С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
|
1.4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№1 КРЕДИТ
№ 1 ТАҚЫРЫП. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.
Сабақтың мақсаты:
-
Дерттік үрдістердің этиологиясы, патогенезі және эксперименттік емдеу жолдарын зерттегенде эксперименттік әдістің маңызын меңгеру.
-
Жалпы нозологияның негізгі түсініктерін меңгеру.
Оқыту міндеттері:
-
Аурудың немесе дерттік үрдістің үлгісін өздігінен алып, эксперименттік жануардағы патологияның көріністерін бақылап, қорытынды жасау
-
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.
-
Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Тәжірибелік әдістің маңызы, жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудегі жетістіктері мен кемшіліктері. Жануарларда тәжірибе жасаудың өнегелік-әдептік жақтары.
-
Нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.
-
Ауру - организмнің зақымдану және қорғану-икемделу әсерленістерінің диалектикалық бірлігі ретінде. Аурудың нышандары.
-
Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.
-
Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы
-
Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, дамуының негізгі жолдары
Оқыту мен үйретудің тәсілдері:
Дискуссия, кіші топтарда жұмыс жасау – блиц-ойын, тәжірибе жасау, хаттамаларды толтыру, нәтижелерін талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |