Руководителю соц


Аналық бездердің ішкі сөлденістік гиперфункциясы, гиперандрогения немесе гиперэстрогениямен сипатталады



бет8/30
Дата09.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#131196
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Министерство здравоохранения рк

Аналық бездердің ішкі сөлденістік гиперфункциясы, гиперандрогения немесе гиперэстрогениямен сипатталады

1. Гиперандрогения — андрогендердің көп өндірілуі және/немесе оның әсерінің жоғарылауымен сиппатталатын жағдай. Әйелдердің 10–15%-да айқындылығы әртүрлі дәрежеде көрінеді.

Себептері.

  • Гипоталамус нейрондарымен люлибериннің немесе/және лютропиннің аденогипофиз жасушаларымен (мәселен, өспе кезінде, олардың гипертрофиясы немесе гиперплазиясында) артық өндірілуі. Лютропиннің көп болуы, фолликулдың сыртқы қабатының және түйіршікті қабатының гиперплазиясына, сонымен қатар аналық бездердің тірегінің гиперплазиясына әкеледі. Көрсетілген өзгерістер аналық бездерінде андрогендер өндірілуінің жоғарылауымен және организмде вирилизм көріністерінің пайда болуымен қабаттасады.

  • Бүйрек үсті бездерімен андрогендік стероидтар түзілуінің артуы, әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде. Бұл андрогендер шеткері тіндерде эстронға айналуы, ол люлибериннің өндірілуін белсенділейді. ЛГ болса аналық бездерден андрогендер өндірілуін жоғарылатады. Тіндерде олар эстронға айналып, көбінесе өздігінен күшейтетін кері айналып соғу шеңберін туындатады.

  • Организмде инсулиннің артуы, лютеотропты гормонның, сонымен қатар аналық бездер және бүйрек үсті бездерінде андрогендердің өндірілуін белсенділейді.

  • Андрогендердің өндірілуін арттыратын аналық бездердің өспелері (мысалы, Лейдиг жасушаларының — лейдигомасы тестостерон өндіріледі).

  • 3‑гидроксистероиддегидрогеназаның жеткіліксіздігі. Бұл ферменттің жеткіліксіздігі дегидроэпиандростеронның организмде мөлшері артуына алып келеді.

Көріністері: андростендион мен тестостеронның қанда мөлшерінің жоғарылауы, қанда гонадотропиндердің арақатынастық көрсеткіштерінің жоғарылауы (әдетте ЛГ/ФСГ 3-тен жоғары), гирсутизм, аменорея, бедеулік, семіру.
2. Гиперэстрогения. Организмдегі эстрогендердің түзілуінің және/немесе әсерінің артуымен сипатталады. Ең жиі себебі: бүйрек үсті бездері және/немесе аналық бездері түзетін андрогендердің қанда жоғарылауы. Теріде және май тінінде андрогендер эстрогендерге айналады, бұл өз кезегінде олардың қандағы мөлшерінің жоғарылауына әкеліп соғады.

Көріністері: қанда және зәрде эстрогендердің артуы, гонадотропты гормондар деңгейінің төмендеуі (кері байланыс тетігі бойынша), изосексуәлды түр бойынша қыздардың ерте жыныстық жетілуі, организмнің жылдам өсуі ( жас мөлшерлік қалыптан ерте), әдетте меноррагия түрінде болатын етеккір оралымының бұзылуы. Етеккір бұзылысы эстрогендердің ұзақ уақыт жоғарылауымен және қандағы прогестерон мөлшерінің кезеңдік толқуымен байланысты.

Етеккір оралымының бұзылыстары


Жыныстық жетілген әйелде, өмірінің ұрпақ әкелуі кезеңінде, етеккірінің болмауын салдарлық аменорея деп атайды. Басқа бұзылыстар, етеккірдің қалыптыдан жиірек (полименоррея), немесе сирек (олигоменоррея), тым аз мөлшерде, немесе тым көп мөлшерде (меноррагия) болуы, сонымен қатар, ерекше ауыру сезімімен қабаттасады (әлгоменорея).
Етеккір оралымының бұзылысына мыналар әкеледі:

  • Эстрогендердің көп немесе жеткіліксіз өндірілуі

  • Прогестеронның көп немесе жеткіліксіз өндірілуі

Осы өзгерістердің кез-келгені, етеккір оралымы кезеңдерінің бірізділігін реттейтін гонадотропты және овариальдық гормондардың әсер ету реттілігінің бұзылуына әкеледі.

Тегі еркек жынысты адамдарда жыныстық жетілу мен жыныстық қызметтің бұзылысы

Ұлдарда, жасөапірімдік кезең 9,5-нан 13,5 жасқа дейінгі аралықта басталады және 3 жыл бойы созылады. Аталық бездің ұлғаюы жыныстық жетілудің алғашқы белгісі болып табылады. Жыныстық жетілудің басқа белгілеріне: безеуді, жасөспірімдік гинекомастияны ж.б. жатқызуға болады.
жасөспірімдік гинекомастия — жасөспірімдерде сүт безінің дамуы (әдетте бір жақты, үрпекасты қалыңдау түрінде және ешқандай әйгіленімсіз өтеді) —жасөспірімдердің 60% кездеседі, көбінесе 6 айдан екі жылға дейін созылады.
• Варикоцеле — шәует түтігі көктамырларының кеңеюі — жасөспірімдердің 15%-да, жиі сол жағында кездеседі.
• Шап жарығы, ер адамдарда әйелдерге қарағанда 5 есе жиі кездеседі; әдетте оң жағында немесе екі жақта орналасады.
• Гидроцеле — ұмада орналасқан шәует түтігі қабығының сұйықтыққа толған түзілімі
• Сперматоцеле — құрамында сперматозоитарды бар аталық без қосалқыларының жылауықтық түзілімі.
Ерлердегі жыныстық жетілу және жыныс қызметінің ішкі сөлденістік бұзылысы мынадай біртектес түрлермен көрінеді: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныстық жетілудің баяулауы, аталық без гипофункциясы.

Мерзімінен бұрын жыныстық жетілу

Мерзімінен бұрын (алғашқы) жасөспірімдік — бұл жағдай 9 жастағы ұлдарда барлық немесе жекеленген кейінгі жыныс белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Кейде бұл көңіл-күйлік және мінез-құлықтық бұзылыстармен бірлеседі, сонымен қатар, әлеуметтік бейімділіктің бұзылуымен сипатталады. Ұлдардың шынайы және жалған мерзімінен бұрын жыныстық дамуын ажыратады.
• Шынайы мерзімінен бұрын жыныстық жетілу гипоталамо-гипофиздік жүйенің гиперфункциясының салдары болып табылады және толық ерте жыныстық жетілумен сипатталады (аталық безде сперматогенездің белсенденуі және вирилизация).

Себебі: гипоталамустың нейрондарымен гонодолибериннің мерзімінен бұрын сөлденуі салдарынан аденогипофиздің гонодотропты гормондарының сөлденуі артады.
Жалған (кейінгі) ерте жыныстық жетілу ұлдарда АХГ немесе андрогендердің дербес артық өндірілуіне байланысты. Жартылай ерте жыныстық жетілумен сипатталады (вирилизация белгілерінің пайда болуымен), бірақ сперматогенез әсерленбейді.

Себептері: аталық бездердің андроген өндіруші өспелері (мәселен, тестостерон өндіретін лейдигомалар; андроген түзуші сертолиомалар және арренобластомалар), Лейдиг жасушаларының гиперплазиясы және тестостеронның солармен артық өндіруі, бүйрек үсті безінің гиперплазиясында (жиі — туа біткен) немесе өспелермен зақымдануында қанда андрогендер деңгейі жоғарылайды.
Ерте жасөспірімділіктің көріністері:

вирилизация (қасаға және қолтықастылық түктердің пайда болуы, дауыстың жуандауы, атабезінің және жыныс мүшесінің ұлғаюы, т.б.) алғашқы вирилизация әйгіленімдері екі жасында кездеседі және ергежейлік (сүйек эпифизінің өсуінің ерте тоқтауымен сипатталады).

Жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

14 жастағы ұлдарда жыныстық жетілудің белгілері болмаса, ол жасөспірімділіктің кешеуілдеуі болып саналады.
Себептері

  • Гипоталамус гонодолибериндері немесе/және аденогипофиз гонодотропиндерінің тапшылығы (жарақаттар немесе қан құйылу нәтижесінде, қабынулық үрдістерден т.б. гипоталамустың ядроларының немесе гипофиздің өспелермен зақымдануы).

  • Аталық бездердің жарақатында, өспелердің өсуінде, дамуының бұзылуында (Клайнфелтер синдромы), аталық бездің қабынуында (орхит, қан айналымының бұзылуы, радиация әсері ж.б.) тестостерон өндірілуі азаяды.

  • Нысана- тіндерінің тестостерон әсеріне сезімталдығының төмендеуі.
Көріністері

  • Әтекетік (евнухоидизм) белгілері: атабезі мен жыныс мүшесінің дамымауы, кейінгі жыныс белгілерінің болмауы немесе әлсіз дамуы, әйелге тән (қызға тән ) дауыс, семіру, қаңқа арақатынасының бұзылуы (қолының құшағы бойынан 6-8 см –ге артық, себебі ол жіліктердің эпифиздік өсуі аяқталуының кешігуіне байланысты).

  • Қанда тестостерон мөлшерінің азаюы (жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулиндердің қалыпты деңгейінде).

Еркектік гипогонадизм белгілері

Ерлерде жыныстық жетілу бұзылмаған. Осыған байланысты дауыс әуезділігі және дене бітімі қалыптыға жақын. Жыныстық нәпсі аңсарының төмендеуі, белсіздік, бедеулік — тұрақты жыныстық қатынас бір жыл көлемінде бола тұра, жүктілікті болдырмаушыларды қолданбағанда және жыныстық қатынасқа мүмкіндігі бар еркектің бала ұрықтандыруға қабілетсіздігі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет