Өкпелеген үлесінен құр қалады
Қоян-ата көжектеріне көп сәбіз әкеп, бір-бірден бөліп берді. Ең кенжесі –
171
сұр көжек:
Маған қотыр сәбіз бердің, жемеймін, - деп ұртын бұртитты. Жуантық түп жағында бұршақтың үлкендігіндей ғана екі-үш бүртігі бар
сәбізді басқа бір көжек қағып алды да, бір-ақ асады. Сұр көжек аш қалды. Атасы оған:
Солай балам... «Өкпелеген үлесінен құр қалады», - деді.
М. Әлімбаев
Бұғының мүйізі
Көктем кезінде әкесі он жасар Айдана мен жеті жасар Арманды хайуанаттар паркіне алып барған.
Айдана үлкендігі сиырдай бір қоңыр аңды қолымен көрсетіп:
Міне мынау – бұғы, - деді інісіне.
Жо-оқ, бұл бұғы емес. Көрмейсің бе, мүйізі ұқсамайды ғой? Бұғының мүйізі деген үлкен болады, - деді Арман таласып.
Айдана қайта назар аударып, өзі де ойланып қалды. «Расында мынаның
мүйізі бір түрлі екен. Қып-қысқа, құлақтан да оза қоймаған. Ұшы тоқал. Сырты түкті. Тіпті қатты да емес секілді. Өткен күзде көрген бұғының мүйізі мұндай емес, арбиған, аша сияқты еді».
Көке, мынау қандай аң, бұғы ма? – деді ол қасына келген әкесіне
қарап.
Иә, бұғының дәл өзі.
Мүйізі ұқсамайды ғой? – деді Арман.
Е-е, мынау жаңа шығып келе жатқан жас мүйізі ғой. Кейін бұл сала-сала болып, шаңырақтай дәу мүйізге айналады. Ол қыста немесе көктемге қарай түседі де, оның орнына мынадай жаңасы шыға бастайды.
Сонда ол жыл сайын түсе ме?
Иә, жыл сайын көне мүйіз түсіп, жаңа мүйіз шығып отырады.
Қызық екен? – деп таңғалды да, балалар одан әрі қарай бақты аралап
кетті.
Т. Жексенбай
Достарыңызбен бөлісу: |