Робототехника ғылым мен техниканың роботтар мен робототехникалық жүйелерді жасауға байланысты тез дамитын саланың бірі болып табылады. Бұл ғылым механика мен кибернетика ғылымының негізінде жаңа сала болып орнықталды.Бұл ғылымның зертелетін негізгі объектілерінің бірі болып адамның интелектуалдық және қозғалыс функцияларын орындайтын әмбебап автомат–робот болып табылады. Адамның қозғалыс және интелектуалдық функцияларын орындау дәрежесіне қарай роботтар да түрлі топтарға жіктеледі. Бұл роботтардың ішіндегі маңызды тобына манипуляциялық роботтар жатады. Осы роботтардың жеке түріне жататын өнеркәсіптік роботтардың ерекшеліктері олардың артқару органдарының бар болуы. 1969 жылы Жапониядағы Yaskawa Electric Heavy Industries, Ltd атты компания ең алғашқы өндірістік роботты жинап шығарған.
2004-2005 жылдары Жапонияда жылдық өндіріс көлемі 60 мың роботты құрады, соның ішінде жартысына жуығы экспортқа шығарылады. Бұл салада 130−дан астам компания мен фирмалар, соның ішінде ең ірі қаржы – өндірістік холдигктер ( Fanus Ltd, Yaskawa Electric Corp, Fuji Machine MFg Co., Toshiba Machines Co., Okuma Corp, Hitashi Suiki Co. т.с.с.) жұмыс істейді.Жапондық робот жасаушылар өздерінің техникасын жаңа салаларда қолдануды үйренуде, әсіресе әр түрлі қызмет көрсету түрлерінде қолдану мысалы, офистардағы хатшы ретінде, ауруханадағы күтуші ретінде, анықтамаларды беру және үй жұмысын орындау т.б.).
Жапондық компаниялар Humanoid Robotic Project (HRP) программасын орындауда, қаржыландыру көлемі $37 млн құрайды. Осы жоба бойынша адам келбетіндегі роботтар жасалуында. Робототехника басқа салаларда өте қарқынды дамуда. Қазақстанның технологиялық дамуы өзіне байланысты болып келеді. Робот жасаушылардың Қазақстанға қызығуы үшін Қазақстанда жыл сайын 5 мыңнан астам робот сатып алынып және орнатылуы қажет (Ресейде қолданылатын жалпы роботтар санымен салыстырғанда). Сондай–ақ Қазақстан аз көңіл бөлінетін стандартты емес роботтарға сұраныс жасай алады. Мысалы; бұл роботтар автоматтандырылған жай құрылыс кешені бола алады, яғни бұлар адамның қатысуынсыз құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін жасай алатын болады.Роботтарды жасаудағы мақсат – адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян, қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып табылады.Қазақстанға пайдалы қазбалар өндіретін өндірістік роботтар қажет. Тағы бір мәселе ол ластанған және реактивті қалдықпен жұмыс істейтін роботтар қажет.
Робототехника – автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрастырумен айналысатын ғылым түрі. Робототехника- зерттеу обьектісі робот болып табылатын ғылым. Робот – бұл индустрия. Роботтарды көп жағдайда эксприментті мысалы; аз санды және практикада аз қолданылатын деп қарастыруға болады. Бірақ робот жасау және роботтарды қолдану аса ірі сала болып табылады.
Робототехника екіге бөлінеді өдірістік және арнайы. Өнеркәсіптік робот дегеніміз ойлау қабілеті жоқ, қозғалмалы автоматикалық машина, ол бірнеше қозғалыс дәрежелері бар манипулятор түріндегі артқару құрылғысынан және өндірістік үрдісте қозғалу және басқару функциясын орындауға арналған қайта бағдарламаланатын құрылғысынан тұрады. Он екінші бес жылдықта машина жасаудың техникалық дәрежесін көтеруде өндірістік роботтар мен автоматты жүйелерді ендіруді жоғарлату көзделіп отыр. Роботтарды кеңінен қолдану құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында қамтып отыр. Өнеркәсіп робаттарды қолдану ауқымын кеңейту экономикалық, техникалық, әлеуметтік жағын да қамтуда. Роботтарды пайдалану еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, заттар сапасын жақсартып, коэффицентін көбейтуге қол жеткізеді. Роботтарды бір операциядан екінші операцияға ауыстырудағы жеңілдік өндірістегі дайындық мерзімін азайтып, шығынның аз шығуына, жаңа өнімді шығаруға қол жеткізеді.Еліміздегі қайта құру жағдайында бұл факторлар шешуші роль атқарады.
Еліміздегі және шет елдегі роботтардың басым көпшілігі машина жасау өндірісінде пайдалануда. Машина жасау мен механикалық өңдеуден басқа салалар 10% ғана негізінен роботтар машина жасау өндірісінің қажеттілігіне байланысты пайдалануда. Бұл роботтар жеңіл өнеркәсіпте кең қолданбаса да, машинамашина жасауда пайдаланылатын мақсаты бірдей. Машина жасаудан басқа салаларда 20% роботтарды пайдаланудың еш айырмашылығы жоқ, Қалған 80% -ы өндіріс өнімділігіне байланысты.Ресей 2010 жылға халықтық тауар өндірісін пайдалануға көңіл бөлініп отыр. Жеңіл өнеркәсіпті 18-20% еңбек өнімділігін 16-20%-ға көтеріледі деп болжануда.