Руководителю соц



бет2/25
Дата07.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#96781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
3-практ-фарм-каз
3-практ-фарм-каз, 3-практ-фарм-каз, ТУП - ОСНОВЫ ФАРМАКОЛОГИИ, ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ 2 ПӘНІ БОЙЫНША СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ЖИНАҒЫ, иондау сәулелер
Тәжірибелік жұмыс



1 Тапсырма.

« Патофизиологиялық тәжірибенің негізгі сатыларын дұрыс бірізділікпен орналастыруға» арналған жедел ойын.




Әдісі: Әрбір студент патофизиологиялық тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін өзі анықтайды және мұны «жеке бағалау» бағанасында цифрмен белгілейді. Осы тапсырманы орындағаннан соң студенттер үш адамнан топқа бірігеді және бірлесе отырып нәтижелерді талдайды, бірдей пікірге келеді және «топтасып бағалау» бағанасында тәжірибе сатыларының дұрыс бірізділігін белгілейді. Сонан соң оқытушы дұрыс жауапты айтады. Қателермен жұмыс істеу басталады, жеке және топтасып бағалауда кеткен қателер саналады.



Тәжірибе сатылары

Жеке ( өз бетінше) бағалау

Жеке бағалауда кеткен қате

Дұрыс жауап

Топтасып,өзара келісіп бағалау

Топтасып бағалауда кеткен қате

Тәжірибе мақсаты мен міндеттерін анықтау
















Тәжірибе жоспарын құру
















Алынған деректерді статистикалық өңдеуден өткізу
















Зерттеу әдістері мен сайма-сай үлгіні қалау


















Зерттеудің нәтижелер-ін талдау және тұжырым жасау
















Дерттік үрдісті зерттеу
















Дерттік үрдістің үлгісін алу
















Тәжірибелік емдеу
















Тәжірибенің тың ойын анықтау
















Зерттеушінің теория-лық дайындықтан өтуі



















2 тапсырма.

Тышқандарда кинетоз ауруының үлгісін үдеу әсерімен алу.




Әдісі: Екі ақ тышқан қапшыққа жекелей салынады да, олар центрифуганың сақинасына қарама-қарсы бекітіледі. Центрифуганың сақинасын 1 минөттей айналдырамыз (тұтқаны 2 секөндте бір рет айналдырады), сонан соң лоар қапшықтан шығарылады. Жануарлардың жағдайына, қозғалыс үйлесімділігіне назар аударылады. Жануарларда кинетоз ауруы белгілерінің жоғалу мерзімі анықталады. Тұжырым жасалады.

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 3-10, 12-17.

  2. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 5-22.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 4-30.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-34.

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова. – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- 5-24- беттер

Қосымша
6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 10-31
7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М: ГЭОТАР-МЕД, 2003. Т. 1. С. 9-37.
8. Крыжановский Г.Н. Патофизиология как современная интегративная биомедицинская наука //Вестник АМН МСССР. - 1991, № 3. - С.9 - 11.
9. Крыжановкий Г.Н. Патофизиология на рубеже нового столетия // Второй Российский конгресс по патофизиологии. Патофизиология органов и систем. Типовые патологические процессы. Тезисы докладов. М.: 2000, с.6 – 10.
10. Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.
11. Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-6

БАҚЫЛАУ
(Сөзжұмбақтар шешу және сынамалық тапсырмаларды орындау)


Тігінен:
2. «аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық
және әлеуметтік толық сәттілік жағдай»
4. өлім сатысы
6. аурудың нышаны
8. гипоксияға ең сезімтал ми бөлігі
10. өлген организмді тірілтуге үлес қосқан ғалым
12. сауығудың тұрақты механизмдерінің бірі
15. клиникалық көріністердің қайталануы
16. сутегі ионы мөлшерінің артуы
18. пневмониядан өлген баланың оқшауланған жүрегін 19 сағат 30 минөттен соң тірілткен
(1902) ғалым, Верный қаласында тұрған.
19. «әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен
және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы»
21. Ф.А. Андреев (1913) ұсынған организмді тірілту мақсатында жүрекке қарай артерия
арқылы сұйықтықты енгізу әдісі
23. денсаулықтың өлшемі
26. денсаулық пен ауру арасындағы аралық жағдай


Көлденеңінен:
1. ауру туралы жалпы ілім
3. өлімнің түрі
5. өлген организмді тірілту туралы ғылым
7. өлімнің түрі
9. аурудың аяқталуы
11. патофизиологтардың Қазақстандық мектебінің негізін қалаушы
13. өлім кезінде дамитын негізгі дерттік үрдіс
14. аурудың аяқталуы
17. жұқпалы аурулардың бірінші кезеңі
20. патологияның жасушалық теориясын құрған неміс паталоганатомы
22. аурудың клиникалық белгілерінің уақытша жойылуы
24. оттегі тапшылығына ең сезімтал жасуша
25. қанағымының қалпына келуі
Кроссворд



Сынамалық тапсырмалар


Сөзжұмбақ

1.7 бөлімді, патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз


2 тақырып «ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. ТӨМЕН БАРОМЕТРЛІК ҚЫСЫМНЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ӘСЕРІ»


Сабақ мақсаты:
Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін меңгеру
Сабақтың міндеттері:

  • биіктік ауруын үлгілеу тәсілін меңгеру

  • тәжірибе нәтижелерін сараптап, төмен барометрлік қысымның әсерін мысалға ала отырып жалпы патогенездің негізгі түсініктерін түсіндіру

Сабақтың негізгі сұрақтары:

  1. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  2. Эиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы.

  3. Балалар аурулары туындаудағы маңызды этиологиялық жайттар (жарақаттану, асқын қызыну, тамақтану тәртібінің бұзылуы, организм ерекшеліктері)

  4. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.

  5. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруы негізгі көріністері, патогенезі.

  6. Патологиялар кезінде балалар организмі қызметтерінің қалпына келу және теңгерілу үрдістері.



Оқыту мен сабақ жүргізу әдістері:
Сабақты талдау, тәжірибе жасау, хаттамаларды толтыру, нәтижелерін талқылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет