Тақырып № 3 «Жүрек қызметінің қауырт және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері»
Сабақтың мақсаты:
1.Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру
2. Балалардағы жүрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Оқытудың мііндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Жүрек жеткіліксіздігінің түрлерін ажыратуды
Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық, миокардтық түрінің патогенезін сипаттауды
Тәжірибеде алынған жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жүрек жұмысының өзгерістерін анықтау және түсіндіруді
Ситуациялық есептерді қортындылауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жүрек жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.
Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі, түсінігі, көлеммен зорығудың («жүрек алдылық жүктеме») және кедергімен зорығудың («жүрек соңылық жүктеме») себептері
Балалардағы жүрек жеткіліксіздігінің себептері
Ф.З.Меерсон бойынша жүректің дерттік гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияланған жүрек ет жасушаларының ерекшеліктері.
Коронарогенді емес жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар, түрлері, себебі, патогенезі.
Жүрек жеткіліксіздігінің молекулярлы-жасушалық тетіктері (мембрана және ферменттік жүйенің зақымдануы, иондық дисбаланс, энергиямен қамтамасыз етудің және реттелудің зақымдануы.
Жүрек қызметінің көрсеткіштері өзгеруі және жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысының клиникалық көріністері.
Оқыту мен сабақ жүргізудің әдістері:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс істеу: тәжірибені орындау немесе қойылымды көру, есептерді шешу.
1 және 2 тапсырманы орындау немесе «Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің үлгісін алу» бейне қойылымын көру ( № 1 кассета)
Достарыңызбен бөлісу: |