ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1 тақырып. «Несеп шығару жүйелерінің қабыну ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструкциялық уропатия. Несептік синдромның патогенезі» .
Сабақтың мақсаты:
Бүйрек қызметі бұзылуының патогенезін, этиологиясын меңгеру
Бүйректің қабыну ауруларының патогенезін, этиологиясын меңгеру.
Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Бүйрек қызметі бұзылуының патогенезін және этиологиясын сипаттауды
Несептік синдромның патогенезін түсіндіруді
Обструкциялық уропатия, пиолонефрит патогенезін және этиологиясын түсіндіруді
НЖЖ дерттеріндегі синдромдар мен симптомдардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды
Ситуациялық есептерді қорытындылауды
Обструкциялық уропатиялар мен пиелонефриттертердегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.
Шумақтарда несеп сүзілуінің төмендеуі және жоғарылауы, себептері, даму тетіктері, салдарлары.
Түтікшелік кері сіңірілудің бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (гипер-, гипо-, изостенурия), даму тетіктері.
Полиурия, олигурия және анурия, шығу тегі, даму тетіктері.
Несептің сапалық құрамының өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмі.
Бүйректің қабыну ауруларының, мысалға пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы.
Обструкциялық уропатияның патогенезі және этиологиясы.
Оқыту мен сабақ берудің әдісі:
Ауызша сұрау, шағын топпен жұмыс, сынама,: ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |