Родительское собрание на тему «Эти трудные домашние задания»



бет12/13
Дата05.05.2023
өлшемі8,3 Mb.
#176125
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Монтессори педагогикасы арқылы баланы дамыту

«Қоңыраулар»
  • Мақсаты: есту қабілетін дамыту.
  • Қажетті құралдар: түрлі дыбыстар шығаратын бес қоңырау.
  • Қоңыраулар баланың алдындағы үстелге қойылады. бала көзі орамалмен байланады. Педагог кез-келген қоңырауды алып сылдырлатады. Бала көзін ашып әр қоңырауды сылдырлатып көреді. Қай қоңырауды сылдырлатқанын табуы керек.
  • «Дыбыстаушы заттар»
  • Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту;
  • Қажетті құралдар: әртүрлі дыбыстар (сылдыр, даңғыр, тықылдау) шығаратын заттар
  • Барлық заттар себетке салынады. Мысалы: оралған газет, жаңғақ салынған банка т.б. Педагог олардың дыбыстарын балаға естіртеді. Бала заттарды қарап шығып, олардың дыбыстарына құлақ түреді.
  • Бұдан кейін педагог екі балаға жұптасып жұмыс істеуді тапсырады.
  • Балалардың бірі бастаушы болады. Оның көзін байлайды немесе серігін көре алмайтындай етіп бетін бұрып отырғызады. Көзі ашық бала себеттен кез-келген затты алып оның дауысын екіншісіне естіртеді, ал бастаушы қай заттың дыбысы екенін табады. Екі бала өзара орын ауыстыруыларына болады.
    • М.Монтессоридың педагогикалық идеясын сараптай келе оның басқа технологиялардан, бағдарламалардан төмендегідей айырмасы бар екенін байқауға болады:
    • Жұмыс бөлмесінде тек қана дидактикалық материалдар жинақталуы, ал басқа да заттар мен ойыншықтар ойын бұрышында тұрады.
    • Бала жұмыс жасап отырған уақытта педагог бала көңілін бөлмеуі керек, өйткені бала қажеттенбесе, жөнсіз араласу бала қызығушылығын жояды.
    • Тәрбиеші тек қана көрсетуді, айтуды, тексеруді қажет ететін балаға ғана назар аударып бағыт береді.
    • Балалардың жас ерекшеліктері ескерілмейді.
    • Суреттермен, қарындаштармен жұмыс жасау ерте жастан басталса, бояумен жұмыс істеу баланың қол қимылдары дамығанда ғана беріледі.
    • Жаттығуларды орындауға арнайы уақыт берілмейді. Кейбір балалар үзіліссіз бір жаттығудан екіншісіне көшсе, ал кейбірі өзіне ұнаған жаттығуын үзіліссіз жасай беруіне болады.
    • Бала ұқыптылық пен тәртіптілікке үйренеді. Дидактикалық материалдар салынған барлық ыдыстар мен қораптар үнемі өз орындарында тұрады, себебі Монтессори методикасы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді.
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет