Қажетті құрал-жабдықтар: күріш ұнтағы, түрлі жармалар. - Жұмыстың барысы: Столға күріш ұнтағын салу, күріш ұнтағына тары жармасын, қарақұмық жармаларын салып араластыру. Бала сол күріш ұнтағынан негізгі үш саусақтың қимылы арқылы тары жармасымен сурет салу. Жаттығуды одан әрі қиындату үшін басқа да жармаларды күріш ұнтағына қосуға болады.
-
- «Сиқырлы елеуіштер»
- Мақсаты: Баланың танымдық үрдістерін дамыту. Эмоционалды көңіл-күйін тұрақтандыру.
- Қажетті құрал-жабдықтар: електер, манка ұнтағы, жармалар.
- Жұмыстың барысы: Ыдыста манка ұнтағы мен күріш араласып салынған. Манка ұнтағынан күрішті бөліп алу үшін баланың кішкентай қолдарының икемі де келмейді. Сол себепті бізге бұл жерде елеуіштің көмегі қажет. Манка ұнтағы мен күрішті елеуіштен өткізіп манканы бір бөлек табақшаға, күрішті бір бөлек табақшаға бөліп аламыз. Олардың бөлінуі балаға бір жағынан сиқыр арқылы жасалғандай көрінеді.
-
- «Манка ұнтағының тақтасы»
- Мақсаты: Баланы жазуға, көркем сурет салуға дағдыландыру. Қиялын дамыту. Ұсақ-қол моторикасын дамыту. Саусақтарын жазуға үйрету.
- Қажетті құрал-жабдықтар: шыны үстел, манка ұнтағы.
- Барысы: Арнайы шыны үстелдің үстіне манка ұнтағы себіледі, сол манка ұнтағына бала әріптер жазады немесе өз еркімен әр түрлі суреттер салады.
-
- «Түрлі түсті жіптер»
- Мақсаты: түстердің атауларын меңгерту, ойлауын дамыту
- Қажетті құралдар: оралған түрлі-түсті жіптер.
- Себетке түрлі-түсті жіптер салынады, оларды жұптастыру қажет. Бірінші кезеңде бала 2 қызыл, 2 сары, 2 көк жіпті табуы керек.
- Педагог немесе кез келген ересек адам балаға қалай жіптерді түсіне қарай жұптастыруға болатындығын көрсетеді. Мысалы, алдымен екі қызыл оралған жіптің үстіне көк, содан кейін сары жіптер қойылады, бала реттілікті сақтай отырып қатарды қайталауы қажет. бала жаттығуды орындай отырып, жүптің түсін атай білмеуі де мүмкін.
- Бала түстерді меңгеруі үшін үш сатылы Монтессори сабағы жүргізіледі. 1-кезең: педагог жіптердің түстерін атап шығады, бала қайталайды.
- Екінші кезең: педагог баладан аталған түсті жіпті беруді сұрайды: «Қызыл жіпті бер», т.б. Үшінші кезеңде педагог «ана жіпті беріп, түсін ата» деген ғана нұсқау береді.
- Бұл жаттығу сөздерді енді меңгере бастаған 2-3 жасар балаларға лайықты түстерді меңгерту ойынын ойнатуға болады: күлгін, қызғылтсары, көгілдір, сұр т.б.
- Топпен ойнатқанда «Жұбыңды тап» деген атаумен ойнатуға болады. Балалар шеңбер бойымен отырады. Әрқайсысында түрлі-түсті оралған жіп бар. Педагог кез-келген балаға өз жібін ортадағы үстелге қоюды ұсынады. Дәл сондай түсті жібі бар екінші бала орнынан тұрады. Балалардың түстерді ажырата алатынын байқаған соң, өз жіптерінің түсін айтуды сұрауға болады.
- Бұл ойынның бастапқы кезеңі
- Бұдан әрі ойынды әрқалай қиындатуға болады. Мысалы балалар топта еркін қозғалып жүреді. Белгі берілген соң олар тез «түрлі-түсті» жұп құрулары керек. Ең соңғы жұптасқан балалар ойыннан шығады.
- Балаларға жоғарыдағы нұсқаны көзді жұмып орындауды ұсынуға болады.
|