Бай əке, кедей əке
Роберт Кйиосакидің тарихы
Менде екі əке болды, бай жəне кедей. Біреуі білімді жəне ақылды, докторлық дəрежесі бар, төрт жылдық университтеті 2 жылда аяқтап
шыққан адам. Сонымен қатар Стэнфорд, Чикаго,жəне Солтүстік- Батыс университеттерінде оқыған.
Екінші əкесі 8 классты да аяқтамаған. Екеуіде үлкен мансапқа ие болған жəне өмір бойы екпінді жұмыс істеген адамдар. Екеуіде көп табыс тапқан.
Біреуі ғұмыр бойы қаржы тапшылығымен күресумен болса, екіншісі Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болған.
Біреуі ондаған миллион долларды өзінің отбасына,қайырымдылық орындары мен шіркеуге өсиет етіп, дүниеден өткен. Екіншісі өзінен кейін, төленбей қалған есеп шоттарын қалдырған.
Екеуіде мықты, ардақты жəне сыйлы адамдар болған. Екеуіде
маған ақыл-кеңестер беретін, бірақ, олары қарама-қайшылықты жəне əртүрлі болатын. Олар менің білім алуыма үлкен мəн беретін.
Егерде, менде бір ғана əке болғанда, мен оның кеңестерін
қабылдап немесе қабылдамған болар едім. Олар, екеу болғандықтан, маған екі пікірді: біреуі байдікі, екіншісі кедейдікі, үнемі салыстырып
отыруға мүмкіншілік берді. Бұлардың пікірлерін қабылдауға немесе қабылдамай тастауға жағдайым бола тұра, олардың айтқан сөздерін,терең ойларын, салыстырып, өз ойымның елегінен өткізіп,
таңдап алуды мақұл көрдім.
Дегенмен, бұл жағдайдың бір қиыншылығы: бай əкем əліде болса, байып үлгірген жоқ еді, ал кедей əкем-кедей болып үлгеріп еді.
Екеуінің де мансаптары жақында ғана басталған еді, екеуіде өз отбастарын қамтамассыз етулері қажет еді.
Бірақ, ақша туралы олардың көзқарастары тым əртүрлі болатын.
Мысалы, біріншісі: “Ақшаға құнығу барлық жаман істің түп тамыры”- десе, екіншісі: “Барлық жаман істің түптамыры ақшаның жоқтығы”, - дейтін.
Менің бала кезімде, осындай беделді екі əкенің ықпалымен өмір
сүру қиынға соқты. Мен, жақсы əрі тіл алғыш бала болғым келді, бірақ олар маған қарама-қайшы пікірлер айтумен болды. Əсіресе, ақша
жөніндегі көзқарастарының ерекшелігі, маған үлкен ой салатын, осының бəрін зерделеп, зерттеп түсінуге итермелейтін.
Сөйтіп, олардың айтқан сөздері жөнінде көп ойлана бастайтын болдым. Менің біраз уақытым ойлануға, əсіресе: “Ол неге бұлай дейді?” дегенге кететін. Біреуінің айткан пікірін, екіншісіне сұрақ етіп қойатынмын. Əрине, маған: “Ия, оныкі дұрыс, мен мұнымен келісемін” немесе “Шал өз айтқанын, өзі білмейді”, -деп қоя салуға
болатын еді. Алайда, менде екі жақсы көретін əкелер болғандықтан, көп ойланып, ең аяғында өз пікірімді қабылдауға əкеліп соқтыратын.
Ақырында, біреудің пікірін жəй тыңдап, қабылдап немесе одан
бас тартқанша, өзінше ойланып, шешім қабылдаудың артықшылығына көзім жетті.
Байлардың одан сайын байи түсуі, кедейдің одан əрі кедейленуі, ал орта класс өкілдерінің қарыздан шықпаушылығы себебтерінің бірі -
ол адамдардың ақшаның не екенін мектепте білмей, үйде білушілігі. Бала ақшаның не екенін, ең бірінші өз ата-анасынан үйренеді.
Ал, кедей адам баласына ақша туралы не айта алады?
Ол тек қана: “Мектепте оқы жəне тырысушы бол”,- дейді. Мүмкін
бала мектепті жоғары бағалармен аяқтар, бəрібір онда қаржы туралы, кедейдің ой-пікірі қалыптасады. Себебі: оған, ол бала кезінен
үйренген. Мектеп ақша жөнінде оқытпайды. Мұғалімдер ғылыми жəне кəсіби біліктіліктерін арттыруға тырысып, қаржы туралы ойласпайды.
Міне, сондықтан да банкирлер, дəрігерлер жəне бухгалтерлер мектепте жақсы оқығандарына қарамастан, өмір бойы қаржы тапшылығын сезінумен болады.
Біздің мемлекетіміздің көп қарыздары бар. Мұның басты себебі: жоғары білімді саясаткерлер мен үкімет шенеуніктерінің, қаржы
жөнінде білімдерінің мардымсыз жəне шала болулары салдарынан, олар қаржы мəселелері туралы көбіне сауатсыз шешімдер
қабылдаушылықтары болып табылады.
Мен, алдағы жаңа мың жылдықта, материалдық жəне дəрігерлік көмекті қажет ететін, миллиондаған адамдармен не болар екен?, -деп ойлаймын. Сөз жоқ олар өз отбасыларына немесе Үкіметке тəуелді болады. Ал, дəрігерлік жəне зейнетақы қорларында ақша бітсе не болады?
Халық сонда қалай күн көреді, егерде балалабақша дегеннің не
екенін, көпшілігі кедей (не болмаса түбінде сондай кедей болатын) ата- аналарынан ғана үйренсе?
Менде маған ықпал ететін екі əке болғандықтан, мен ол екеуінен
де үйрендім. Олардың берген кеңестерін, бөліскен ой-пікірлерін жиі ой елегінен өткізіп, ақырында ойдың адам өміріне қандай жəне қалай ықпал ететіне көзім жетті.
Менің кедей əкем: "ондайды өзіме жасауға, менде жағдай жоқ" , -
деп жиі айтса, екіншісі мұндай сөздерді айтуға тіптен тыйым салатын. Ол: “мұндай жағдайды өзіме қайткенде, қалай жасай аламын?”, -деп ойлану керек екендігін нығыздап айтатын. Бірінші пікір- тұжырым, ал екіншісі- сұрақ. Біріншісі көнушілік, екіншісі ойлау. Тез байыған əкемнің түсіндіруі бойынша: "мұндайларды өзіме жасауға жағдайым жоқ", -деп айтқан сəттен бастап-ақ, адамның мыйы автоматты түрде ағытылып, қайтып оған оралмайды”, -дейтін. Оның бұлай түсіндіруі,
əрине барлық дүниені тегіс сатып алушылық дегені емес еді.
Ол, əлемдегі ең мықты “компьютер” адамның ой-өрісін жаттықтыруға болатындығына кəміл сенуші еді.
“Мен өзіме мұндай жағдайды жасай алмаймын”,- деушілік дəрменсіздік, ойдың жалқаулығы- деп есептейтін. Менің екі əкелерімнің жұмысты көп істегендеріне қарамастан, байқағаным біреуі ақша туралы сөз көтерілгенде, миын жаттықтыра бастайтын, ал екіншісі оны ұйқылы, селқос жағдайда ұстайтын. Сөйтіп, бəрін айта келгенде, біреуі қаржы мəселелері бойынша ерен табыстарға қол жеткізсе, екіншісінің жағдайы керісінше болды. Яғни, күнде тренажерлық залға барып жаттығушы адам мен күні бойы диванда отырып, газет оқып, телевизор көрушілікпен айналысатын адамның арасында қандай айырмашылық болса, мұндада нақ сондай айырмашылық бар еді. Күнделікті жаттығу адам денсаулығының мықты болуына көмектессе, ал ақыл-ойды, ой- өрісті жаттықтыру- байлыққа жеткізеді. Жалқаулық- адамды денсаулықтан да, байлықтан да ада қылады.
Менің қос əкем əртүрлі көзқарастарды дəріптеп келді. Біреуі, кедейлерге қамқорлық жасау ретінде, байлар үлкен салық төлеуге тиіс
десе, екіншісі: “Салықтар- жұмыс істеушілер үшін жаза, ал түк бітірмейтіндерге- сый”, дейді. Бір əкенің кеңесі: “ұқыпты оқы, түбінде жақсы компанияда жұмыс істейсің”, -десе, екіншісі: “ұқыпты оқы,сонда сен жақсы компанияны түбінде сатып аласың” дегенді айтады.
Біреуі: “Мен бай емеспін, себебі: менің балаларым, сендер, барсыңдар”,
-дейді. Екіншісі: “Мен бай болуым қажет, себебі: балаларым, сендер, барсыңдар“,- дейтін.
Біреуі, ақша жəне іс туралы ас үстінде айтуды қаласа, екіншісі ақшаны əңгіме қылуға тыйым салатын.
Біреуі, ақшамен байқап қимылда десе,- екіншісі; “Тəуекелділікті басқаруға үйрен”- дейді.
Біреуі: “Біздің үйіміз- біздің ең үлкен капитал жұмсауымыз”, -деп есептесе, екіншісі: “Егер үй - капитал жұмсау болса, онда адамда айтарлықтай ақша проблемалары туындайды”, -дейді.
Екеуіде төлемдерді уақытында төлейтін, бірақ біреуі- алдымен, екіншісі
- сонынан.
Біреуі, өзін қартайған шағында, компания немесе мемлекет қамқорлыққа алады, -деп есептейтін. Ол əрқашан жалақының өсуіне,
зейнетақы қорларына, дəрігерлік жеңілдіктерге, ауруға байланысты төлемдерге, демалысқа жəне сондай т.б. үнемі көңіл бөліп отыратын.Оған екі ағайынының 20 жылдан астам армияда
қызмет етіп, ғұмыр бойы тағайындалған жеңілдіктермен отставкаға шыққандары қатты əсер ететін. Армияның отставкадағы зейнеткерлеріне дəрігерлік жеңілдіктер берілуі жəне олар үшін арзан бағалы дүкендердің болуы оған өте ұнайтын. Өзінің университтегі үлкен лауазымды жұмысын мақтан тұтатын. Кей уақытта оған,
намыстың өзінен гөрі, өмірлік жұмысқа орналасу мен жеңілдіктер
артық көрінетін. “Мен мемлекетке аянбай бар күшіммен қызмет еттім, мұндай жеңілдіктерді алуыма қақым бар”, -деп жиі айтатын.
Екіншісі толық қаржылық тəуелсіздікке сенетін. Жеңілдіктер менталитетіне қарсы болатын. “Олар адамдарды əлсіз, əрі кедей қылады. Адамға қаржылық біліктілік қажет”, -деп тұжырымдайтын ол.
Бір əкем үлкен күшпен оншақты долларды əзер жинайтын.
Екіншісі өз ақшасын əртүрлі салымдыққа (активке) салатын. Біріншісі, мені жақсы жұмыс табу үшін, əсерлі резюме (пікір) жазуға үйрететін.
Екіншісі, маған басқаларды да жұмыспен қамтамассыз ету мақсатында, ойластырылған қаржы жəне бизнес жоспарларын калай жасау керектігін көрсететін.
Сөйтіп, екеуінің де ыкпалы маған, адам өміріне ойлану тəсілінің Қалай əсер ететіндігін көріп, білуге мүмкіндік беретін.
Мен, шындығында, адам ойының өмірді қалай қалыптастыратындығын байқадым.
Мысалы, менің кедей əкем: “Мен ешуақытта бай болмаймын”, - дейтін.
Айту керек, оның бұл “көрегендігі” орындалды. Екіншісі, керісінше, өзін бай адаммын, -деп санайтын.
Тіпті, ол үлкен каржылық сəтсіздіктің салдарынан түбегейлі банкроттыққа ұшыраса да. өзін баймын, -деп атайтын. Мұнысын былай, -деп түсіндіретін: “Кедейлік пен банкроттықтың арасында үлкен айырмашылық бар. Екіншісі уақытша жағдай, ал біріншісі - мəңгілік”. Сонымен қатар, менің кедей əкем: “Мені ақша қызықтырмайды" немесе “Əңгіме ақшада емес“ дегендерді жиі
айтатын. Ал бай əкем: “Ақша- ол билік”, -деп кесіп айтатын. Расында, адам ой-қимылының қандай күші бар екенін кім есептеп көрген?
Дегенмен, ойланудың маңыздылығын, мен бала кезімнен аңғарғанмын. Менің пайымдауымша, кедей əкемнің кедейлігі "ақшаны
аз тапқандығынан емес (ол аз алмайтын), оның себебі: ол солай ойлап,
солай қимыл жасайтын.
Менде екі əке болғандықтан мен бала кезімнен, екі акыл кеңестің Қайсысын өзіме таңдап алуды жан-жақты салыстырып,
ойластыратынмын. Қайсысын тыңдауым қажет- бай əкені ме, əлде кедейін бе?
Екеуіде оқып, білім алуға үлкен мəн беретін, бірақ нені оқу
керек, оқудың қай түрі маңыздырақ, бұлар туралы олардың пікірлері үйлеспейтін.
Біреуі, мен жақсы оқып, жоғары білім алып, үлкен жалақы алу
үшін жақсы жұмыс тауып алуымды қалайтын. Ол менің: адвокат, бухгалтер немесе менеджер болғанымды жақсы көретін.
Екіншісі, қалай бай болуға, ақшаның қалай жұмыс істейтіндігін білуге, қайткенде, оны өз пайдаңа жұмыс атқаруға мəжбүр етуді білуді, оқып үйренуге кеңес беретін. “Мен ақша үшін жұмыс істемеймін. Ақша мен үшін жұмыс істейді”, -деп жиі қайталайтын. .
Ақырында, мен 9 жасымда, бай əкеден ақшаның не екенін білуге
бел шештім: Кедей əкемнің ғылыми атақ-дəрежелеріне қарамастан, оның ақыл-кеңестерінен гөрі, бай əкенің ойпікірлерін қалауды
ұйғардым.
Достарыңызбен бөлісу: |