Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырады:
1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Бағдарлама мазмұнын меңгеру кезеңі);
30
1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптары үшін оқу жылы (Бағдарлама мазмұнын меңгеру кезеңі), оқу жылы бойы мектептің (лицейдің, гимназияның) ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес каникулдар белгіленеді;
1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарынан шығару жыл сайын 31 мамырда жүзеге асырылады;
тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;
мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарын жинақтау тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі жастың барлық кезеңінде балалар әрекеттерінің негізгі түрлері:
ойын – әртүрлі ойындар арқылы балалардың қоршаған әлемді тану қабілеті мен күнделікті әрекетін ұйымдастыру. Ойын түрлері: дидактикалық, қимылды, музыкалық, театрландырылған, сюжетті-рөлдік, драма ойындары және т.б.;
қимылдық – баланың әртүрлі қимыл белсенділігінің түрлері мен мазмұнын тиімді үйлестіру;
коммуникативтік – түрлі нысандарды (әңгімелесу, жағдаяттар құру, сөйлесу, сюжеттік ойындар және т.б.) қолдана отырып, балалардың сөйлеуін дамыту;
еңбек – өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, қол еңбегі, ересектердің еңбегін бақылау; ойындарға арналған заттарды дайындау, макеттер жасау, коллекциялар және оларды безендіру, мерекелерде топ бөлмелеріне арналған әшекейлер дайындау;
танымдық-зерттеушілік - айналаны танып білу және жаңа білімді меңгеру;
бейнелеу әрекеті – сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру және т. б.
музыкалық-көркемдік – музыкалық аспаптарда ойнау, ән салу, тыңдау, қосылып айту, суырып салмалық өнер, ырғақты музыкалық қимылдар;
педагогтің шығарманы оқуы – тыңдау, түсіну, әңгімелеп беру өлеңдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқу, иллюстрацияны қарау, әртүрлі жанрдағы шығармаларды талқылау;
мультфильмдерді, бейнефильмдерді, телебағдарламаларды қарау және талқылау;
өсімдіктер мен жануарларды бақылау барысында заттық және сюжеттік картиналар қарастыру және әңгімелер құрастыру;
31
жағдаяттар құру, әлеуметтік-адамгершілік мазмұнда әңгімелесу, қызықты деректер мен оқиғалар туралы арнайы әңгімелер құрастыру;
билер, музыкалық-ырғақтық би қимылдарын көрсету, халықтық әуендерге бірігіп би шығару, қосылып ән шырқау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |