Робот техникасы Бағдарламаға шолу



бет1/7
Дата16.03.2023
өлшемі36,64 Kb.
#172711
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КТП РОБОТОТЕХНИКА


Робот техникасы
Бағдарламаға шолу
Роботтар-қаркынды дамып келе жаткан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өмірімiздiң көптеген саласында, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ici және басқа да салаларға еніп үлгерді.
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелен ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ жалпы білім беретін мектеп окушыларына арнап "Робот техникасы" курсы 1-денгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) багдарламасын әзірлеп шығарды.
Окушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т. б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді. Практикалык жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы жене инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Окушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинактайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.
Курс барысында білім алушылардың инженерлік, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO MINDSTORMS EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.
Осы бағдарлама бойынша білім алған окушылардың жаңа технологияларды жобалау icіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.
Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелері:


Оқушылар курс соңында:



  • робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;

  • роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тесілдерін біледі.

Оқушылар курс соңында:



  • түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;

  • робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;

  • қарапайым роботтарды басқару;

  • жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;

  • LEGO MINDSTORMS Education EV3 және LEGO Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;

  • математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

  • алған білімдерін топтық және жобалык тапсырмалар кезінде колдану;

  • бірнеше дереккөзден алынған акпараттарды синтездеу т. б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.

Оқушылар курс соңында:





  • білім алуга арналған конструкторларды пайдалану аркылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;

  • роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;

  • топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдаларын менгереді.

Оқушылар курс соңында:



  • алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;

  • робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;

  • робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдаларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;

  • құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін женілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдыктар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет