ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2. «ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ. Модулдің жалпы мақсаты: негізгі және клиникалық пәндері біріктіру негізінде студенттерді ересектерде және жас балаларда қалыпты және дерттік жағдайларда ЖҚЖ-нің клиникалық тексерулердің негізін, оның қызметін қамтамасыз ететін физиологиялық үрдістерді және негізгі клиникалық әйгіленімдердің патофизиологиялық даму тетігін түсінуге үйрету.
Патофизиология-2 модулінің міндеттері: Жүрек – қантамыр жүйесінің зақымдалу синдромдарын және негізгі әйгіленімдердің даму патофизиологиясының тетіктерін түсіндіру және білімін біріктіру.
ДӘРІС ЖИНАҒЫ № 1 тақырып. Атеросклероз. Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері, себептері, миокардтың зақымдану тетіктері. Мақсаты:
Атросклероздың этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру.
Атеросклероздың асқынулары. Атеросклероздың алдын-алу шаралары мен емдеудің ұстанымдары.
Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі.
Дәрістің тезисі: Атеросклероз – деп серпімді және бұлшықеттік-серпімді түрдегі артериялардың (ірі және орташа) ішкі қабаттарында липидтердің жиналуы мен фиброзды тіндердің қалыптасуы нәтижесінде оның қалыңдауына әкелетін созылмалы ошақты қабыну.