Суреттегі синустық-жүрекшелік түйін жасушаларының мембраналық потенциалының өзгерістерін қолдана отырып синустық тахикардия және брадикардияның даму тетіктерін түсіндіріңіз
|
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 424- 446, 460-471
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-154, 162 -169
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 1996г., С. 388-409, 430-447
Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 с. 398-421.
Патологическая физиология. Учебник, п/р А.Д.Адо, В.В.Новицкого,Томск, 1994г., стр. 294-317.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 306-323, 332-344
Қосымша:
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 106-121, 140-195.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 452-490.
Г.В.Розенштраук. Физиология и патофизиология сердца. – М.:Медицина, 1990, 620с.
Д.Морган, Л.Хеллер. Физиология сердечно-сосудистой системы. – 2000. – СПб.
Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 619-649
№ 3 тақырып. ТЫНЫС АЛУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Мақсаты:
сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Оқыту міндеттері:
тыныс жеткіліксіздігі дамуында ұяшықтардағы вентиляция, өкпе қылтамырларындағы газдардың диффузиясы және перфузиясының бұзылыстарының маңызын түсіндіру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезіне, орналасуына, қанның газдық құрамының өзгеруіне байланысты түрлері.
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрлері, себебі, патогенезі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бітелуіндегі өкпе көлемдерінің өзгерістерінің себептері мен патогенезі
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрлері, өкпеішілік, өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен өкпелік гипотензияның себептері мен механизмдері.
Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Ауызша талдау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |