18. Міржақып Дулатұлы ХХғ Қостанай обл.туған аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі. Ата-анасынан ерте айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Ол ауылда молдадан хат танып, орыс тілінде мектепке оқиды. Патша өкіметнің отаршылдықты күшейтуі оның білім алуға ұмтылысын күшейтті. Омбы қаласына келгенде А.Байтұрсынұлымен кездесіп, бірге Қарқаралыдағы сяаяси-бұқаралық жұмыстарға қатысты. Келесі жылы патша жарлығына қарсы петиция жазуға ат салысты. Кең далада алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан халқына: “Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты„ деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іске шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнектегі қараңғылық ұйқысынан ояту, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол, “Оян, қазақ!„ деп ұрандаудан танған жоқ. 1907жПетербургте шыққан “Жастарға" деген өлеңін және "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі авторды тұтқындамақ болғанмен, иесін таба алмайды. 1909ж Петербургте М.Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітапта патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде ұлы ақынның шығармашылығын зерттеген. Шығармашылық жақтан әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" Петербург қ.жарық көрген өлең жинағы, кейін 1913ж Орынборда "Азамат", ал 1915ж "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болатын. Алғашқы кітаптың негізгі мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады, сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшыраған. Қазақ әдебиетінде таза көркем проза ретінде 1910ж «Бақытсыз Жамал» деген тұңғыш романы шыққан болатын. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. Еңбектері әрдайым әр түрлі лақап аттармен шығатын ақын өлеңдерінің басты тақырыбы болған-ел тағдыры. Негізінен шығармалары қазақ елі тәуеліздігін алған соң кең тарала бастады. 1929 жылы тергеу уақытында Міржақып: “Біз біздің отанымыз бізге ие болғанын қалаймыз„ деп жауап қайтарған. Өзінің ресми соңғы сөзінде ол: “Өз елімнің болашағы үшін мен барлық мүмкіншілікті қолдауым қажет. Егер де мен қателессем, елмен бірге қателесем. Ерте ме, кеш пе ақиқат үстем болып шығады„ деп мәлімдеді. М. Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ жақын арада оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырылу жазасына ауыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: |