Руководителю соц


«ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ



бет27/37
Дата21.11.2022
өлшемі2,41 Mb.
#159225
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
МодульССС.27.06.10.-каз-doc

«ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ
Мақсаты:

  1. Өткен тақырыптар бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстар бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылаудың тапсырмалары:

  1. Өткен тақырып бойынша алған білімін бекіту



Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Атеросклероздың этиологиясы

  2. Атеросклероздың дамуының жаңа теориялары

  3. Атеросклероздың патогенезі

  4. Аеросклероздың асқынулары

  5. Атеросклероздың алдын-алу шаралары мен емдеу ұстанымдары

  6. Коронарлық жеткіліксіздік, түсінігі, түрлері (нағыз, салыстырмалы), патогенезі

  7. Коронарлық қанайналымының қайтымды және қайтымсыз бұзылыстарының сипаттамасы, себептері, патогенезі

  8. Коронарлық қанайналымының қауырт және созылмалы жеткіліксіздігінде жүрек қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгерістері.

  9. Артериялық гипертензия, түсінігі, түрлері

  10. Тәжірибеде артериялық гипертензияның патогенезін оқу. Екіншілік (әйгіленімдік) артериялық гипертензиялар, түсінігі.

  11. Біріншілік артериялық гипертензияның қауіп- қатер жайттары

  12. Біріншілік артериялық гипертензияның патогенезі.

  13. Артериялық гипертензияның алдын-алу шаралары мен емдеу ұстанымдары

  14. Жүрек жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.

  15. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі, себептері, көлеммен (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен (жүрек соңылық жүктеме) зорығуының себептері.

  16. Жүре пайда болған жүрек ақаулары, анықтамасы, түсініктеме, этиологиясы, қанайналымы өзгерістерінің патогенезі.

  17. Балалардағы туа пайда болған жүрек ақаулары (жүрекше аралық, қарынша аралық қалқанның ақауы, Фалло тетрадасы, Ботал өзекшесінің бітелмеуі).

  18. Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.

  19. Жүрек қызметінің коронарогенді емес жеткіліксіздігінің миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі.

  20. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің молекулалық-жасушалық механизмдері (мембрана мен ферменттік жүйелердің зақымдануы, иондық дисбаланс, энергиямен қамтамасыз ету және реттелуінің бұзылыстары).

  21. Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздінің теңгерілмеген сатысының клиникалық көріністері.

  22. Жүрек ырғақсыздықтары туралы түсінік, жіктелуі.

  23. Автоматизм бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.

  24. Өткізгіштік бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.

  25. Экстрасистолия туралы түсінік, себептері, даму тетіктері, түрлері, ЭКГ өзгерістері.

  26. Ұстамалы тахикардия және жыпылықтаушы аритмия туралы түсінік. Аритмиялар дамуында “re-entry” тетігінің маңызы

  27. Балалардағы аритмиялар дамуының ерекшеліктері

сынамалық тапсырмалар
1. «Көпіршік жасушалардың» түзілуі майлардың жиналуына байланысты

  1. нейтрофилдерде

  2. макрофагтарда

  3. лимфоциттерде

  1. эритроциттерде

  1. эндотелий жасушаларында

2. Атеросклероздың асқынуларына жатпайтыны
А) артериялардың тромбозы
В) веналардың тромбозы
С) тромбоэмболия
D) қолқа қақпақшаларың жеткіліксіздігі
Е) жүректің ишемиялық ауруы
3. Шынайы коронарлық жеткіліксіздіктің себебне жатпайтыны

  1. тарылтатын коронаросклероз

  2. ұстамалы тахикардия

  3. тәж артерияларының тарылуы

  1. миокардта зат алмасу үрдістері бұзылуы

  2. тәждік артериялардың тромбоэмболиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет