әлдостерон
Т амырлардың тарылуы
Бүйрек өзекшелерінде натрийдің кері
сіңірілуінің
ДҚГ өндірілуі
тамыр тарылтқыш
заттарға тамырлардың
сезімталдығы бүйрек өзекшелерінде судың
кері сіңірілу інің
шеткі тамырлардың жалпы кедергісі
Бүйректік ұлпалық АГ (лат. ren-бүйрек, privo- азаю) бүйректің ұлпасында құрылымдық өзгерістер болуынан дамиды. Тәжірибелік үлгісін Грольман, 1949ж. екі бүйректі бірдей сылып алып тастап, «жасанды бүйрек» аспабына қосу арқылы
Тәжірибелік үлгісі: жануарларға минералокортикоидтар мен натрий хлориді ертіндісін енгізу.
Эндокриндік артериялық гипертензиялар глюкокортикоидтардың (Иценко-Кушинг ауруы және синдромы), әлдостеронның (Конн синдромы, екіншілік әлдостеронизм), СТГ (акромегалия, алыптылық), адреналин (феохромоцитома), тироксин (Базед ауруы, тиреотоксикоз), вазопрессин (ДҚГ-ның сәйкессіз өндірілу синдромы) артық өндірілуінен дамиды.
Эссенциялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі (ЭГ) Эссенциялық гипертензия – жүйелер мен ағзалардың біріншілік құрылымдық зақымдануына байланыссыз артериялық қысымның көтерілуімен сипатталатын ауру. Бұл аурудың негізінде тамыр межеқуатын жүйкелік - сұйықтық реттелуінің бұзылуы жатады.
Эссенциялық гипертензия – негізінде тамыр межеқуатын реттеуге қатысатын гендердің мутациясы жататын полигенді ауру. Тұқымқуалаушылыққа бейімділік сыртқы орта ықпалдарының әсерінен дамиды.