Жүрекке артық күш түскенде икемделістік-бейімділістік жолдары
бет 11/37 Дата 21.11.2022 өлшемі 2,41 Mb. #159225
Байланысты:
МодульССС.27.06.10.-каз-doc Жүрекке артық күш түскенде икемделістік-бейімділістік жолдары
Қысқа мерзімдік:
Жүректің жиырылу күшінің артуы
Гетерометрлік тетік – Франк–Старлинг заңы (босаңсу кезінде ет талшықтарының ұзындығының ↑ жүректің жиырылу күшін арттырады → тоногендік дилятация)
Гомеометрлік тетік (миокардтың керілу күші жүрек ет талшықтарының ұзындығы ұзармай артуы )
Жүректің соғу жиілігінің артуы (тахикардия)
Миокардтың гипертрофиясы
Ф.З. Меерсон бойынша дерттік гиперфункция мен гипертрофия сатысы
1. Апаттық саты (жүректің икемделістік гиперфункциясы) жасуша құрылымдарының қызмет атқару қарқындылығының артуы:
Макроэргиялық фосфорлық қосындылардың ыдырауы , АҮФ ыдырау өнімдерінің жиналуы (АДФ, АМФ, Фн )
Қажым түзілуінің артуы
Кардиомиоциттердің тектік құралының әсерленуі
Нуклеин қышқылдары мен нәруыздар өндірілуінің артуы
Жүрек қызметінің артуы → простагландиндер , ангиотензин II → аденилатциклазаның әсерленуі → жасуша ішілік цАМФ тектік құралдың әсерленуі → нуклеин қышқылдары мен нәруыздар өндірілуінің артуы
2. Қалыптасқан гипертрофия және салыстырмалы тұрақты гиперфункция сатысы
Бұлшықеттің бірлік салмағына сәйкес жасуша құрылымының қалпына келуі
Миокард бірлігіне сәйкес нәруыз өндірілуі және энергия түзілуінің қалпына келуі
Әрбір кардиомиоциттің көлемі ұлғаюына байланысты миокард массасының артуы
ГИПЕРТРОФИЯЛАНҒАН КАРДИОМИОЦИТТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Жасуша беткейінің өсуі бұлшықеттің көлемінің өсуінен қалыс қалады → мембранаға байланысты үрдістердің бұзылыстары.
Митохондрий массасының өсуі бұлшықет массасы өсуінен қалыс қалады → қажым жеткіліксіздігі.
Ядро массасының өсуі саркоплазманың өсуінен қалыс қалады → құрылыммен қамтылудың тапшылығы.
Тамырлар массасының өсуі бұлшықет массасының өсуінен қалыс қалады →қанмен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.
Жүйке талшықтары массасының өсуі бұлшықет массасының өсуінен қалыс қалады → жүйкеленудің нашарлауы.
Жүректің диастолалық қызметінің басымырақ бұзылуы.
Миокард қызметінің қажуы және үдемелі кардиосклероз сатысы
Жүрек ет талшықтарының біршамасы тіршілігін жоғалтады → фибробластардың өсіп-өнуі → дәнекер тіннің өсуі → біртіндеп жүректің жиырылу және босаңсу күші және жылдамдығы азаяды → миогенді дилятация → созылмалы іркілулік жүрек жеткіліксіздігі.
Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрі (миокардтың біріншілік бүлінісі)
(миокардта зат алмасудың бұзылу нәтижесінде дистрофиялық және некроздық өзгерістер):
Коронарогендік (коронарлық жеткіліксіздік)
Коронарагендік емес (миокардтың химиялық, физикалық, биологиялық ықпалдармен зақымдануы)
Миокардтың коронарогендік емес зақымдануы:
Идиопатиялық, біріншілік кардиомиопатиялар (дилятациялық кардиомиопатия , гипертрофиялық кардиомиопатия, рестрикциялық кардиомиопатия)
Қабынулық
Уыттық
Эндокриндік
Тамақтану бұзылғанда
Созылмалы гипоксияда
Жан-күйзелістік
Достарыңызбен бөлісу: