Роберт Кийосаки Шэрон



бет7/36
Дата15.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
baj-ake

Отыз центтен кейін


Сол сенбі күнгі 9-дан бастап Мартин апайдың қарамағында
жұмысқа кірістік. Бұл кісі сондай қайырымды жəне шыдамды əйел еді. Ол бізге ылғи, Майк екеуіміз, оның ержетіп кеткен, екі ұлдарына ұқсайтындығымызды айтушы еді.
Рас, өзінің қарапайымдылығына қарамастан, ол бізге көп жұмыс істеуіміз қажет,- деп есептейтін, əрі оны əрқашан бізге тауып беретін. Біз үш сағат бойы сөрелердегі консерві банкілерін алып, қух Қанатымен шаңдардан тазартып, мұқияттылықпен қайтадан орындарына қойуымыз керек. Бұл бірқалыпты, əрі өте іш пыстыртатын жұмыс еді.
Өзімнің “бай əкем”, -деп атайтын, Майктің əкесінде үлкен автотұрақтары жəне тағы осындай 9 өз-өздеріне қызмет жасайтын кішігірім дүкендері бар. Осы жерден алыс тұрмайтын кісілер: сүт, нан,
май жəне темекі сатып алуға мүмкіншіліктері бар еді.
Өкінішке орай, ол уақытта Гаваяда ауаны алмастыру кондиционерлері болмайтын, күннің ыстықтығынан дүкендердің есіктері жабылмайтын, соның салдарынан автотұраққа келетін машиналардың көп жүрісінен, олардың іші шаң-тозаңға толы болатын.
Үш апта бойы, үш сағаттан Мартин апайға келіп жұмыс істедік. Түске қарай біздің жұмысымыз аяқталатын, ол кісі бізге 3 тиындық ақша беретін. 1956 жылы 9 жасар баланың өзіне 30 цент көп ақша
болып есептелмейтін. Ол уакытта “комикстер” (күлдіргі əңгімелер мен суреттер кітабы) құны 10 центтен кем болмайтын, тапқан табысымды осы кітаптарға жұмсап , үйіме кететінмін.
Төртінші аптаның сəрсінбісінде, мен барлығын тастауға даяр едім. Майктің əкесінен ақшаны қалай жасау керектігін үйренуге жұмысқа кіріп едім, енді сағатына 10 цент үшін құлға айналдым.
Оның есесіне бірінші кездесуден соң, Майктің əкесін көргенім жоқ.

  • Мен кетемін,- дедім Майкке түскі үзіліс кезінде. Мектептегі

түскі ас өте нашар еді. Оқу іш пыстырды, оның сыртында мен сүйікті сенбі күнінен айырылдым. Əсіресе мені назаландырған осы 30 цент болды.
Майк күлді.

  • Неге күлесің? -дедім мен ашуланып.

  • Əкем айтып еді, осылай болады, деп. Сен кетуге даяр болғанда, кездесуге келсін деді.

  • Не? -дедім мен назалы түрде. Сонда, ол осының бəрі мені мезі қылғанша күткен бе?

  • Жалпы солай, ия, деп жауап берді Майк. Менің əкем басқа кісілерден емес. Ол сенің əкең сияқты оқытпайды. Сенің əке шешең көп сөйлейді. Ал менің əкем үндемейді, немесе аз сөйлеуді калайды. Сенбіге дейін күте тұр. Сенің күтуге даяр екеніңді, оған айтайын.

  • Сонда мұның барлығы əдейі істелінген дегің келе ме?

  • Əдейі емес, бірақ осыған ұқсас бірдеңе. Сенбі күні əкем бəрін түсіндіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет