқу барысында қарастырады:
A) Органикалық заттардың пайда болуын
B) Жануарлардың көбеюін
C) Тері қабаттарын оқуды
D) Ас қорыту жүйесін
E) Тозандану процесін
|
12. Биологияны оқыту әдістемесінде тарихилық принципі:
A) Экологиялық құбылыстарды зерттейді
B) Цитологиялық зерттеулерді айқындайды
C) Оқу пәнінің мазмұнын қарастырады
D) Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын оқытады
E) Ғылымның дамуының әр сатысындағы бір-бірімен сабақтастықты көрсетеді
F) Жекелеген ғалымдардың ғылымның қалыптасуымен дамуындағы рөлін көрсетеді
G) Эволюциялық үрдістің үздіксіздігі мен ұзақтығын түсіндіреді
|
13. Ұғым:
A) Адам организмін зерттейді
B) Ұзақ түсіндірген жұмыстың, ой еңбегінің жемісі
C) Оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттары мен мазмұнын реттеп түзетуге
D) Таным үрдісінің нәтижесі
E) Жануар түрлерін зерттейді
F) Өсімдік жасушасын зерттейді
G) Биологияны оқытудың қажетті формаларын іздеп табуға көмегін тигізеді
|
14. Ұғымдардың келесі типтері болады:
A) Арнайы және қарапайым
B) Физикалық, химиялық
C) Биологиялық және әдебиеттік
D) Математикалық
E) Ботаникалық жәнехимиялық
F) Тарихи
|
15. Дүниетаным:
A) Жеке тұлғаның мүдделері мен құндылықтары
B) Жеке тұлғаның арман-мұраттары мен сенімдері
C) Өсімдіктердің құрылысы жөніндегі ілім
D) Оқу ісін ұйымдастыру турасындағы ілім
E) Жасушаның құрылысы жөніндегі ілім
F) Құрылым жөніндегі ілім
G) Тұқым құлау заңдылықтары жөніндегі ілім
|
16. Денсаулықтың құрам бөліктері:
A) Адамгершілік құрам бөлігі
B) Жеке тұлғаның мүдделері мен құндылықтары
C) Жеке тұлғаның жас ерекшелік дамуымен байланыстырылуы
D) Тәндік құрам бөлігі
E) Жандық құрам бөлігі
|
17. Әңгіменің келесі түрлері болады:
A) Генетикалық әдіс
B) Сюжетті
C) Ақпаратты
D) Эмбриологиялық әдіс
E) Цитологиялық әдіс
F) Систематикалық әдіс
|
18. Сұрақ қою арқылы оқушыға жаңа сабақты түсіндіру әдісі:
A) Түсіндірмелі
B) Аксиологиялық
C) Анархиялық
D) Дүниетанымдық
E) Дамытушылық
F) Құндылық
|
19. Оқыту әдістері қолданылады:
A) Практикалық білімде (білім көзі үшеу – сөз, оқу нысаны, пәнді практикалық тексеру)
B) Көрнекілік (білім көзі екеу – сөз және көрнекілік)
C) Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлерін зерттеуде
D) Ауызша (білім көзі біреу – сөз)
E) Мектеп биология пәнінің мақсаты - зерттеу арқылы табиғат жөнінде жаңа мағлұматтар алуда
F) Эволюциялық құбылыстарды зерттеуде
G) Тұқым қуалаушылық заңдылықтарып реттеп түзетуде
|
20. Ғылым ретінде биологияны оқыту әдістемесінде пайдаланылатын зерттеу әдістері:
A) Эмбриологиялық әдіс
B) Бақылау нәтижелерін, эксперименттік тәжірибе жұмыстарын өңдеу, тұжырымдау, талдау жүргізіліп, ғылыми болжам нақтыланған теория жасалады
C) Систематикалық әдіс
D) Генетикалық әдіс
E) Гистологиялық әдіс
|
21. А. Я. Гердтің негізгі ой –пікірлері:
A) Балаларды бұрын игерілген білімдеріне сүйене отырып оқыту
B) Білім беру үрдісі мазмұнына экологиялық бағыттылық енгізу
C) Өсімдіктер флорасына қатысты танымда олардың көптүрлілігіне.
