Исраэль Роберт Джон А́уман (немесе О́манн - Ауманн; ағыл. Yisrael Robert John Aumann, ивр. ישראל אומן; 1930 жылы 8 маусым туылған, Франкфурт-на-Майне) — израиль матеметигі, Иерусалимдегі Еврей университетінің профессоры, 2005 жылы «Ойын теориясы аясында талдау арқылы кооперация мен жанжал мәселелерінің түсінігін кеңейткені үшін» экономика бойынша Нобель сыйлығының иегері.

Профессор Ауман — иудей, діни көзқарасты ұстанады, Газа и Самария и Иудей өңірінен израил тұрғындарын шығару саясатына қарсы тұлға.
Германияда еврей отбасында дүниеге келген. 1938 жылы неміс ұлтшылдарының еврейлерді құғындауы күшейген кезде, оның отбасы АҚШ-қа қоныс аударады. Нью-Йоркте өскен, орта білімді ешивада алған, ал нью-йорктық Сити колледжде және математика бойынша докторлық диссертациясын қорғаған Массачусет университетінде жоғары білім алған.
1956 жылы Израильге қайта оралып, Иерусалимде қоныстанады.Зейнет жасына жеткенге дейін Еврей университетіндегі рационалды зерттеу орталығында профессор болды. 1983 жылы Ауман Харви жүлдесімен марапатталады. 1994 жылы профессор Ауман Михаэл Бруно профессормен бірге экономика бойынша Израильдің Мемлекеттік жүлдесінің иегерлері атанады.
Исраэль Ауман ойын теориясы Қауымдастығын басқарған, ал 1990 жылдың басында Израильдің математиктер одақтастығының президенті болған. Одан бөлек «Еуропа математикалық қауымдастық Журналының» жауапты редакторы болған. Сонымен қатар Ауман АҚШ-тың қаруландыру және қарусыздандыруды басқару агенттігіне кеңестерін берген. Ол ойындар теориясы және оның қосымшаларымен шамамен 40 жылдай уақыт айналысқан.
Ауман ойындар териясында стратегияның өзгерісін талдай отырып, қайталанатын ойындармен шұғылданған. Яғни жеке ойында мақсаты бір реттік жүлде емес, көп реттік (ұзақ) перспективаны оптимизациялау болды.

Ауман Нэш тепе-теңдігін қорытындалайтын, корреляция тепе-теңдік түсінігін алғаш анықтаған. Ол ойындар теориясында жалпы білім түсінігін формальдады. Сонымен қатар, оның келісім теоремасы да көпке танымал.
Ауманның келісім туралы теоремасы - жалпы айтқанда бұл теорема екі рационалды әрекет ететін адамның бір-бірінің көзқарастарын біле тура келіспеуге болмайды.
Корреляция тепе-теңдігі (ағыл. correlated equilibrium) — 1974 жылы Роберт Ауман ұсынған ойындар теориясындағы шешім тұжырымдамасы. Бұл Нэш тепе-теңдігін жалпылайды, яғни Нэш бойынша барлық тепе-теңдіктер корреляция тепе-теңдігі болып есептеледі (ал жалпы жағдайда керісінше болса дұрыс емес). Тұжырымдама идеясының негізі бойынша ойыншылар корреляция құрылғысы (ағыл. correlating device) көзі болып табылатын қосымша ақпараттарды алғаннан кейін әрекет етеді. Жалпы ойыншылардың стратегиясы сол бір сигналға тәуелді, сондықтан корреляция болады. Тұжырымдаманың атауы осыған да байланысты.
Қайталанатын ойын түріне қарапайым мысал ретінде екі дүкенді алуға болады. Екі дүкен бір-біріне бәсеке. Әр дүкен екі түрлі баға қоя алады: жоғары (Ж) және төмен (Т). Егер дүкендер бірдей баға қойса, онда пайдасы бірдей (жоғары бағада пайда төменге қарағанда көбірек), ал егер бір дүкен екіншісіне қарағанда төменірек баға қойса, онда тұтынушылар сол дүкенге барады және екінші дүкеннің пайдасы азаяды.

Нэш бойынша жалғыз тепе-теңдік бұл ойында (Т;Т) болып табылады.
Ж
Т
Ж
(3;3)
(0;4)
Т
(4;0)
(2;2)
«Қаталырақ бәсекелі ойындар» (англ. Almost Strictly Competitive Games, 1961);
«Қаталырақ бәсекелі ойындар» (англ. Almost Strictly Competitive Games, 1961);
«Жалпыланған формадағы шексіз ойындарда аралас және әрекетті стратегия» (англ. Mixed and Behavior Strategies in Infinite Extensive Games, 1964).
Негізгі еңбектері:
Нобель сыйлығы ойын теориясы негізінде жасалған ынтымақтастық пен жанжалды талдау теориясы мен түсінігіне үлес қосқаны үшін берілді.
«Соғыс және бейбітшілік» деп аталатын Ауманның Нобель лекциясынан бірнеше тезистер:
· Соғыс «иррационалды» емес, құбылыс ретінде зерттелуі , және соғында оны жеңу керек.
· Қайталанатын ойынды зерттеу юарысында ең жақсы нәтижелі стратегия ол «қазіргі сәтте» пайданы аз ойлайтын, ал «кейін» көбін ойлайтын стратегия екенін көрсетті.
· Аңғал келісімге келу соғысқа әкеліп соғуы мүмкін, ал қаруналуға жарысу, соғыс қауіпін төндіру және бір-бірінің көзін жоюға кепіл беру керісінше соғыстың алдын алуы әбден мүмкін.