Ұрпағы да ұрандайды бірлік деп



Дата07.09.2020
өлшемі14,98 Kb.

Ұрпағы да ұрандайды бірлік деп...
Әлемдік аренада күллі жұртты өзіне қарата білген жас мемлекеттің бар даңқы мен жетістігі, ол, әрине, Тұңғыш Президент- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемелдігімен келген дүние. Дана көшбасшының халыққа діттеп келген бірілк жайындағы ойында астарлы ақиқатты айта кеткен үлкен мән жатыр. Бұл философиялық толғам, аса бір терең даналық.

Елбасы тұғыры биік тәуелсіздігіміз, келер ұрпақтың бейбітшілікте өмір сүруі үшін төгілген ата- бабаларымыздың қан мен терін есте сақтап, ұлт болып бірегей таңдау жасағанымыз. Бұл таңдаулардың ішінде атап өтер болсақ, Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Халықаралық ұйымға мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді. Дана Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көпвекторлы сыртқы саясат бағытын ұстанып келеді. Бұл саясаттың негізгі мақсаты: жас мемлекетті жан- жақты фундамент арқылы нық тұрғызу.

Бейбіт, ашық аспан астында, шаттана күлген бүгінгі күн, әрине. Еліміздің даналығын дәріптеп, жеріміздің байлығын орнымен жұмсай біліп, халқымызды соғыссыз, ашаршылықсыз, еш жамандықсыз өмір сүру бақытын бұйыртқан әуелі Алланың сыйы, сонан соң Елбасымыздың еңбегі.

Үлкен еңбектердің ішіндегі бірегейі - 1 мамыр мерекесі Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері жыл сайын аталып өтіледі және бүгінде ол Қазақстан халқының бірлігі күні.

1 мамыр қазақстандықтар үшін татулық пен достық мерекесі ретінде қалыптасты, себебі Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Еліміздегі қол жеткізген табыстар осы халықтар достығымен тығыз байланысты. Аристотель кезінде: “Достықтың түбінде сыйластық жатады”, деген болса, Сократ: “Адамдардың достықсыз қарым-қатынасы түкке тұрғысыз” деген. Өзге жұрт бізді ауызбіршілігі және ынтымағы жарасқан ел деп қана танып келеді. Осы бірлік аясында еліміз дамыды, өркендеп, көркейе түсті. Күллі әлем қызыға да қызғана қарайтын, тіпті біздің достығымыздан үлгі алатын мемлекетке айналғанымыз да дана көшбасшылықтың арқасында.

Бірлігіміздің керегесін құлатпай тұруы ол бізге, келер ұрпаққа, яғни болашққа байланысты. Өткенін білмей, мәңгүрт жүрген халық емеспіз. Тарихымызға тәубе етіп, тұғырымызды нықтай білген елміз. Елбасымыз өз сөзінде болашақтың маңыздылығын негіздеп айтқандай. Қазіргі бірліктен, қазіргі күштен айрылмай, болашақтың жастарын, үздіксіз еңбеп етіп, түрлі білім алып, еліміздің өркендеу жолында аянбай еңбек ететініне сенетінін айтты. Келер күнде ұлттымыздың табысты, сауатты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен, білімімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, бүгінде, ХХІ ғасырға лайықты қасиетттерге ие болуға ұмтылып келе жатыр. Тағы да,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында.



Елбасымыз өз сөзін айтарда, болашақты да бағдарлай білгендей, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы болып жүзеге асырылып жатыр. Ендеше, еліміз сенген кейінгі өкіл- біздер. Елбасымыздың бірлік, ынтымақ философиясын түптен танып, тарихты жадымызда сақтап, еліміз бен жерімізді білім, ақыл, бәсекеге қабілеттілік, жан- жақтылық сынды қасиеттер арқылы шарықтата білсек Қазақстанның болашағы жарқын келешегі кемел болатынына мен сенемін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет