«рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында мектепке дейінгі балаларға ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту» деп алып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу тақырыбы



бет24/26
Дата07.02.2022
өлшемі4,31 Mb.
#94168
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
дплом дурысы

Сабақ №10
Сабақтың тақырыбы: «Аңшылар»
Мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін арттыра отырып сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрметін еңбекке, татулыққа тәрбиелеу
Тапсырма 1: «Аңшы мен қоян»
Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы, балаларды бірін-бірі жақсы танып білуге,өзара көмек беруге ойнаған кезде жалғыз еместігіндін есенде сақтауға, досына күлмеуге, мақтанбауға жеңелсең мұңаймауға тез бейімделе және шешімін таба біліге үйрету.
Ойын мазмұны: Ойыншылар бір аңшыны таңдайды.Қалған ойыншылар аңшыдан қашады.Аңшы волейбол добымен қуалайды және доппен қояндарды атқылайды.Доп тиген қоян ойыннан шығарылады.Ойын одан әрі жалғасады.

Сурет-23
Тапсырма 2 : Аңшылар
Бұл ойын да айгөлек алаңдарда ойналады. Балалардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Үлкен киіз үй орнындай дөңгелек шеңбер сызып алынып, балалардын үш добы кажет.
Ойын мазмұны: Ойын жүргізуші күні бұрын белгіленген шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш баланы тұрғызады. Бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болады да, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін шеңбердің ішіне жамырай кіреді. Сол сәтте басқарушы тоқта деген бұйрық береді. Бұйрық берілген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұрып қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректер» доптан тек денелерін ғана қозғап бұлтара алады, ал тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. Өлген «үйректер» «аңшыны» алмастырады, ал үйректерге тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды.
Осылайша үш аңшы бір минут уақыт аралығында қанша үйрек атып алады. Ойын соңында тигізбей орнында калған үйректер аншының рөлін ойнайды. Ойын осылайша бірнеше рет кайталанады.

Сурет-24

2.3 Қорытынды эксперименттің барысы, нәтижесі


Қалыптастыру кезеңінде эксперимент «Қызғалдақ» тобында жүргізілді, балалалардың дене белсенділігін арттыру мақсатында түрлі ұлттық ойындардың тізбегі беріліп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде және сабақтан тыс уақыттарда жұмыстар жүргізілді. Енді қорытынды кезеңінде эксперименттен кейінгі бақылау және эксперимент топтарына бірдей жүргізілген зерттеу әдістерін қарастырайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет