Патофизиология-2 модулінің міндеттері: Жүрек – қантамыр жүйесінің зақымдалу синдромдарын және негізгі әйгіленімдердің даму патофизиологиясының тетіктерін түсіндіру және білімін біріктіру.
ДӘРІС ЖИНАҒЫ
№ 1 тақырып. Атеросклероз. Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінің түрлері, себептері, миокардтың зақымдану тетіктері.
Мақсаты:
Атросклероздың этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру.
Дәрістің жоспары:
Атеросклероздың қауіп-қатер жайттары.
Атеросклероздың патогенезі.
Атеросклероздың асқынулары. Атеросклероздың алдын-алу шаралары мен емдеудің ұстанымдары.
Коронарлық қанайналым жеткіліксіздігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі.
Дәрістің тезисі:
Атеросклероз – деп серпімді және бұлшықеттік-серпімді түрдегі артериялардың (ірі және орташа) ішкі қабаттарында липидтердің жиналуы мен фиброзды тіндердің қалыптасуы нәтижесінде оның қалыңдауына әкелетін созылмалы ошақты қабыну.
Достарыңызбен бөлісу: |