Зерттеутақырыбы: Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі балаларға ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту.
Зерттеу мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі балаларға ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың үрдісі.
Зерттеу пәні: Мектеп дейінгі балаларының дене тәрбиесін дамытудағы ұлттық ойындар.
Зерттеу болжамы: Егер, мектеп жасына дейінгі балалардың рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында дене тәрбиесін ұлттық ойындар арқылы дамытудың теориялық негіздері айқындалып, мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісінде оңтайлы жүзеге асырылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі дамиды.
Зерттеу міндеті:
Мектеп дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұлттық ойындар арқылы дамытуға қажетті әдіс - тәсілдерді анықтау;
Мектеп дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұлттық ойындар арқылы дамытуға бағытталған педагогикалық эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, қортындылау;