Руководителю соц


Жүрекке артық күш түскенде икемделістік-бейімділістік жолдары



бет11/37
Дата16.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#149660
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
МодульССС.27.06.10.-каз-doc

Жүрекке артық күш түскенде икемделістік-бейімділістік жолдары
Қысқа мерзімдік:

  1. Жүректің жиырылу күшінің артуы

  • Гетерометрлік тетік – Франк–Старлинг заңы (босаңсу кезінде ет талшықтарының ұзындығының ↑ жүректің жиырылу күшін арттырады → тоногендік дилятация)

  • Гомеометрлік тетік (миокардтың керілу күші жүрек ет талшықтарының ұзындығы ұзармай артуы )

  1. Жүректің соғу жиілігінің артуы (тахикардия)

Ұзақ мерзімдік


Миокардтың гипертрофиясы

Ф.З. Меерсон бойынша дерттік гиперфункция мен гипертрофия сатысы


1. Апаттық саты (жүректің икемделістік гиперфункциясы) жасуша құрылымдарының қызмет атқару қарқындылығының артуы:

  • Макроэргиялық фосфорлық қосындылардың ыдырауы, АҮФ ыдырау өнімдерінің жиналуы (АДФ, АМФ, Фн)

  • Қажым түзілуінің артуы

  • Кардиомиоциттердің тектік құралының әсерленуі

  • Нуклеин қышқылдары мен нәруыздар өндірілуінің артуы

  • Жүрек қызметінің артуы → простагландиндер, ангиотензин II → аденилатциклазаның әсерленуі → жасуша ішілік цАМФ  тектік құралдың әсерленуі → нуклеин қышқылдары мен нәруыздар өндірілуінің артуы

2. Қалыптасқан гипертрофия және салыстырмалы тұрақты гиперфункция сатысы

  • Бұлшықеттің бірлік салмағына сәйкес жасуша құрылымының қалпына келуі

  • Миокард бірлігіне сәйкес нәруыз өндірілуі және энергия түзілуінің қалпына келуі

  • Әрбір кардиомиоциттің көлемі ұлғаюына байланысты миокард массасының артуы

ГИПЕРТРОФИЯЛАНҒАН КАРДИОМИОЦИТТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:


  1. Жасуша беткейінің өсуі бұлшықеттің көлемінің өсуінен қалыс қалады → мембранаға байланысты үрдістердің бұзылыстары.

  2. Митохондрий массасының өсуі бұлшықет массасы өсуінен қалыс қалады → қажым жеткіліксіздігі.

  3. Ядро массасының өсуі саркоплазманың өсуінен қалыс қалады → құрылыммен қамтылудың тапшылығы.

  4. Тамырлар массасының өсуі бұлшықет массасының өсуінен қалыс қалады →қанмен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.

  5. Жүйке талшықтары массасының өсуі бұлшықет массасының өсуінен қалыс қалады → жүйкеленудің нашарлауы.

  6. Жүректің диастолалық қызметінің басымырақ бұзылуы.




  1. Миокард қызметінің қажуы және үдемелі кардиосклероз сатысы

Жүрек ет талшықтарының біршамасы тіршілігін жоғалтады → фибробластардың өсіп-өнуі → дәнекер тіннің өсуі → біртіндеп жүректің жиырылу және босаңсу күші және жылдамдығы азаяды → миогенді дилятация → созылмалы іркілулік жүрек жеткіліксіздігі.

Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрі (миокардтың біріншілік бүлінісі)


(миокардта зат алмасудың бұзылу нәтижесінде дистрофиялық және некроздық өзгерістер):

  • Коронарогендік (коронарлық жеткіліксіздік)

  • Коронарагендік емес (миокардтың химиялық, физикалық, биологиялық ықпалдармен зақымдануы)

Миокардтың коронарогендік емес зақымдануы:

  • Идиопатиялық, біріншілік кардиомиопатиялар (дилятациялық кардиомиопатия, гипертрофиялық кардиомиопатия, рестрикциялық кардиомиопатия)

  • Жүре пайда болған, екіншілік кардиомиопатиялар

  • Қабынулық

  • Уыттық

  • Эндокриндік

  • Тамақтану бұзылғанда

  • Созылмалы гипоксияда

  • Жан-күйзелістік


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет