Сабақ №6
Сабақтың тақырыбы: «Орман көркі ағаштар»
Мақсаты: Туған өлкенің орманы, ондағы ағаштар түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Орманды оттан қорғауға, табиғатқа қамқорлық жасау, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тапсырма 1: «Ханзада орманда келе жатты» ойын жаттығуы
Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға ойын жаттығуын орындауды ұсынады, мұнда сөздерді қимыл-қозғалыспен үйлестіру керек.
Ханзада орманда келе жатты (орнында аяқтың ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - жұдырық түйеді, оң аяқпен адымдағанда – жұдырықты жазады).
Хан қызын жолықтырды, жолықтырды (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Кел, екеуміз секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Тағы бір секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Қолымызбен шапалақ ұрайық, шапалақ ұрайық (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Аяқпен тарсылдатайық, тарсылдатайық (орнында 6 қадам жасап, әрбір қадамға шапалақ ұрады).
Сурет-14
Тапсырма 2: «Құстар, жер, су, от, ауа» ұлттық ойыны
Балалар дөңгеленіп тұрады. Бастаушы ортаға шығады. Ол ойынға қатысушылардың кез-келгеніне допты лақтырып "жер", "су", "ауа", «от» деген бір сөзді айтады. Бастаушы «жер» десе, допты қағып алған бала бір үй хайуанатын немесе жабайы аңның атын тез атауы керек. Ал "су" десе балық атын, "ауа" десе құс атауын айтуға тиіс. Ал "от" атауы айтылғанда ойнаушылар қолдарын бұлғап орындарынан бірнеше рет айнала секіруі керек. Ойынның түр-түрі аяқталған сайын доп бастаушыға қайта оралады. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығарылады.
Сурет-15
Достарыңызбен бөлісу: |