Сабақтың мақсаты: Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Оқыту міндеттері: жасуша зақымдануының себептері мен патогенезін зерттеу
зақымдаушы агенттердің әсеріне жасушаның бейімделу тетіктерін зерттеу
жасушаның зақымдану белгілерін анықтап, оларды бағалау
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.
Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.
Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.
Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.
Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).
Жасуша мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүліністерінің салдарлары.
Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.
Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралардың патогенездік негіздері.
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері: Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.