Сабақ №8 Сабақтың тақырыбы: Бір-біріне допты лақтыру және қағып алу
Мақсаты: Допты бір-біріне бағытын сақтай отырып лақтыру және екі қолмен қағып алуға үйрету.Бір-біріне допты беру және доптың ұшу бағытын қадағалау, допты күтіп алу әдістерін меңгерту. Балалардың дене бұлшықеттерін дамыту.
Тапсырма 1: «Күшік» қимылды ойыны.
Балалар арақашықтығы 1,5 метрден тұрып,бірінші бір бала «күшік» болып, допты қуады. Балалар допты күшік болып ойнап жатқан балаға бермей бір-біріне лақтырады. Балалар бірінен-кейін бірі күшік болып ойнайды.
Сурет-19
Тапсырма 2: «Аңшылар» ұлттық ойыны
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» ‑ шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді7