Эссенциялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі (ЭГ)
Эссенциялық гипертензия – жүйелер мен ағзалардың біріншілік құрылымдық зақымдануына байланыссыз артериялық қысымның көтерілуімен сипатталатын ауру. Бұл аурудың негізінде тамыр межеқуатын жүйкелік - сұйықтық реттелуінің бұзылуы жатады.
Эссенциялық гипертензия – негізінде тамыр межеқуатын реттеуге қатысатын гендердің мутациясы жататын полигенді ауру. Тұқымқуалаушылыққа бейімділік сыртқы орта ықпалдарының әсерінен дамиды.
Қауіп-қатер жайттары:
Тектік жайттар (тұқымқуалаушылыққа бейімділік)
Бір ұрықтық егіздердегі жоғары сәйкестік
Ата-анасының біреуі АГ-мен ауыратын болса АГ-ның даму қауіптілігі жоғары ( 6 есе)
Жастық шағыңда АГ-ның даму қауіптілігі
АГ-ға бейімді сызықты егеуқұйрықтарды (SHR – spontaneously hypertensive rats) құру
Мембрана арқылы иондар (Са++) тасымалдануының ақаулары
Сыйымдылығы жоғары тамырлар миоциттерінде Са++↑ → бұлшықеттердің тұрақты жиырылуы
Бүйрек өзекшелерінде мембрана арқылы иондар тасымалдануының ақауы → судың және натрийдің ұсталынуы
Эндотелий жасушаларымен өндірілетін эндогенді тамыр кеңейткіштердің (нитроксид, простациклин ж.б. ) өндірілуінің төмендеуіне әкелетін тамыр межеқуатын реттейтін эндотелий-тәуелді тетігінің бұзылуы
Ангиотензиноген тегінің құрылымдық ерекшеліктері
Әлдостеронның алмасуына қатысатын ферменттердің ақауы
Ұзақ уақытқа созылған жан-дүниелік күйзелістер
Адамдарда эмоциялық ауыртпалықтардан кейін АГ жиі дамиды
Кәсібі жан-дүниелік күйзелістермен байланысты адамдарда АГ жиі дамиды
Ас тұзын шамадан тыс артық қабылдағанда (күніне 5 г артық)
Шылым шегу, ішімдік ішу, аз қозғалу, шу, вибрация, түнде жұмыс жасау
Семіру, тамырлардың атеросклерозы, эндокриндік аурулар
Патогенезі
1. Жүйкелік тетік
Қауіп-қатер жайты → АҚ-ды реттейтін орталықтың бұзылысы → қыртыстық үрдістердің динамикасының бұзылыстары (қозу және тежелу) →мыйда тежелудің жеткіліксіздігі → тамыр қимылдатқыш орталық нейрондарында дерттік күшейген қозу ошағы (ДКҚО) түзілуі және дерттік жүйе түзілуі →дербес жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің тұрақты әсерленуі →жүректің жиырылу күші мен жиілігінің жоғарылауы, резистивті тамырлардың тарылуы → ҚМК және ШТЖК↑
2. Гормоналды тетік
Гипоталамус - гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесінің белсенділігінің жоғарылауы→ глюкокортикоидтардың ж.б стресс гормондарының өндірілуі артуы.
Бүйректік тетік .
Ренин-ангиотензин-әлдостерон (РАӘЖ) жүйесінің және өзекшелік эпителийлерінің тұқымқуалайтын ақаулары
Бүйрек ишемиясы нәтижесінде РАӘЖ-нің әсерленуі
Көрнекілік құралдар: тақырыптың мультимедиялық қойылымы
Әдебиеттер
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – С 460-524
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 362-370
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т.- 2009.-С.162-168
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 430-447
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 162-169.
Қосымша
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 159-190
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 452-466
6. Бақылау сұрақтары
1. Артериялық гипертензияның патогенезіндегі жүйкелік тетік
2. Артериялық гипертензияның патогенезіндегі бүйректік тетік
3. Бүйректік гипертензияның дамуындағы гормоналдық тетік
Достарыңызбен бөлісу: |