01.02.2023 жыл. Әрбір науқас адамның денсаулығына асқан ыждағаттылықпен қарайтын қамқор жанашырымыз, өз кәсібінің майталманы әрі денсаулық сақтау саласында 40 жылдай еңбек етіп келе жатқан Рымтай Сағатқызы Копобаеваны ерекше алғыс айтуға лайық деп шештік. Рымтай Сағатқызы, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, бұдан былай да көпшіліктің алғысын ала беріңіз!
Балалар және жасөспірімдермен жұмыс жасау бойынша сурет салу сайысы өткізілді. Тақырыбы - "Жұмақтың кілті - ананың табанының астында". Аталмыш шараға Ростовка тірек мектебінің 8-сынып оқушылары белсене атсалысты. Белсенді қатысушылар тақырыпты түсінгендері соншалық, мағынасын терең аша білді. Әсіресе Ақерке Исмаилованың бейнелеу өнеріне қабілетін атап өткіміз келеді.
Жасөспірімдердің болашағы жарқын боларына үмітіміз зор.
Мереке құтты болсын, асыл жандар!
Отбасының ұйытқысы, берекенің бастауы, тыныштықтың шамшырағы болған ардақты аналар, сұлу ханымдар, бай-қуатты, ғұмырлы-тұғырлы болыңыздар!
Көктемнің осы бір шұғылалы кешінде ауыл әкімі Т.Ж.Ргебаев барша нәзік жандыларға
ақжарма тілегін ақтарып, одан соң көркем кеш ауыл көркемөнерпаздарының және Қарағанды қ. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әншілерінің керемет ән шашуларымен жалғасты.
... Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы! (Т. Айбергенов)
Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту деген мағынада қолданылады.
Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне қарамастан, төзімділік танытып, түсіністікпен қарап, оларды өзіндей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз.
Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз
ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды.
Толеранттылық – бұл төзімділік.
Толеранттылық – бұл ықыластық.
Толеранттылық – бұл даналық.
Толеранттылық – бұл адамгершілік.
Толеранттылық – бұл аяушылық.
Толеранттылық – бұл қайырымдылық
Толеранттылық – бұл әділеттілік
Толеранттылық – бұл кең пейілділік
Толеранттылық – бұл өзара түсіністік
Толеранттылық – бұл тілектестік.
Шара барысында жүргізуші мен қатысушылар арасында әңгіме-сұхбат өзара жараса кетті.
Рухани жаңғыру (ұлттық бірегейлікті сақтау)
«Асқақтай бер, мәңгілік ел - Қазақстан» атты әдеби-сазды бағдарлама
Халқымыздың ән өнерін сүю әрі тамашалау.
Нағыз қазақ - қазақ емес нағыз қазақ - домбыра деп жырлағандай, ұлттық аспаптың күмбірлеген әуенімен ән шырқалып, күй шертілді.
Мұқан Төлебаев жайлы 10 дерек:
1. Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.
2. Ол 23 жасында Мәскеудегі Луначарский атындағы театр институтына оқуға түскен.
3. 1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған.
4. Ол Е.Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсын жазған.
5. Қазақстан Республикасы алғашқы әнұраны авторларының бірі.
6. Мұқан Төлебаев - жаңашыл композитор. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған.
7. М.Төлебаев, А.Жұбанов, Е.Брусиловский, В.Великанов, Л.Хамиди, С.Шабельский, Б.Ерзакович - жетеуі 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағын құрған.
8. «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі бар құнарлы туынды.
9. Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады.
10. Мұқан Төлебаев соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озған.
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
15 наурыз – Жайлау күні
Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды.
Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.
Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.
Жайлау күні мерекесіне орай 30 түп тал отырғызу науқаны жазғытұрым уақытқа ауыстырылды.
«Жер бетіндегі барлық нәрсе фәни! Тек ұлылық пен жомарттық иесі Раббыңның Өзі ғана мәңгі-бақи қалады!».
Өмір - адам үшін ең қымбат қазына. Мәңгілік өмір сүруге қадам саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және сабырлы жай-күйден басталады. Жасөспірімдердің өмірге оң көзқарастарын қалыптастыру мақсатында
өнімді шара ұйымдастырылып, тұлғалық құндылықтары нақтыланды.
Қазақ - ата тек, арабтар шежіре - бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықта кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған.
Қазақ халқы балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген, «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар»
деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.
Наурыз – бұл тек көктемгі жаңару ғана емес, сонымен қатар өз халқының тарихын еске алуға мүмкіндік береді. Бұл күні жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және Отан тарихын терең білу арқылы өз елімен жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұлттық, тарихи, өлкетану, өнер дәріптеуді мақсат етеді.
Балаларға көмекей әулие Бұқар бабамыздың 355 жылдығына арналып орайластырылған тарихи сағат отансүйгіш жасөспірімдердің ақылгөй жырау туралы таным-түйсігін жетілдірді.
Наурыз мейрамын тойлау шеңберінде мектеп қабырғасында бастауыш сынып оқушылары Қара жорға биін мың бұрала билеп, арқан тартыстан да шеберліктерін ортаға салды.
Шал Құлекеұлы, Шал ақын - қазақтың төкпе ақыны. Арғын тайпасы Атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады.
Туған күні: 1748
Қайтыс болған уақыты мен жері: 1819.
Кітапханашы Ақмекен апай балаларды заманының біртуар ақынының өмірі және шығармашылығымен таныстырды.
Осы маңызды тақырып балаларға терең таныстырылып, содан кейін тың мәліметтердің көмегімен рухты жасөспірімдер шағын эссе жазды.
Қалқаманұлы Бұқар жырау – қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен, атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Бұқар жырау Қалқаманұлы жасынан елге танылып, алғыр жырау ретінде атақ-даңқы алты алашқа жайылғанға ұқсайды сайды. Кейін оның хан сарайы маңында да беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емес еді. Ел өміріндегі ірі мәселелерді шешуде ерекше роль атқарған данышпан. Бұқар Жыpay арабша сауатты адам болған. Жыраудан қалған мол мұрадан бізге жеткені 1200 жол шамасында. Олар ХІХ-ХХ ғасырларда ел аузынан жиналған.
Айман Қожабекқызы Мұсақожаева - скрипкада ойнаушы. Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, “Әлем артисі”, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі. Wikipedia
Туған жері: Алматы
Туған күні: 1958 ж. 15 наурыз.
Әлем мойындаған скрипкашы жайлы мәлімет беріліп, жетістіктері туралы бейнебаян ұсынылды.
Орындаған рөлдері қатарында Шалбай (Ә.Әбішевтің «Отан үшінінде»), Балқы, Жақай (М.Ақынжановтың «Исатай – Махамбеті» мен «Ыбырай Алтынсаринінде»), Базарбай, Бекежан, Қарабай, Қоңқай, Тәуке (Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері – Ақтоқты» және «Амангелдісінде»), Франтишек (К.М. Симоновтың «Прага бағында»), ПІмага (А.Н. Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендерінде»), т.б. бар. «Мазасыз көктем» (1956), «Өмір жолы» (1959), «Алдар көсе» (1964), т.б. фильмдерге қатысты.
Наурыз мейрамын тойлау шеңберінде Ростов ауылдық Мәдениет үйінде Ростов ауылының шебер ойыншылары шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, волейбол сайыстарында күш сынасты. Үлкен және кіші буын ойыншыларына үздік жаттықтырушылар СұраубайЕлжас және т.б. төрелік етті. Шебер әрі ойы жүйрік сайыскерлер бір-бірінен қалыспай, керемет ойын көрсетті. Жеңімпаздарға ауыл халқы демеушілігінің көмегімен алынған кубок, медаль, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Құттықтаймыз!
Осыған орай Ростовка ауылдық Мәдениетүйінде "XXI ғасыр көшбасшысы" атты зияткерлік сайысы өтті. Іс- шараның мақсаты қатысушылардың өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту.
Осы орайда зияткерлік сайыс сауалдары Наурыз тойымен байланыстырылды. Зерек жасөспірімдер сұрақтарға лезде жауап беріп отырды.
Барлық үздіктерге сайысқа белсене қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!
Құттықтаймыз!
21 наурыз – Наурыз-береке немесе «Ұлттық тағамдар күні». Бұл күні әр үйдің дастарханында ұлттық тағамдар самсап тұрады. Қазақ ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленеді. Ал, этнографтардың айтуынша, қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. Ұмыт бола бастаған, кең таралмаған тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі.
Елді мекендер мен қаладағы шағын аудандарда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар мен мерекелік шаралар ұйымдастырылып, наурыз көже үлестіріледі. Сондай-ақ, «Қымызмұрындық» этнофестивалі өткізіледі.
Eңбeккe бaулу, тeхнoлoгия caбaқтapындa ұлттық бұйымдap жacaп, ұлттық ac мәзipiн әзipлeу. Қаладағы мейрамханаларда бірыңғай ұлттық ас мәзірінің тізімін құру және онлайн тапсырыс беру үрдісін қалыптастыру қажет.
Наурыз айында мектеп, колледж және университет асханаларының ас мәзіріне ұлттық тағам Наурыз көжені, талқан, жент, ұлттық сусындарымыз – қымыз, саумал, шұбат және сүт өнімдерімізді енгізу қажет.
Ұлттық тағамдарымыздың денсаулыққа пайдалары мен маңызы туралы денсаулық сақтау мамандары, диетолог және этнографтармен кездесулер ұйымдастыру. Сондай-ақ, ұлттық тағамдар туралы ақпараттық-танымдық брошюраларды халыққа кеңінен тарату, насихаттау.
Осыған орай "Дархан пейіл" атауымен ауыл халқы жаппай бірлесіп Мешіт асханасында ас беріп, дұға бағышталып, Наурыз батасы берілді.
"Қош келдің, әз Наурыз!" сазды бағдарламасы.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев: «Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады» дей келе, мейрам күндері де, жұмыс күндері де бейбітшілік пен келісімді үнемі нығайтуға тиіспіз.
Жалпы, Наурыз – түркі және парсы тілдес халықтарға ортақ мейрам. Сол себепті бұл мейрамды тойлауға арналған шаралар арасына көп ұлтты елімізде өмір сүретін түрлі халықтардың наурызда жасайтын амалдарын қосу, мейрамды түрлендіріп қана қоймайды, сонымен қатар ұлттар арасындағы үйлесімділік пен толеранттылықты нығайтады.
22.03.2023 жылы әдеби-сазды бағдарлама «Армреслинг», «Тоғызқұмалақ», «Дойбы», «Зіл темір көтеру» және «Арқан тарту», Қазақ күресі және Көкпар тарту ойындарымен жалғасып, жеңімпаздар ақшалай қомақты сыйлықтармен марапатталды.
22.03.2019ж. сағ.11.00-де «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік бағдарламасы. Мәдениет үйінің және әкімдіктің ұйымдастыруымен, Киров атындағы ӨК, сондай-ақ халықтың жұмылуының арқасында ғимарат ішіне Наурыз көже, құрт-май, ірімшік, сары бауырсақ жайылып, балдай Наурыз көже халыққа ұсынылды. Тойға келген жұрт дәмнен ауыз тиген соң, көркемөнерпаздар дайындаған әдемі концерт куәгері болды. Әкім Т. Ж. Ргебаев халықты табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жылмен шынайы құттықтап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған сайыстар жеңімпаздарын алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Бұқаралық шара мың бұралған бишілердің биі, мол шашу, Сүйінші дәстүрін көрсету және де әсем әндермен жалғасын тапты.
23 наурыз – Наурыз-тарту немесе «Жоралғы күні». Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, ал барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-тыйымдарың адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Мұндай құндылықтар ұлттық кодты сақтаудың компоненті екені айтылады. Осы күні Елбасы айтқан «кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді» жоюдың жолдары талқыланады. Бұл мейрамда ата-анаға, жақын туған-туысқа сый-сияпат жасап, қуанышқа бөлейді.
Ауылымыздың сыйлы отбасы Сұраубай ақсақалдың шаңырағына ат басымызды бұрып, болашақ отансүйгіш жасөспірімдерге қазақ халқының Жаратушының сыйы - дархандығы мен аузын ашса жүрегі көрінетін көңілі бұлақтай таза қасиеті ақсақал тарапынан сөз етілді.
Ростов ауылдық
Мәдениет үйінің меңгерушісі Г.К. Манкеева
Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйі
әдістеме бөлімінің жетекшісі З.Ә. Төлеубаева