D) Математикалық есеп шығаруға
E) Генетикалық ақпаратты көшіруге
F) Әдебиетті қарапайымнан күрделіге қарай
G) Бастауыш мектепте «жер, ауа, және су жөніндегі» білімдерді меңгеру (Герд үштігі);
|
22. А.Н. Бекетовтың пікірі бойынша оқыту үрдісі:
A) Логикалық ойлауды дамытады
B) Физикадан
C) Генетикадан
D) Математикадан
E) Систематикадан
F) Индуктивті ойлауға үйретеді
G) Дәлелді ойлауға үйретеді
|
23. Генетикалық ұғымдар:
A) Генотип
B) Рецессивтілік белгі
C) Рибосома
D) Митохондрия
E) Эпистаз
|
24. Биология курсының мазмұны келесіге мүмкіндік береді:
A) Жеткілікті деңгейде ғылыми көзқарастар қалыптастыруға
B) Биологияны оқытудың қажетті формаларын іздеп табуға
C) Оқушылардың санасына дүниетанымның негіздерін сіңіруге
D) Жеке тұлғаның мүдделері мен құндылықтарын ұштастыруға
E) Жеткілікті деңгейде наным - сенім қалыптастыруға
|
25. Экологиялық білім беру мен тәрбиенің мазмұны келесі ғылыми ой-пікірлер жүйесіне негізделеді:
A) Табиғат жеке тұлғаның өнегелік-әсемдік дамуының қозғаушысы; «табиғат – қоғам – адам» жүйесінде әсер етуді ұтымды етуге
B) Оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттары мен мазмұнын реттеп түзетуге
C) Биологияны оқытудың қажетті әдістерін іздеп табуға көмегін тигізеді
D) Еңбек үрдісі кезінде табиғаттың өзгеруі; ортаның адам денсаулығына әсеріне
E) Жеке тұлғаның мүдделері мен құндылықтарын арттыруға
F) Адамгершілік құрам бөлігі
G) Биологияны оқытудың қажетті формаларын іздеп табуға көмегін тигізеді
Биологияны оқыту әдістемесі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
|
1. Тәрбие үдерісі:
A) Ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үрдісі
B) Сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі
C) Оқытушының мақсатқа жетудегі іс-әрекеттер мен дағдылар жиыны
D) Ата-аналар, мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасын реттейтін процесс
E) Оқытушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнату
|
2. Мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас стильдері:
A) Авторитарлық
B) Демократиялық
C) Имандық
D) Психологиялық
E) Әлеуметтік
F) Техникалық
|
3. Диспут:
A) Сайыс
B) Түсіндіру
C) Пікірталас
D) Тәжірибелік жұмыс
E) Әңгіме
|
4. Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың маңызды жақтары:
A) Бала бойындағы өзіне деген сенімін қалыптастыру
B) Ата-аналардың шығармашылық қызығушылықтарын ояту
C) Оқушылардың өзара көмек ұйымдастыруы
D) Психологиялық-педагогикалық кеңестер ұйымдастыру
E) Балалардың өз өмірін өздері басқаруға үйрету
F) Оқушылардың өз бетімен шешім қабылдауға
G) Оқытушы талаптарын орындау
|
5. Сынып жетекшісінің функциялары:
A) Мереке ұйымдастыру
B) Ашық есік күндерін өткізу
C) Ұжымды топтастыру
D) Балаларды әлеуметтік қорғау
E) Балалардың дамуын диагностикалау
|
6. Топтың қабылданған негізгі түрлері:
A) Саяхатшылар
B) Қызметкерлер
C) Референттік
D) Ресми
E) Сыныптастар
F) Диффузиялық
G) Оқытушылар
|
7. Баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне әсер ететін талап, формалары:
A) Ойын, ишара, жеке талаптары
B) Қабылдау
C) Ойын, оқу, қызмет
D) Кеңес, өтініш, сенім, қолдау
E) Позитивті және негативті талаптар
|
8. Қазіргі күнде өзекті болып отырған тәрбие мәселесіндегі қажетті құндылықтар:
A) Материалдық құндылықтар
B) Мәдени құндылықтар
C) Тәрбие құралы белсенділік құндылықтары
D) Ұлттық тіл
E) Құнды қағаздар
F) Технократтық
G) Космополитизм
|
9. Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:
A) Тәрбие әдістері
B) Мемлекеттік идеология
C) Тәрбие беру ұйымдары
D) Ата-аналар
E) Мемлекеттік саясат
F) Оқушылардың қажеттіліктері
|
10. Тәрбие процесінің құрылымының сатылары:
A) Қызығушылықпен сабақ дайындау
B) Іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу
C) Еңбек байланыстарды анықтау
D) Білімнің сенімділігі, сезім қалыптастыру
E) Спорт жарыстарға қатысу
F) Қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі
|
11. Көп факторлы тәрбие үдерісіне қатысады:
A) Қоғамдық орындар
B) Мемлекет
C) Қоғамдық пікір
D) Дәрігерлік байқау
E) Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру шарасы
F) Өнерге үйрету
|
12. Тәрбие үдерісінің диалектикасы бейнеленеді:
A) мәдени шараларды қадағалаумен
B) топтағы келісіммен жүзеге асырылуы арқылы
C) оқушылар сайысымен
D) ғалымдардың пікірлерімен
E) сыртқы қайшылықтарымен
F) қарама қайшылығымен
|
13. Тәрбие заңдылықтарының негізгі қозғаушы күші:
A) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері
B) Объект мен субъект
C) Тәрбие мақсаты мен міндеттері
D) Қарама-қайшылықтары
E) Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары
|
14. Мектептегі негізгі тәрбие жұмыстарының негізгі қызметі жүктеледі:
A) Ата-аналар комитетіне
B) Мектеп директорына
C) Мектеп директорының орынбасарына
D) Пән мұғаліміне
E) Сынып жетекшісіне
|
15. Балалардың мектептен тыс тәрбие мекемелері тізіміне кіреді:
A) Мектептен тыс мекемелер орталығы
B) Отбасы
C) Балалардың шығармашылық үйі
D) Аудандық білім беру бөлімі
E) Балалар мен оқушылар сарайы
|
16. Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері:
A) Тәрбиелік қызметі
B) Аймақтық қызметі
C) Психологиялық талдаушылық қызметі
D) Келісімшарттық қызметі
E) Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету
F) Бос уақытты ұйымдастыру қызметі
|
17. «Балдырған» сатысына мүше бола алады:
A) 3-сынып оқушылары
B) 7-сынып оқушылары
C) 9-сынып оқушылары
D) 5-сынып оқушылары
E) 2-сынып оқушылары
F) 4-сынып оқушылары
G) 8-сынып оқушылары
|
18. Сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу әдісі:
A) Статистикалық әдіс
B) Әңгіме
C) Бақылау
D) Социометрия
E) Педагогикалық эксперимент
F) Жазалау
G) Тестілеу
|
19. Адамгершілікке тәрбиелеудің формалары:
A) Қайырымдылық акциялары
B) Кәсіптік бағдар беру жұмысы
C) Ғылыми-практикалық конференция
D) Спорт секцияларын ұйымдастыру
E) Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу
F) Өнер мұражайына саяхат
G) Мамандық таңдау
|
20. Отбасы тәрбиесі, экологиялық тәрбие, еңбек тәрбиесі, имандылық (конфессионалдық) тәрбиесі:
A) Тәрбие бағыттары
B) Мазмұны
C) Кешенді тәрбие жұмысы
D) Интитуционалдық белгі
E) Жазалау
|
21. Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципінің міндеттері:
A) Мектеп пен отбасыға байланысын дамыту
B) Сапалардың бағыттылығын анықтауды білу
C) Тәрбие жағдайларындағы кедергілер
D) Сөздік және сезімдік үрдерістердің даму деңгейін талдау
E) Тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытуға, жетекшілік етіп, табысқа жетуге бағыттау
F) Қарама-қарсылықты жою
G) Тұлғаның бағыттылық мотивтерін, қызығушылықтарын, өмірлік жоспарларын білу
|
22. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлардың қатары:
A) Ұжымның өмір сүру жағдайлары мен дамуы, оқушының ұжымдық қатынас жүйесіндегі жағдайы, тәрбиеленушінің жеке және тұлғалық ерекшеліктері
B) Қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі
C) Әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекеттер
D) Бұқаралық ақпарат және насихат құралдары
E) Себеп-салдарды әрекетке араластыру
F) Кәсіби қызмет жүйесі
G) Міндетті іс-әрекеттер мен дағдылар
|
23. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие бағыттары:
A) Жас натуралистер мен техниктер станциясының жұмысы
B) Ұлттық ойындар
C) Еңбек тәрбиесі
D) Инабаттылыққа үйрету
E) Үйірмелік жұмыс
F) Тақырыптық кештер
|
24. Іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, әсер етуге арналған тәрбие әдісі:
A) Әңгімелесу
B) Мадақтау
C) Жазалау
D) Талап қою
E) Жарыстыру
F) Бақылау
|
25. Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлаудың негізгі көздері:
A) Мәдени тынығу шараларын жоспарлау, ұсыну
B) Іс-әрекетке араласуды жеңілдету
C) Белгілі бір кезеңге арналған оқу-тәрбие мекемесі жұмыстарының бағыты
D) Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасына тәуелді
E) Оқу жоспарын жүзеге асыру
F) Тәрбие үдерісінде қолданылатын формалар
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Биологияға кіріспе
|
1. Биологиялық ғылымдар болып табылады:
A) Зоология
B) Микробиология
C) Гидрология
D) Ботаника
E) Гигиена
F) Статистика
G) География
|
2. Тірі жүйелердің ұйымдастырылуының деңгейлері:
A) Флоралық
B) Иерархиялық
C) Молекулалық
D) Геологиялық
E) Жасушалық
F) Географиялық
G) Биосфералық
H) Фауналық
|
3. Нуклеотидтер құрамы:
A) Гексоза
B) Азотты негіздер
C) Азотты негіз және гексоза
D) Тек пуринді негіздер
E) Пентоза
F) Фосфор қышқылының қалдығы
G) Глюкоза
H) Рибосома
|
4. Сүйек ұлпасының жасушалары:
A) Остеокласт
B) Остеоцит
C) Остеобласт
D) Моноцит
E) Стереобласт
F) Эмбриобласт
G) Перицит
H) Лимфоцит
|
5. Жасушаның құрамындағы органикалық заттар:
A) Нуклеин қышқылдары
B) Тұздар
C) Майлар
D) Ультрамикроэлементтер
E) Сутегі
F) Ақуыздар
G) Азот қосылыстары
H) Макроэлементтер
|
6. Эукариот жасушасының цитоплазмасы тұрады:
A) Кірінділерден
B) Эпидермадан
C) Формалық элементтерден
D) Органоидтардан
E) Капсуладан
F) Хроматофордан
G) Гиалоплазмадан
H) Микроплазмалардан
|
7. Жасушада заттардың түзілу, ыдырау процестері:
A) Даму
B) Зат алмасу
C) Биологиялық түзілу
D) Катаболизм
E) Көбею
F) Тітіркену
G) Анаболизм
H) Қозу
|
8. Атмосфералық ауаның ластануының негізгі көздеріне жатады:
A) Космостық шаңдар
B) Шөлейттену
C) Көліктерден шыққан ластағыштар
D) Топырақтың тұздануы
E) Минералды тыңайтқыштар
F) Жанартаулардың атқылауы
G) Канцерогендер
H) Топырақ құрамының өзгеруі
|
9. Фотосинтез процесінің жарық фазасында жүретін процестер:
A) РНҚ синтезі
B) НАДФ Н синтезі
C) Ақуыз биосинтезі
D) Крахмалдың түзілуі
E) Су фотолизі
F) Көмірсулар синтезі
G) ДНҚ синтезі
H) АТФ синтезі
|
10. Трансляция процесінің кезеңдері:
A) Терминация
B) Дезаминдену
C) Гидролиз
D) Полипептидтік тізбектің түзілуі
E) Элонгация
F) Репликация
G) Транскрипция
H) Инциация
|
11. Ұрықтың энтодерма қабатының туындылары болып табылады:
A) Гастроцель
B) Ортаңғы ішектің эпителийі
C) Асқорыту бездері
D) Омыртқа жотасы
E) Бластомер
F) Екі қабатты ұрық
G) Жүйке түтігі
|
12. Бөлшектену сатысына тән сипаттамалар:
A) Жүйке түтігі пайда болады
B) Бөлшектену барысында бластула құралады
C) Алғашқы дене қуысы бластоцель пайда болады
D) Мүшелердің қалыптасу жүреді
E) Үш ұрық жапырақшаларына жіктеледі
F) Мезодерма қабаты пайда болады
G) Ұрықтанғаннан кейінгі зиготалардың бірнеше рет бөлінуі
|
13. Қазба аралық формалары:
A) Динго
B) Аң тәрізді кесіртке
C) Архиоптерикс
D) Моллюскалар
E) Миогиппус
F) Эогиппус
G) Гинкго
|
14. Эволюциялық топтардың элементарлық формалары
A) Мутация
B) Дивергенция
C) Катогенез
D) Арогенез
E) Аллогенез
F) Конвергенция
G) Паралелизм
H) Девиация
|
15. Бейімделушіліктің мысалдары:
A) Симбиоз
B) Сақтандырушы рең
C) Мимикрия
D) Активті бейімделу
E) Пассивті бейімделу
F) Бүркеніш (жасырушы) рең.
G) Жыртқыштық
H) Паразитизм
|
16. Адамның систематикалық жүйеде алатын орны:
A) Жеке тип болып табылады
B) Тар танаулы маймылдар отряд тармағына жатады
C) Адамдар класына жатады
D) Кең танаулы маймылдар отрядына жатады
E) Сүтқоректілер класының өкілі
F) Маймылдар отрядына жатады
G) Саналы адам отряд тармағына жатады
H) Приматтар отрядына жатады
|
17. Антропогенездің қозғаушы күштері:
A) Дене мүшелерінің күрделенуі
B) Еңбек
C) Тік жүруге бейімдік
D) Қоғамдасып тіршілік ету
E) Қорек табу
F) Биологиялық факторлар
G) Физиолгиялық факторлар
H) Аң аулау
|
18. Суккулентті өсімдіктер:
A) Сексеуіл
B) Жусан
C) Қамыс
D) Агава
E) Алоэ
F) Кактус
|
19. Суда мекендейтін ағза топтары:
A) Геобионт
B) Гелиофит
C) Нектон
D) Геобионт
E) Планктон
|
20. Кайназой дәуірі:
A) Бір жасушалы ағзалардың пайда болуы
B) Катархей және архей кезеңдеріне бөлінеді
C) Гүлдi өсiмдiктердiң, жәндiктердiң және сүтқоректiлердiң гүлдену уақыты
D) Тіршіліктің ең алғашқы дәуірі
E) Жабық тұқымдылардың пайда болуы
F) Адам пайда болған дәуір
|
21. Аталық жыныс жасушаларының аналық жыныс жасушаларынан ерекшеліктері:
A) Сарыуызы болады
B) Саны көп болады
C) Митоздық бөлінуде түзіледі
D) Қозғалмайды
E) Саны біреу ғана болады
F) Ооциттер түзеді
G) Қозғалғыш болады
H) Мөлшері өте кішкентай
|
22. Адамның әлеуметтік эволюциясындағы негізгі кезеңдер:
A) Рухани және психикалық даму - тасқа ойып суреттер салу
B) Жануарларды қолға үйрету, егіншіліктің дамуы – неолитикалық эволюция
C) Тіршілік үшін күресте жеңіп шығу кезеңі
D) Бейімделушілік қабылетті меңгеру кезеңі
E) Ғылыми-техникалық прогрес
F) Гоминидтердің жарыққа шығу кезеңі
G) Генетикалық ауытқуларға ұшырау кезеңі
H) Мутациялық процеске ұшырау кезеңі
|
23. Экожүйе продуценттері:
A) Көк-жасыл балдырлар
B) Консументтер
C) Өсімдіктер
D) Редуценттер
E) Хемосинтездеуші бактериялар
|
24. Геологиялық зат айналымы төмендегі процестермен байланысты:
A) Тау жыныстарының түзілуі
B) Биологиялық айналым
C) Органикалық заттардың тотығуы
D) Органикалық заттардың тотықтауы
E) Фотосинтез процесі
F) Тау жыныстарының үгілуі
G) Бұзылған өнімдердің кейін басқа жерге ауысуы
H) Тірі ағзалардың қозғалуы
|
25. Табиғатты тиімді пайдаланудың ерекшеліктері:
A) Табиғи байлықтарды қалпына келтіру
B) Табиғатты қорғау шараларын жүргізу
C) Жер ресурстарын қарқынды пайдалану
D) Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданбау
E) Антропогендік әсерлерді пайдалану
F) Ормандар алқабын қысқарту
G) Жедел эррозия
H) Табиғи байлықтарды кешенді пайдалану
Биологияға кіріспе
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |