Тәжірибелік жұмыс
«Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.
№1 тапсырма. Поль Бер тәжірибесін сараптау
Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.
№2 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару
Егеуқұйрықты барокамераға орналастырып үш минөт аралығында ауаны барометрлік қысымның 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алады. Төменгі барометрлік қысым жағдайында болған жануарда 4 минөт өткен соң клоникалық - тоникалық селкілдек пайда болады. 5 минөттен кейін ақтық тыныс (сирек терең дем алу) пайда болады және бір бүйірімен қисайып жатады. Кейін тыныс алуы толығынан тоқтайды. Төменгі барометрлік қысым жағдайында (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап) өмір сүру уақытының ұзақтығы 6 минөтті құрады.
Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне шалдықты?
Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?
Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге борлады?
№2
10 000 м биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөндтің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.
Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қатер төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?
бұл дерттік үрдістердің туындауы мен дамуының себептері қандай?
Аталған үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?
№3тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу
№ 1. БИІКТІК АУРУЫ
Себептері
Патогенездің негізгі тізбегі
ОЖЖ
Жүрек- қан тамыр жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Қан жүйесі
|
Барометрлік қысымның төмендеуі,
дем алатын ауада рО2 төмендеуі
гипоксемия
зат алмасудың бұзылуы
гликолиздің белсенділенуі
зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы
негізгі көріністері
Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.
Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.
Гиперпноэ, кейін брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысады
Эритроцитоз
|
Газдар және сұй-ықтардың физикалық қасиеттерінің өзгеруі
Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларының жыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия
|
№ 2.
БИІКТІК АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі
г ипоксемия
Тыныс алу орталығының қозуы
гиперпноэ
Гипокапния, тыныстық алкалоз
Тыныс алу орталығының әлсіреуі
б радипноэ
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 24 -57
Қосымша
6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.
Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.
Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.
БАҚЫЛАУ
Достарыңызбен бөлісу: |