Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения



бет32/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222

Тауық қорадағы түлкі

Залдың бір жақ шетіне тауық қораны орналастырады (гимнастикалық орындықтарды пайдалануға болады). Қорада тауықтар ұяда отырады. Залдың қарсы бетінде – түлкінің ұясы. Қалған бос орынның бәрі – аула. Ойынға қатысатын балалардың бірін түлкінің рөліне сайлайды. Қалған балалар – тауықтар. Педагогтің белгісі бойынша тауықтар секіріп түсіп, аулада жүгіреді, қанаттарын қағады, дәнді тұмсықтарымен шоқиды. «Түлкі» деген белгі берілген кезде тауықтар қораға қарай қашып, орындарына отырып алады. Ал, түлкі тауықтарды қолға түсіруге тырысады. Құтылып үлгермеген баланы өзінің ініне алып кетеді. Түлкі 2-3 тауықты қолға түсіргеннен кейін басқа түлкі сайланып, ойын қайта жалғасады.




Допты ұстап алу

Жүргізушіден басқа балалардың бәрі шеңбер құрап тұрады. Балалар допты бір-біріне береді. Жүргізуші шеңбердің сыртында жүреді. Ол допқа қолының ұшын тигізуге тырысады. Егер қолын тигізсе, сол кезде допты ұстап тұрған ойыншымен орын алмасады. Ал, ойыншы шеңбердің сыртына шығады. Ойын қайталанады.


Ойын ережесі: балалар допты бір-біріне берген кезде орнынан шығып кетпеуі тиіс. Жүргізушінің шеңбер ішіне кіруіне тыйым салынады. Допты қалаған бағытқа қарай беруге болады. Бірақ оны тек жанында тұрған балаға ғана береді. Ойын басталған кезде доп жүргізуші тұрған тұстан бастап беріледі.




Мысық пен құстар
52
Үлкен шеңбер сызылады немесе ұзын жіптің көмегімен шеңбер жасайды. Балалар шеңбердің сыртына тұрады. Бір бала мысықтың рөлін орындайды. Ол шеңбердің ішіне тұрады, қалған балалар – құстар. Мысық көзін жұмып, ұйықтайды. Ал, құстар шеңберге секіріп кіреді, ұшады, отырады, дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп, оларды қуалайды. Құстар шеңбердің сыртына қарай қаша жөнеледі. Қолға түскен құстар шеңбердің ішіне тұрады. Біраздан соң басқа мысық сайлайды. Ойын бірнеше рет қайталанады.


Марғаулар мен күшіктер

Ойынға қатысатын балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтағы балалар марғаулардың, екінші топтағылар – күшіктердің рөлін орындайды. Марғаулар гимнастикалық қабырғаның қасында тұрады; күшіктер залдың екінші жағында (орындықтың артындағы үйшікте, бүйірімен қойылған баспалдақтың артында). Педагог марғауларды ақырын жүгіруге шақырады. «Күшіктер!» деген кезде – екінші топтағы балалар орындықтан өрмелеп өтеді. Марғаулардың соңынан төрт аяқтап қуады, үреді. Марғаулар мияулап, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығады. Күшіктер үйшігіне қайтып оралады. Екі-үш рет ойнағаннан кейін орындарымен алмасады. Ойын қайта жалғасады.




Ұшақтар

Балалар ұшақтардың рөлін орындайды. Олар залдың әр жеріне тұрады. Педагог: «Ұшуға дайындал!» деген белгі берген кезде, балалар қолдарын қозғалтып, «ұшақты оталдырады». «Ұшамыз!» деген белгі берілгенде қолдарын алға созып, залды айналып шашырап жүгіреді. «Қонамыз!» деген белгі берілген кезде, ұшақтар тоқтайды, жерге қонады (балалар бір тізесін бүгіп отырады). Ойын 5-6 рет қайталанады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет