Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет30/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Жапалақтар мен қарлығаштар

Жапалақтар мен қарлығаштар - ұлттық ойын. Ойын кең, жазық алаңдаөтеді. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де бірінің арқасына бірі арқасын қаратып, екі сан құрып тұрады. Бір қатардағыларды жапалақтар, екіншісін қарлығаштар деп атайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Ол ойыншылардың арасынан жүріп отырып, сөзін үзіп-үзіп, созып сөйлейді: қар (үзіліс) - лы - ғаш немесе жа..., ал сөз аяғын айтпайды. Сонда аты аталған топ бытырап қаша жөнеледі де, аты толық аталмаған топ оларды қуады. Ұсталған ойыншы ұстаған топтың ойыншыларының қатарына қосылады.


Ойын тәртібі: қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншы қолын тигізсе болды. Қай топтың жеңгенін ойын соңында қайсысының саны көп болса, соған қарай шешеді.


Жаяу көкпар

Бұл ойын спорт залында, жазды күні кең жазықта (аулада) ойналады. Жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне құм түйілген ак шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып оны көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сап құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүберекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, Ойынға допты да пайдалануға болады.


50
Бұғынай


Ойынға қатынасушылардың саны 10—25, одан да артық бола береді. Ойынға қатысушылар малдастарын құрып, дөңгелене отырады. Орталарынан бірі ойын жүргізушінің рөлін атқарады. Ол отырған ойыншыларды санай бастайды. «Бірінші бұғынай, екінші бұғынай, үшінші бұғынай...» т. б. ең ақырғы ойыншыға дейін осы тәртіппен санап шығады да, кенеттен бір санды атайды. (Мысалы: «Алтыншы бұғынай»). Сол санның иесі орнынан жылдам тұрады да, бір санды айтып, тез өз орнына малдас құрып отыра қалады. Ол санның иесі де жылдам тұрып, кез келген бір санды айтып, өз орнына қайта отырады. Әрбір айтылған санның иесі осыны қайталаумен болады. Егерде айтылған санның иесі тұра алмай қалса немесе оның орнына басқа біреу тұрса, онда ойынға белгіленген тәртіп бойынша жаза қолданылады. Ол жазасын орындап болған соң, бір санды айтып орнына отырады. Ойын жалғаса береді. Әркім өзіне берілген санды ұмытпауы керек.


Ойын тез қимылдап, жедел шешім қабылдауға, ойда сақтау қабілетін дамытуға дағдыландырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет