|
|
бет | 24/47 | Дата | 13.09.2023 | өлшемі | 1,29 Mb. | | #180923 |
| Байланысты: 6-контрольно-измерит-фарм-каз329. Кук бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі негізделген
А) аллергиялық әсерленістердің клиникалық көріністерінің пайда болуының уақытына
В) аллергиялық әсерленістердің этиологиясына
С) аллергиялық әсерленістердің патогенезіне
D) аллергиялық әсерленістердің ауырлық дәрежесіне
Е) аллергиялық әсерленістердің өту жылдамдығына
330. П. Джеллу және Р. Кумбсу бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі негізделген
А) аллергиялық әсерленістердің клиникалық көріністерінің пайда болу уақытына
В) аллергиялық әсерленістердің этиологиясына
С) аллергиялық әсерленістердің патогенезіне
D) аллергиялық әсерленістердің ауырлық дәрежесіне
Е) аллергиялық әсерленістердің өту жылдамдығына
331. Табиғи (алғашқы) эндоаллергендерге жатады
көз бұршағы тіні, қалқанша бездің коллоиды, тестикула тіні
қалқанша бездің коллоиды, кардиомиоциттер, гепатоциттер
тестикула тіні, Лангерганс аралшықтарының β жасушалары, сүйек тіні
вирус жұқтырған жасушалар, остеоциттер, бүйрек өзекшелері эпителий жасушалары
күйіктік тін, эндотелиоциттер, жүйке тіні
332. Аллергиялық әсерленістердің патофизиологиялық сатысы сипатталады
А) иммундық кешендердің түзілуімен
В) биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) әсерленуімен
С) ББЗ әсерінен ағзалар мен тіндерде құрылымдық және қызметтік бұзылыстармен
D) антиденелер түзілуімен
Е) сезімталдығы жоғарылаған лимфоциттердің түзілуімен
333 Сезімталдықты енжар жоғарылату дамиды
А) аллергенді қайталап енгізгенде
В) организмге гаптен түскенде
С) меншік тіндердің зақымдануында
D) арнайы антиденелерді немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттерді енгізгенде
Е) нәруыздық дәрмектерді көктамыр ішіне енгізгенде
334. Аллергиялық әсерленістердің патохимиялық сатысы сипатталады
А) микроциркуляцияның бұзылуымен
В) тегісеттік бөлшектердің жиырылуымен
С) қан тамырлары қабырғалары өткізгіштігінің жоғарылауымен
D) аллергиялық дәнекерлердің босап шығуымен
Е) иммундық кешендердің түзілуімен
335. Аллергиялық әсерленістің I түрін аса жиі туындатады
А) бактериялар
В) бактериялық уыттар
С) өзгерген жасуша мембраналары
D) аутоаллергендер
Е) өсімдіктер тозаңы
336. Аллергиялық әсерленістің реагиндік түрінің дәнекерлері
лимфокиндер, комплементтің құрамбөлшектері
эозинофилдердің хемотаксистік жайты, өспе тіршілігін жоятын жайт, С әсерлі нәруыз
гистамин, лейкотриендер
әсерлі радикалдар, γ - интерферон
макрофагтардың миграциясын тежейтін жайт, лейкотриендер
337. Аллергиялық әсерленістің реагиндік түріне сәйкес келеді
Ig Е түзілуі, мес жасушаларының түйіршіксізденуі
IgG және Ig М түзілуі
нейтрофилдердің түйіршіксізденуі
комплемент бөшектерінің әсерленуі
Артюс ерені
338. Аллергиялық әсерленістің реагиндік түріне жатады
жанасулық дерматит
поллиноздар
трансплантаттың тойтарылуы
сарысулық ауру
туберкулиндік сынақ
339. Аллергиялық әсерленістің реагиндік түрінің мысалын келтіріңіз
жанасулық дерматит
миастения
анафилаксиялық сілейме
туберкулиндік сынақ
сарысулық ауру
340. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрінің иммундық сатысына тән
А) мес жасушаларының беткейінде аллергендердің реагиндермен өзара әрекеттесуімен
В) жасушалық мембранасы өзгерген бөлшектерімен антиденелердің өзара әрекеттесуімен
С) комплемент жүйесінің белсенді бөлшектерінің түзілуімен
D) аллергендермен сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің өзара әрекеттесуімен
Е) қанда айналып жүретін иммундық кешендердің түзілуімен
341. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрінің негізгі дәнекері
А) комплементтің әсерленген бөлшектері
В) гистамин
С) брадикинин
D) лимфокиндер
Е) кининдер
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|